Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок фиксированного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности

Өзге акт · № 169 · қабылданған 24.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43057/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ставок фиксированного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности Күшін жойған Өзге акт ·№ 169 ·24.12.2008
25.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок фиксированного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности

Күшін жойған Өзге акт ·№ 169 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок фиксированного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности
Атауы (қаз.)
Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
169
Қабылданған күні
24.12.2008
Көрсетілген редакция
25.04.2019 43057_402674.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KA000082
ЭКБ идентификаторы
43057
Редакция идентификаторы
43057_402674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:14

0 Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына , Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды қаласында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 9 қарашадағы ІІІ сессиясының "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 24 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-65, "Взгляд на события" газетінде 2007 жылғы 21 қарашада N 131 (319) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (төрайымы Боранқұлова Сәния Нұртасқызы) жүктелсін.

4 4. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

5 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 169

Қарағанды қалалық мәслихатының шешіміне
қосымша
Рет
N
Салық салу объектісінің атауы
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
25
5.
Карт
3
6.
Бильярд үстелі
18

Қолданыстағы