Құжат мәтініне өту

О создании государственных учреждений на территории района "Есиль" города Астаны

Қаулы · № 1316 · қабылданған 31.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43322/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О создании государственных учреждений на территории района "Есиль" города Астаны Қолданыста Қаулы ·№ 1316 ·31.12.2008
15.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственных учреждений на территории района "Есиль" города Астаны

Қолданыста Қаулы ·№ 1316 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственных учреждений на территории района "Есиль" города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласының "Есіл" ауданы аумағында мемлекеттік мекемелер құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1316
Қабылданған күні
31.12.2008
Көрсетілген редакция
15.08.2014 AI43322_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080001316_
ЭКБ идентификаторы
43322
Редакция идентификаторы
AI43322_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:05

0 Астана қаласының "Есіл" ауданы аумағында мемлекеттік мекемелер құру туралы

"Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар құрылсын:

1 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Әділет және Ішкі істер министрліктерінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Есіл" ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті "Есіл" ауданының Әділет басқармасы;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Есіл" ауданының Ішкі істер басқармасы;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемесі - Астана қаласы "Есіл" ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Әділет және Ішкі істер министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітсін және олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

4 4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1316 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.

2 2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-1-жолмен толықтырылсын:
"214-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті "Есіл" ауданының Әділет басқармасы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:
"21-1. "Астана қаласы "Есіл" ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі.

3 3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-3-жолмен толықтырылсын:
"19-3. Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Есіл" ауданының Ішкі істер басқармасы".

4 4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 3-жолда:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолда 3-бағандағы "21678" деген сандар "21791" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолда 3-бағандағы "17733" деген сандар "17846" деген сандармен ауыстырылсын;
"Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, оның ішінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері" деген жолда 3-бағандағы "15200", "15200" деген сандар "15313", "15313" деген сандармен ауыстырылсын.

Қолданыстағы