Құжат мәтініне өту

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Өзге акт · № 184 · қабылданған 24.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43060/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Күшін жойған Өзге акт ·№ 184 ·24.12.2008
23.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 184 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
Атауы (қаз.)
Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
24.12.2008
Көрсетілген редакция
23.12.2009 43060_184778.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KA000085
ЭКБ идентификаторы
43060
Редакция идентификаторы
43060_184778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:15

0 Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды қаласы оқушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдіктермен жүру 2009 жылға белгіленсін:

1 1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда - тегін жүру (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);

2

2) жалпы білім беретін оқу орындарының, лицейлер мен кәсіптік мектептердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларына, колледж оқушыларына (тоғызыншы сыныптың негізінде біріншіден екінші курсқа дейін) - құны 400 теңге тұратын оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);

3

3) барлық меншік түріндегі кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждер (он бірінші сыныптың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғаларға құны 1300 теңге тұратын жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда).

2

2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер 2009 жылдың жаз мезгілінде (1 маусымнан 31 тамызға дейін) сақталсын:

1 1) жетім балаларға;

2 2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;

3 3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға;

4 4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға;

5 5) көп балалы отбасы балаларына;

6 6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға;

7 7) жалғыз басты аналар балаларына.

3

3. "Шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға берiлетiн субсидиялар" 311 ерекшелігі, "Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдікпен жүру" 100 кіші бағдарламасы бойынша, "Білім ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерiн әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша 459 172 мың теңге сомасында Қарағанды қаласының 2009 жылға арналған бюджетінен қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.

4

4. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы ІV сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 50 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-67, "Взгляд на события" газетінде 2008 жылғы 25 қаңтарда N 008 (337) жарияланған).

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы).

6 6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзiледi.

Келісілді:
"Қарағанды қаласының
білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ж. Жылбаев

Қолданыстағы