Об единых республиканских правилах прохождения разрешительных процедур на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений в жилых зданиях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об единых республиканских правилах прохождения разрешительных процедур на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений в жилых зданиях
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат алу рәсімдерінен өтудің бірыңғай республикалық ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1562
- Қабылданған күні
- 17.10.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2009 AI4315_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001562_
- ЭКБ идентификаторы
- 4315
- Редакция идентификаторы
- AI4315_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:52
0 Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат алу рәсімдерінен өтудің бірыңғай республикалық ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
" Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы " 1992 жылғы 4 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы " 1993 жылғы 22 қазандағы, " Тұрғын үй қатынастары туралы " 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлықтарын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті жобалау, жұмыстар жүргізу және пайдалану кезінде құрылыс нормалары мен ережелерін, өзге де нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз етуді және тұрғын ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат алу рәсімдерінен өтеудің ықшамдалған тәртібін көздейтін бірыңғай республикалық Ережелерді (бұдан әрі - Ережелер) әзірлесін, белгіленген тәртіппен бекітсін және қолдануға енгізсін.