Об утверждении формы свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя
- Атауы (қаз.)
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1325
- Қабылданған күні
- 31.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2015 AI43326_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080001325_
- ЭКБ идентификаторы
- 43326
- Редакция идентификаторы
- AI43326_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:05
0 Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
"Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
2 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
4 4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
______________________________________________
(салық қызметі органының атауы)
Салық төлеушінің атауы ________________________________________
Тегі __________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
ЖСН/(БСН) _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
Тіркелген күні ________________________________________________
Құрылған күні _________________________________________________
№ _______ Сериясы _____