Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий

Бұйрық · № 586 · қабылданған 18.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43033/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий Күшін жойған Бұйрық ·№ 586 ·18.12.2008
20.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 586 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий
Атауы (қаз.)
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
586
Қабылданған күні
18.12.2008
Көрсетілген редакция
20.02.2012 AI43033_4.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005415_
ЭКБ идентификаторы
43033
Редакция идентификаторы
AI43033_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:24

0 Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі бекітілсін.

2

2. "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы N 197 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымда N 4763 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 20 шілдеде N 110 (1313 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 586 бұйрығымен
бекітілген
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі

1 1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) беру тәртібін, сондай-ақ депозитарийдің деректерін пайдалану тәртібін анықтайды.

2 2. Депозитарий – пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен ұйымдар жыл сайын өткізетін қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.

3 3. Депозитарий екі: негізгі және қосымша кіші бөлімнен тұрады.

Депозитарийдің негізгі кіші бөлімі осы Ережеге қосымшасында көрсетілген депозитарий ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштерін қамтиды.
Қосымша кіші бөлім ұйымдардың қаржылық есептілігін қамтиды.

4 4. Ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 30 қазанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті депозитарийдің дерекқорын жүргізуді жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) береді.

Еншілес ұйымдары бар ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті береді.

5

5. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар Уәкілетті ұйымға сондай-ақ аудиторлық есепті Acrobat Reader электрондық форматында (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканирленген көшірмесі) береді.

6 6. Ұйымдар депозитарийге беретін қаржылық есептілік мыналарды

қамтиды:

1 1) бухгалтерлік баланс;

2 2) табыстар мен шығындар туралы есеп;

3 3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4 4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5 5) түсіндірме жазба;

және Уәкілетті ұйым әзірлеген "Қаржылық есептілік депозитарийі" мамандандырылған бағдарламалық қамтымының (бұдан әрі – бағдарламалық қамтым) клиенттік бөлігінің көмегімен депозитарийге тапсыруға
қалыптастырылады.

7 7. Ұйымдар қаржылық есептілікті депозитарийге мынадай тәртіпте ұсынады:

1 1) Уәкілетті ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (дискеталарда, салынбалы дискілерде және тағы басқалары) немесе депозитарийдің веб-сайтында алуға болатын бағдарламалық қамтым арқылы қаржылық есептілікті дайындайды. Бағдарламалық қамтумен жұмыс істеу

нәтижесінде оған ұлттық куәландырушы орталық берген ұйымның немесе
ұйымның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол
қойылуы тиіс ұйымның қаржылық есептілігі бар бір мұрағат файлы (бұдан әрі – электрондық есеп) қалыптастырылады.

2 2) депозитарийдің веб-сайтында көрсетілген Уәкілетті ұйымның электрондық мекен-жайына немесе Уәкілетті ұйымның өңірлік

бөлімшелеріне электрондық есепті жібереді.
Ұйымдар Уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті Acrobat Reader электрондық форматында (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканирленген көшірмесі) қосымша бере алады.

8 8. Бағдарламалық қамтамасыз етумен қалыптастырылған және

қаржылық есептілікті дайындау нәтижесінде одан шығарылған қағаз
тасығыштағы электрондық есепті қалыптастыру туралы есеп, оған бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қоюға және ұйымда сақталуға жатады.

9 9. Уәкілетті ұйым ұйымның электрондық есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ұйымның электрондық мекен-жайына

қаржылық есептілікті депозитарийге енгізу немесе электрондық есепті
қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.

10 10. Ұйымның осы Ереженің 6 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптардың сақтамауы Уәкілетті ұйымның қаржылық есептілікті

қабылдауынан бас тартуға негіз болып табылады.

1 Ұйымның сәйкестендіру көрсеткіштері Қаржылық есептілік депозитарийі

Қаржылық есептілікті
депозитарийге беру
ережесіне қосымша
Ұйымның сәйкестендіру көрсеткіштері Қаржылық есептілік депозитарийі
Р/б N
К ө рсет­кіш
Т ү сін­дір­ме
1
БИН
Ұй­ым­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
2
Код ОК­ПО
Ұй­ым­ның сәй­кест­iрiл­ген ко­ды
3
СТН
Са­лық тө­ле­у­ші ұй­ым­ның тір­кеу нө­мі­рі (СТН)
4
Тiр­кел­ген нө­мі­рi
Ұй­ым­дар­дың тiр­кел­ген­де­гi (қай­та тір­кел­ген­де­гі) берiл­ген сәй­кест­iрiл­ген ко­ды
5
Мем­тір­кел­ген кү­ні
Ұ йым­ны ң мем­ле­кет­тік тір­кел­ген ( қ ай­та тір­кел­ген) к ү ні
6
Ата­уы
Ұй­ым­ның то­лық ата­уы
7
Ор­на­лас­қан же­рі
Ұ йым­ны ң за ң ды ме­кен-жайы (по­шта­лы қ ин­дек­сі, об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше­нің ата­уы, ү йді ң н ө мі­рі, п ә тер, те­ле­фон, факс, веб-сайт , e-mail)
8
Бас­шы (жо­ға­ры ла­у­а­зым­ды тұл­ға)
Ұ йым­ны ң бі­рін­ші бас­шы­сы­ны ң (жо ғ ары ла­у­а­зым­ды т ұ л ғ аны ң ) те­гі, аты-ж ө ні ж ә не ЖСН
9
Бух­гал­тер
Ұ йым­ны ң бас бух­гал­те­рі­ні ң те­гі, аты-ж ө ні ж ә не ЖСН

Қолданыстағы