О защите прав авторства и борьбе с контрафакцией
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О защите прав авторства и борьбе с контрафакцией
- Атауы (қаз.)
- Авторлық құқықтарды қорғау және заңсыз иеленуге қарсы күрес туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 735
- Қабылданған күні
- 22.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 22.08.1999 4331_235570.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99R000071_
- ЭКБ идентификаторы
- 4331
- Редакция идентификаторы
- 4331_235570
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:57
Авторлық құқықтарды қорғау және заңсыз иеленуге қарсы күрес туралы
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 10.02.2003 № 14 шешімімен.
Тауарлар өндіру және сату саласындағы, интеллектуальдық меншікті пайдаланудағы, заңсыз қызмет фактілерінің көбеюіне байланысты Алматы қаласындағы тауар нарығындағы өте қолайсыз жағдайды ескеріп, Қазақстан Республикасындағы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы" N 6-1 Заңын, 1993 жылғы 18 қаңтардағы " Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атаулары туралы", 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427-1 "Қазақстан Республикасы патент Заңының" талаптарын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті атқару органдары туралы" Заңына сәйкес, азаматтар мен отандық тауар өндірушілер құқықтарын, мүдделерін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қалалық авторлық құқықтарды қорғау және заңсыз иеленуге қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Бекітілсін:
- Авторлық құқықтарды қорғау және заңсыз иеленуге қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже (N 2 қосымша).
3. Ведомствоаралық комиссия 2 айлық мерзімде заңсыз иелену фактілерін анықтау бойынша шаралар жоспарын әзірлесін және тауар нарығын, отандық тауар өндірушіні ұрлау арқылы өнімдерді өндіруден және сатудан қорғау жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсін.
ҚҰРАМЫ
Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 23 тамыздағы
N 735 шешіміне N 1 қосымша
Авторлық құқықтарды қорғау және заңсыз иеленуге қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Ыбыраев Ә.Ж. - Алматы қаласы Әкімінің орынбасары
төраға
2. Баяндаров М.Т. - Алматы қаласы Әкімінің аппарат
Басшысы, төрағаның орынбасары
3. Васильева Л.А. - қалалық экономика комитетінің төрайымы
4. Сәрсенов А.У. - ҚР Мемлекеттік кіріс министрілігінің
Алматы қалалық салық комитеті
төрағасының орынбасары
5. Тұрнағанбетов А.М. - Әкімнің штаттан тыс тілшісі
6. Жиенбаев Е.М. - Алматы қалалық кеден Бас басқармасы
бастығының орынбасары
7. Юсупов Б.Ю. - Алматы қалалық салық полициясы
комитеті төрағасының орынбасары
8. Долгов В.А. - кинобейне қызметін көрсету
басқармасының бастығы
9. Бейсебаева А.С. - мәдениет басқармасының бастығы
10. Нәлібаев Ж.Б. - тіл басқармасының бастығы
11. Жүнісбеков Б.Ж. - қала Әкімі аппараты ішкі саясат
бөлімінің меңгерушісі
12. Мұхамбетов М.А. - экономика және нарықтық қатынастар
бөлімінің меңгерушісі
13. Үмбетов Б.Ә. - қала Әкімі аппараты ғылым, білім және
мәдениет бөлімінің бас маманы
14. Құсайынов Қ.С. - Алматы қаласы Әкімі аппараты заң
бөлімінің меңгерушісі
15. Мұстафин Қ.Қ. - Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі авторлық құқығы бойынша
Республикалық комитетінің бас маманы
ЕРЕЖЕ
Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 23 тамыздағы
N 735 шешіміне N 2 қосымша
Авторлық құқықтарды қорғау және заңсыз иеленуге қарсы
күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданылып жүрген заңдарды, Президенттің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары мен өкімдерін, Алматы қаласы Әкімінің, қалалық Мәслихаттың шешімдері мен өкімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
- авторлардың құқықтарын және интеллектуальдық меншік нысандарына құқығы барларды қорғау;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларды тасымалдауда, өндіруде және сатуда нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауына, интеллектуальдық және өнеркәсіптік меншік нысандарының нормативтік құжаттарды сақтауына бақылау жасау;
- жергілікті нарықты Мемлекеттің Конституциялық құрылысына қарсы бағытталған өнімдерден, күштеу мен порнографияны насихаттаудан қорғау.
4. Комиссия алдында тұрған міндеттерді орындау мақсатында
- нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді және интеллектуальдық, өнеркәсіптік меншік нысандарына авторлық құқықтардың сақталуына бақылау жасау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
- заңсыз иелену фактілерін анықтау және олардың жолын кесу шараларын әзірлейді және жүзеге асырады;
- Алматы қаласы Әкімі аппаратының органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің және интеллектуальдық пен өнеркәсіптік меншік нысандарына авторлық құқықтардың қорғалуы көрсетілген заңдар мен нормативтік актілер талаптарының сақталуын бақылау жүйесіндегі өз құзыреті шеңберінде жұмыс істейтін басқа да ұйымдардың ұсыныстарын қарайды.
5. Комиссия мынадай құқықтарды жүзеге асыруға құқылы:
- комиссияның құзыретіне енетін мәселелер бойынша қажетті материалдар мен ақпаратты сұратып алдыру;
- интеллектуальдық және өнеркәсіптік меншік нысандарына арналған авторлық құқықтарды қорғау көрсетілген заңдар мен нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін өкілетті комиссияларға үлгілерді іріктеп алу құқығын беру;
- жауапты тұлғалардың интеллектуальдық және өнеркәсіптік меншік нысандарына арналған авторлық құқықтарды бұзу фактілері бойынша қылмыстық жауапқа тарту, айыппұлдар салу мәселелерін қарау және тиісті органдарға өтініш-хаттар жолдау;