Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями

Бұйрық · № 601 · қабылданған 23.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43155/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями Күшін жойған Бұйрық ·№ 601 ·23.12.2008
25.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями

Күшін жойған Бұйрық ·№ 601 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями
Атауы (қаз.)
Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
601
Қабылданған күні
23.12.2008
Көрсетілген редакция
25.09.2012 AI43155_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005457_
ЭКБ идентификаторы
43155
Редакция идентификаторы
AI43155_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:17

0 Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы

2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қаматамасыз етсін.

3

3. "Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 564 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4015 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 1 ақпандағы N 16 (996) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Ж.А. Досқалиев
_______________
2008 жылғы 29 желтоқсан

0 Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 601 бұйрығымен
бекітілген
Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне және " Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы " Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелер тұтынатын этил спиртіне квота этил спиртінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша мемлекеттік уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды.

3 3. Этил спиртін өндірушілер фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге (бұдан әрі - алушылар) этил спиртін мемлекеттік өкілетті органның рұқсаты негізінде өткізеді.

Алушылар тізбесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен бекітіледі.

4 4. Осы Ережедегі рұқсат ету деп этил спиртін өндірушілерге (бұдан әрі - жеткізуші) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, акциз төлемінсіз этил спиртін сатуға құқық (бұдан әрі - Рұқсат) беретін актіні айтады.

5 5. Рұқсатты өкілетті орган көлемін көрсете отырып, бір жылдан артық емес мерзімге әрбір алушының этил спиртіне қажеттілігін растайтын бекітілген тізбе негізінде береді.

6 6. Рұқсат көшірмесі берілгеннен кейін он күн ішінде денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына жіберіледі

2 2. Алушылардың акциз төлемінсіз этил спиртін пайдаланатын және өткізетін көлемін квоталау процесін жүзеге асыру

7 7. Этил спиртін тұтыну көлемдерінің квотасын анықтау алушылардың тоқсандыққа шаққандағы келесі жылға белгіленетін этил спиртін тұтыну көлемдері туралы өтінімдерінің (бұдан әрі - өтінім) негізінде жүзеге асырылады.

8 8. Уәкілетті орган жыл сайын мекен-жайын көрсете отырып жеткізушілердің тізбесін ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына ұсынады.

9 9. Алушылар негізделген есептерімен бірге (қолданылатын технологиясын ескеретін нормалар бойынша) өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласының уәкілетті органының аумақтық органдарына табыс етеді.

10

10. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органының аумақтық органдары келесі жылы алушылардың этил спиртін тұтыну көлемдері бойынша негізделген есептерімен жиынтық өтінімдерді әрбір алушыға шағып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қарашасынан қалдырмай денсаулық сақтау саласының уәкілетті органға табыс етеді.

11 11. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы квота бөлу үшін келесі жылға алушылардың (облыстар бойынша шағып) этил спиртін тұтынуының жалпы жылдық көлемін жыл сайын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға береді.

12 12. Жеткізушілер акциз төлемінсіз этил спиртін алушыларға өткізу уәкілетті органмен берілген Рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

13

13. Қосымша квоталау денсаулық сақтау саласының уәкілетті органның ынтасы бойынша өндірілетін өнімнің мөлшерін ұлғайған жағдайда жаңа фармацевтік препараттарды өндіруге, сондай-ақ қосымша медициналық қызмет көрсетуге қажетті этил спиртін акциз төлемінсіз өткізу үшін Рұқсат алу мақсатында жүргізілуі мүмкін.

14 14. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған квота оның келесі жылы пайдаланылуына негіз бола алмайды.

15 15. Жеткізушінің лицензиясы кері қайтарылған, қызметін тоқтатқан, оның ішінде қызметі уақытша тоқтап тұрған, қайта құрылған немесе таратылған жағдайда, уәкілетті орган денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен келісім бойынша алушыны басқа жеткізушіге жолдайды.

3 3. Рұқсаттың әрекетін тоқтату шарттары

16 16. Спиртті босату Рұқсатының күші мынадай жағдайда тоқтатылады:

1 1) Рұқсат берілген мерзім біткенде;

2 2) Рұқсатқа сәйкес сатып алынған этил спиртінің толық көлемі пайдаланылғанда;

3 3) алушының Рұқсатын сотпен айыру;

4 4) ұйымдастыру-құқықтық түрінің өзгеруін қоспағанда, алушының қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру немесе тарату.

17 17. Рұқсатты алып қою мынадай жағдайларда:

1 1) этил спиртін мақсатсыз пайдалану денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен анықталған жағдайда;

2 2) алушы денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.

4 4. Этил спиртін мақсатты тұтынуға бақылау жасау

18 18. Акциз төлемінсіз этил спиртін өткізуге бақылауды тікелей уәкілетті орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

19 19. Алушылардың этил спиртін мақсатты тұтынуына бақылауды денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы жүзеге асырады.

20 20. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушылардың этил спиртін тұтынуы туралы уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.

Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей беріледі.

1 200_ ж.____ этил спиртін емдік дәрі-дәрмектерді дайындау үшін және медициналық қызмет көрсету үшін пайдаланатын фармацевтикалық және мемлекеттік медициналық кәсіпорындарда мекемелер т ізбесінің нысаны

Фармацевтикалық кәсіпорындар
мен мемлекеттік медициналық
мекемелерде этил спиртін
пайдалану және акциз төлемінсіз
өткізу көлемін квоталау
ережесіне 1-қосымша
200_ ж.____ этил спиртін емдік дәрі-дәрмектерді дайындау үшін және медициналық қызмет көрсету үшін пайдаланатын фармацевтикалық және мемлекеттік медициналық кәсіпорындарда мекемелер т ізбесінің нысаны
N р/с
Алушы­ның ата­уы
Ме­кен-жай (ор­на­лас­қан ор­ны)
200__­жы­л­ға та­лап еті­ле­тін этил спир­ті­нің кө­ле­мі, литр
Бар­лы­ғы
I тоқ­сан
II тоқ­сан
III тоқ­сан
IV тоқ­сан
1.
2.
....

2 Этил спиртін босатуға N ________ рұқсат ету нысаны

Фармацевтикалық кәсіпорындар
мен мемлекеттік медициналық
мекемелерде этил спиртін
пайдалану және акциз төлемінсіз
өткізу көлемін квоталау
Ережелеріне 2-қосымша
Этил спиртін босатуға N ________ рұқсат ету нысаны
Астана қ.                                 200_ ж. "___"__________
__________________________________________________________________
              (этил спиртін өндірушінің атауы)
__________________________________________________________________
             (заңды мекен-жайы, орналасқан жері)
қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласының мемлекеттік уәкілетті органымен бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелер мен фармацевтік кәсіпорындарға медициналық қызмет пен қызмет көрсетуді 200___ ж., іске асыру үшін акциз төлемінсіз этил спиртін _______________ литр көлемінде өткізуге рұқсат етіледі.
Рұқсат мерзімі
__________________________________________________________________
(белгіленген күнге дейін немесе белгіленген көлемін пайдаланғанға
                              дейін)
____________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы)
Уәкілетті органның М.О.

3 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерінің 200__ жылдың ____ тоқсанында этил спиртін тұтыну туралы есебінің нысаны

Фармацевтикалық кәсіпорындар
мен мемлекеттік медициналық
мекемелерде этил спиртін
пайдалану және акциз төлемінсіз
өткізу көлемін квоталау
Ережелеріне 3-қосымша
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерінің 200__ жылдың ____ тоқсанында этил спиртін тұтыну туралы есебінің нысаны
N р/с
Алушы­ның ата­уы
Есеп­ті жы­л­ға бел­гі­лен­ген кво­та, литр су­сыз (жүз пай­ыз) спирт
Есеп­ті тоқ­сан үшін этил спир­ті­нің нақ­ты алын­ға­ны, (өсу қо­ры­тындыс­ы­мен) литр, су­сыз (жүз пай­ыз) спирт
Есеп­ті тоқ­сан үшін этил спир­ті­нің нақ­ты қал­ға­ны литр, су­сыз (жүз пай­ыз) спирт
1
2
3
4
5
1.
2.
...
Бар­лы­ғы
__________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы)
Денсаулық сақтау саласының
                                      уәкілетті органының М.О.

Қолданыстағы