Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения об организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан

Бұйрық · № 660 · қабылданған 22.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42957/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения об организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 660 ·22.12.2008
29.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения об организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 660 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения об организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
660
Қабылданған күні
22.12.2008
Көрсетілген редакция
29.04.2010 AI42957_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005414_
ЭКБ идентификаторы
42957
Редакция идентификаторы
AI42957_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:21

0 Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесін бекіту туралы

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмекті одан әрі даму және сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарының ережесі бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды:

1 1) жаңа туған нәрестелер мен балалық шақтағы балалардың есту органдарын міндетті скринингтік тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді;

2 2) балалар мен ерестердің есту қабілетінің бұзылуларын объективті зерттеу әдістерімен уақытылы диагностикалауды енгізу;

3 3) балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы есту аппараттарын қондыруға жіберуді;

4 4) есту қабілеті қатты бұзылған балалық шақтағы балаларды кохлеарлық имплантаттауға жіберуді;

5 5) есту протезін қондыру кезінде, кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін балалар мен жасөспірімдердің есту-сөйлеуін сәйкес оңалтуды;

6 6) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 660 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесі
Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қармастан Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарының міндеттерін, функцияларын, құқықтық және қызметін ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар есту органдарының бұзылулары бар адамдардың ауруын анықтау, емдеу, медициналық және есту-сөйлеу қабілетін оңалту іс-шараларын уақтылы жүргізу мақсатында ұйымдастырылады.

2 2. Сурдологиялық көмек есту органдарының бұзылулары бар адамдардың ауруын уақтылы анықтауды, емдеуді, есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды, есту органдарын протездеуді және түзету-педагогикалық көмекті қамтиды.

3 3. Халыққа сурдологиялық көмекті бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

4 4. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас сурдолог маман (республикалық, облыстық, қалалық) үйлестіреді.

2 2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері

5 5. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

1 1) жатырішілік даму кезеңін қоса алғанда, балалардың арасындағы есту органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

2 2) жаңа туған және ерте шақтағы балаларды скринингтік тексеруді енгізу және жүргізу жолымен жаңа туған кезеңнен бастап балалардың есту патологиясы мен бұзылуларын анықтау;

3 3) емдеудің барлық кезеңдеріне жалғастыруды сақтай отырып, ерте шақтағы балалардың есту бұзылуларын емдеуді және түзетуді уақтылы бастау;

4 4) есту және сөйлеу бұзылулары бар адамдарды емдеудің консервативтік әдісін, медициналық-педагогикалық оңалту, жеке естуді протездеу және кохлеарлық имплантация жасауды қоса алғанда, уақтылы медициналық оңалту.

3 3. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін ұйымдастыру

6 6. Қазақстан Республикасының халқына амбулаторлық-емханалық сурдологиялық көмек көрсету жұмысын басқаратын негізгі құрылымдық бірлік сурдологиялық кабинет болып саналады.

7 7. Сурдологиялық кабинет өңірдегі халықтың санына сәйкес есептеліп ұйымдастырылады:

ересектер үшін – 100 мың ересекке 1 кабинет;
балалар үшін – 40 мың балаға 1 кабинет.

8

8. Халыққа (ересектерге немесе балаларға) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін сурдологиялық кабинет көп бағдарлы өңірлік (облыс, қала, аудан) денсаулық сақтау ұйымы базасында ұйымдастырылады. Сурдологиялық кабинет олардың жарғылық қызметімен көзделген тәртіппен сурдологиялық көмек көрсететін мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылымында құрылуы мүмкін.

9 9. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйым балаларға немесе ересектерге арнайы сурдологиялық көмек көрсету үшін жеке заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзінің штаты және жабдықтары болады немесе екі кабинеттің штаттарын сақтай отырып, қосылуы мүмкін.

10 10. Амбулаторлық-емханалық сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар мынадай үй-жайлардан тұрады:

1 1) қабылдауды күтетін холл;

2 2) тіркеу орны;

3 3) меңгерушінің кабинеті;

4 4) дәрігер-сурдологтың кабинеті;

5 5) үндес және ойын аудиометрия жүргізуге арналған кабинет;

6 6) сөйлеу аудиометриясын жүргізуге, бос дыбыс өрісі аудиометриясын және есту аппараты жұмысының режимін анықтауға арналған кабинет;

7 7) функционалдық диагностика кабинеті (импендансометрия, шақырылған есту потенциалдарын, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, вестибулометрия);

8 8) мамандар кабинеті – невропатолог, сурдопедагог, логопед, психолог;

9 9) жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған отопластикалық зертхана.

11 11. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымға есту органдарының патологиясы бар адамдарды негізі мамандар (педиаторлар, терапевтер), сонымен бірге нақты мамандар (оториноларингологтар, психиаторлар, невропатологтар, логопедтер т.б.) жолдама береді.

12 12. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтар тізімі болу керек.

13 13. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда зерттеудің қазіргі заманғы әдістемелерін қолданып, консультациялық-диагностикалық сурдологиялық көмек көрсетіледі және мынадай есту бұзылулары бар адамдар динамикалық бақылауда болады:

1 1) 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде арнайы білім беретін ұйымдардың оқушылары.

2 2) құлақ мүкісі үдеу үстіндегі науқастар;

3 3) біржақты құлақ мүкісі бар сырқаттар;

4 4) есту қабілетін жақсартуды, есту қабілетін сақтауды қажет ететін сырқаттар;

5 5) кохлеарлық имплантация операциясын жасауды қажет ететін сырқаттар (операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде).

14 14. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда мынадай көмек көрсетіледі:

1 1) жаңа туған және ерте шақтағы балаларға скринингтік тексерулер;

2 2) нақты зерттеу әдістерімен есту қабілетінің бұзылуларын диагностикалау;

3 3) есту органдарын протездеу (есту аппаратын жеке таңдау, жеке құлақ салымшаларын дайындау, есту аппаратына үйрену (реэдукация);

4 4) кохлеарлық имплантация (кандидаттарды операцияға іріктеу, операция, сөйлеу процессорын қосу және реттеу);

5 5) есту органдарын протездеудің сәйкестігін динамикалық байқау және бақылау;

6 6) есту-сөйлеу қабілетін оңалту (сөйлеу мен қалған есту қабілетін дамыту).

15 15. Сурдологиялық кабинетте бір сырқатты тексеру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нормативтік уақытқа сай жүзеге асырылады.

16

16. Сурдологиялық көмек аудиологиялық скринингтен басталады. Ол жаңа туған және ерте шақтағы балалардың отоакустикалық эмиссиясын тіркеу әдісімен жүргізіледі. Ерте шақтағы балаларда аудиологиялық скрининг белгіленген мерзімдерде жүргізіледі: 1 жасқа дейін – тоқсан сайын, 3 жасқа дейін алдыңғы скринингке қарамастан – жылына екі рет.

17 17. Аудиологиялық скринигтің нәтижесі жаңа туған және ерте шақтағы балалардың даму сырқатнамасына жазылады. Балада есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайда тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер жүргізіледі.

18 18. Тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер есту кемістігінің дәрежесін анықтау және есту органдарын протезеудің, кохлеарлық имплантацияның, естуді жақсарту операцияларының, есту-сөйлеу қабілетін оңалтудың қажеттігін уақтылы шешу мақсатында жүргізіледі.

19 19. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес адамдардың есту органдарын міндетті түрде протездеу жақсы еститін құлағының есту шегі төмендегідей болғанда жүргізіледі:

1 1) 15 жасқа дейінгі балаларда – 31 децибел және одан жоғары;

2 2) ересектерде – 41 децибел және одан жоғары.

20 20. Балалар мен ересектердің есту органы екі жақты зақымданған жағдайда бинауралдық протездеу жүргізіледі.

21 21. Есту қабілетінің төмендеуіне байланысты сөйлеу кемістігі бар балаларға сурдопедагогикалық көмек қажет, оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жібереді.

22 22. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар олардың жарғылық қызметімен көзделген тәртіппен есту аппараттары мен кохлеарлық имплантаттау жүйесіне сервистік техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсете алады.

23 23. Есту органдарының ауруы бар адамдарға стационарлық медициналық көмек ауруханалық медициналық көмек көрсететін көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдарының салалық ЛОР-бөлімшесінде көрсетіледі (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық).

24 24. Құрамында халыққа (ересек немесе балаларға) медициналық көмек көрсететін салалық ЛОР-бөлімшесі бар республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында сол ұйымның штаттық санына кіретін Республикалық сурдологиялық кабинет құрылады.

25 25. Республикалық сурдологиялық кабинет аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) сурдологиялық кабинеттерге халыққа сурдологиялық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

1 Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтарының ең аз тізбесі

Қазақстан Республикасының
халқына сурдологиялық
көмек көрсететін ұйымдар
туралы ережеге
1-қосымша
Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтарының ең аз тізбесі
N
Жаб­дық­тың ата­уы
Са­ны (да­на/ жиын­тық)
1
2
3
Ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар
1.
Үн­дес және сөй­леу ті­лі­нің аудио­мет­ри­я­сын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет
1.1
Ішіне ор­на­ты­л­ған зо­райт­қы­шы және Print View 1.15 бағ­дар­ла­ма­лық қам­сыздан­ды­ры­луы, ком­пью­тер мен прин­тер­ге қо­су­ға ар­нал­ған ка­бе­лі бар кли­ни­ка­лық аудио­метр (үн­дес ауа және сүй­ек аудио­мет­ри­я­сы, жо­ға­ры жи­і­лік­ті аудио­мет­рия, бос ды­быс ала­ңын­да­ғы аудио­мет­рия, сөй­леу ті­лі­нің аудио­мет­ри­я­сы, аудио­мет­рия нәти­же­ле­рін прин­тер­мен ба­сып шы­ға­ру)
1
1.2
Ер­кін ды­быс ала­ңын­да­ғы аудио­мет­ри­я­ға ар­нал­ған ко­лон­ка­лар
3
1.3
Ер­кін ды­быс ала­ңын­да­ғы аудио­мет­ри­я­ға ар­нал­ған түр­лі-тү­сті па­нель­дер
3
1.4
Ой­ын аудио­мет­рі
1
1.5
Ер­те шақ­та­ғы ба­ла­лар­дың есту қа­бі­ле­тін зерт­те­у­ге ар­нал­ған пе­ди­ат­ри­я­лық аудио­метр
1
1.6
Ка­мер­тон­дар жи­на­ғы (С64-С4000)
1
1.7
Се­кун­до­мер
1
1.8
Ком­пью­тер прин­те­рі­мен
1
2.
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті
2.1
Ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу мо­ду­лі­мен, дер­бес ком­пью­тер мен ар­найы ком­пью­тер­лік қо­сым­ша ба­за­сын­да жа­ңа туы­л­ған нә­ре­сте­лер­дің есту қа­бі­ле­тін скри­нинг­те­у­ге ар­нал­ған мо­дуль­мен бір­ге ми қа­бығ­ы­ның қай­та­ры­л­ған есту по­тен­ци­ал­да­рын (ҚЕП) тір­ке­удің аудио­мет­ри­я­лық мо­ду­лі
1
2.2
Кли­ни­ка­лық тим­па­но­метр/им­пе­дан­со­метр
1
2.3
Қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу қон­дыр­ғы­сы (егер жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­дің және ер­те шақ­та­ғы ба­ла­лар­дың есту қа­бі­ле­тін скри­нинг­те­уді жер­гі­лік­ті жер­лер­де жүр­гі­зу көз­дел­ген бол­са және егер ҚЕП-ті тір­ке­у­ге ар­нал­ған мо­дуль ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу мо­ду­лі­мен то­лық­ты­рыл­ма­ған бол­са)
1
2.4
Оку­ло­гра­фия және ни­с­таг­мо­гра­фия (дер­бес ком­пью­тер­мен ар­найы ком­пью­тер­лік қо­сым­ша ба­за­сын­да) неме­се френт­цель кө­зіл­дірі­гі.
1
2.5
Ба­ра­ни крес­ло­сы
1
3.
Сөй­леу ті­лі­нің аудио­мет­ри­я­сын жүр­гізу­ге және есту ап­па­ра­ты­ның жұ­мыс ре­жи­мін нақ­ты­ла­у­ға ар­нал­ған ка­би­нет
3.1
Есту ап­па­рат­та­ры­ның ана­ли­за­тор­ла­ры
1
3.2
Прин­те­рі және есту ап­па­рат­та­рын ірік­теп таң­дау мен күй­іне кел­ті­ру­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­сы бар ком­пью­тер
1
ЛОР-ас­пап­тар мен ЛОР-жаб­дық­тар­дың ең аз жи­на­ғы
1.1
Мұ­рын ай­на­сы
20
1.2
Кө­мей ай­на­сы
20
1.3
Мұ­рын-жұт­қын­шақ ай­на­сы
20
1.4
Құ­лақ во­рон­ка­ла­ры
20
1.5
Әр түр­лі зондтар
40
1.6
Шпа­тел­дер
40
1.7
Құ­лақ­ты үр­ле­у­ге ар­нал­ған ка­те­тер
10
1.8
Құ­лақ­қа ар­нал­ған іс­тік пин­цет­тер
5
1.9
Жоне шпри­ці
3
1.10
Зиг­ле во­рон­ка­ла­ры
2
1.11
По­лит­цер бал­ло­ны
2
1.12
Бүй­рек тә­р­із­дес аста­у­ша­лар
20
1.13
Маң­дай ре­флек­то­ры
2
1.14
Ото­скоп
2
1.15
За­рар­сыздан­дыр­ғыш
1
1.16
За­рар­сыздан­ды­ры­л­ған ма­те­ри­ал­ға ар­нал­ған бикс­тер
6
1.17
Спир­тов­ка
2
1.18
ЛОР үсте­лі
2
1.19
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
2
1.20
Кварц­те­у­ге ар­нал­ған шам
3
1.21
Үстел ша­мы
2
1.22
Па­ци­ент крес­ло­сы
1
Оқу-оңал­ту жаб­дық­та­ры мен ас­пап­та­ры
1.1
Же­ке есту-сөй­леу тре­на­же­ры
1
1.2
Топ­та (4-6 адам) жұ­мыс іс­теу үшін FM тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­на­тын сым­сыз оқу сы­ны­бы
1
1.3
Дер­бес ком­пью­тер ба­за­сын­да­ғы сур­до­ло­го­пе­ди­я­лық тре­на­жер
1
1.4
Му­зы­ка­лық ор­та­лық
1
1.5
Ти­е­сі­лі жа­рақ­та­ры­мен есту ап­па­рат­та­ры­ның жиын­тығы (жиын­тық­қа сан­ды және ұқсас бағ­дар­ла­ма­ла­на­тын 10 есту ап­па­ра­ты кі­ре­ді)
1
1.6
Ин­дук­ци­я­лық жүй­е­лер (ин­дук­ци­я­лық іл­мек жүй­е­ле­рі)
1
1.7
Ло­го­пед­тік зондтар жи­на­ғы
1
1.8
Қа­быр­ға ай­на­сы
1
1.9
Үстел ай­на­сы
1
1.10
Мек­теп тақ­та­сы
1
1.11
Сур­до­пе­да­гог, ло­го­пед ка­би­не­тіне ар­нал­ған ди­а­гно­сти­ка­лық, ди­дак­ти­ка­лық және ой­ын ма­те­ри­ал­да­ры­ның жиын­тығы
1
Нев­ро­па­то­лог дә­рі­гер­дің жаб­дық­та­ры мен ас­пап­та­ры­ның жиын­тығы
1.1
Нев­ро­ло­ги­я­лық бал­ға
1
1.2
Жа­нар­дың жа­рық­қа әсе­рін зерт­те­у­ге ар­нал­ған нев­ро­ло­ги­я­лық қол­шам
1
Пси­хо­лог­тың ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­та­ры­ның жиын­тығы
1.1
Пси­хи­ка­лық функ­ци­я­лар­ды зерт­те­у­ге ар­нал­ған әді­сте­ме­лер
1
Же­ке құ­лақ са­лым­ша­ла­рын да­яр­ла­у­ға ар­нал­ған ото­пла­сти­ка­лық зерт­ха­на
1.1
Же­ке құ­лақ са­лым­ша­ла­рын да­яр­ла­у­ға ар­нал­ған жаб­дық­тар мен шы­ғын ма­те­ри­ал­да­ры­ның жиын­тығы
1
Есту ап­па­рат­та­ры­на сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ин­же­нер­дің жаб­дық­та­ры мен ас­пап­та­ры
1
Дә­рі­гер­лік, пе­да­го­ги­ка­лық және тех­ни­ка­лық пер­со­нал­ға ар­нал­ған жи­һаз­дар жи­на­ғы
1.1
Дә­рі­гер­дің ка­би­не­тіне ар­нал­ған жи­һаз­дар жиын­тығы
4
1.2
Ло­го­пед­тер­ге, сур­до­пе­да­гог­тар­ға және пси­хо­лог­тар­ға ар­нал­ған жи­һаз­дар жиын­тығы
3
1.3
Ото­пла­сти­ка­лық зерт­ха­на­ға ар­нал­ған жи­һаз­дар жиын­тығы
1
1.4
Есту ап­па­рат­та­ры­на сер­ви­стік және жөн­деу қыз­ме­тін көр­се­ту жө­нін­де­гі ин­же­нер­ге және аку­стик ин­же­нер­ге ар­нал­ған жи­һаз­дар жиын­тығы
2
1.5
Ба­ла­лар жи­һа­зы
2
1.6
Жөр­гек­ке ора­у­ға ар­нал­ған үстел
1
1.7
Жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған ке­ре­ует
1
1.8
Ку­шет­ка
1

2 Сурдологиялық кабинетте бір емделушіні қарауға арналған уақыт нормативтері

Қазақстан Республикасының
халқына сурдологиялық
көмек көрсететін ұйымдар
туралы ережеге
2-қосымша
Сурдологиялық кабинетте бір емделушіні қарауға арналған уақыт нормативтері
Ма­ман­ның қа­был­да­уы:
ми­нут­пен
- ере­сек­тер­ге ар­нал­ған сур­до­лог дә­рі­гер
30
- ба­ла­лар­ға ар­нал­ған сур­до­лог дә­рі­гер
40
- есту ап­па­рат­та­рын таң­дау жө­нін­де­гі ма­ман
40
- нев­ро­па­то­лог дә­рі­гер
20
- сур­до­пе­да­гог, ло­го­пед және пси­хо­лог:
а) ба­стап­қы қа­был­дау
30
б) пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық тек­се­ру және әле­умет­тік кө­мек
60
Аудио­мет­ри­я­лық тек­се­ру­ді жүр­гі­зу:
- үн­дес аудио­мет­рия
30
- ер­кін ды­быс ала­ңын­да­ғы үн­дес аудио­мет­рия
30
- шек­ті ме­же ал­дын­да­ғы аудио­мет­рия
30
- ой­ын аудио­мет­ри­я­сы
40
- сөй­леу ті­лі­нің аудио­мет­ри­я­сы
40
- им­пе­дан­со­мет­рия
30
- ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу
30
- қай­та­ры­л­ған есту по­тен­ци­а­лын тір­кеу
60

Қолданыстағы