Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылында ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына, ауыл шаруашылық малдардың сарып ауруының алдын алу және жою жөніндегі Ереже негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылында ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді алу туралы от 17.11.2008 г. № 235/11 (Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылында ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді алу туралы)
1. Лебяжі ауданының Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылында ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу алынсын.
2. Нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 12-9-50 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 желтоқсандағы аудандық «Аққу үні» №53 (7237) газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 227/11 «Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылында ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.
Келісілді:
Лебяжі ауданының бас
мемлекеттік ветеринарлық
инспекторы
«10» қараша 2008 жыл
Е.А. Әлімғазин