Об установлении ставок фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ставок фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/123
- Қабылданған күні
- 29.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2009 43366_178168.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KD000128
- ЭКБ идентификаторы
- 43366
- Редакция идентификаторы
- 43366_178168
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:07
0 Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 баптың 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Тіркелген салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38/362 "Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-58 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 3 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 4 санында жарияланған) шешімі;
2
2) қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/384 "Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38/362 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-65 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 санында жарияланған) шешімі;
3
3) қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/58 "Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38/362 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-104 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 28 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 санында жарияланған) шешімі.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К.) және қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясына (Шагиров Қ.У.) жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Нысангалиев Ж.А.
29.12.2008 ж.
Балқаш қаласы
бойынша Салық
басқармасының
бастығы
Мукеева Р.Т.
29.12.2008 ж.
8 Қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 15/123 шешіміне
қосымша
Тіркелген салық ставкалары
N
Салық салу объектісінің атауы
Ай үшін ставка (айлық есептік көрсеткіште)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
6
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
8
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
34
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
13