О проведении приписки граждан к призывному участку на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан к призывному участку на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 13.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2012 43420_200070.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SH000095
- ЭКБ идентификаторы
- 43420
- Редакция идентификаторы
- 43420_200070
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:02
0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының № 148-11 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 8-тармағына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылардың әскери есенбін жүргізу тәртібінің Жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына сәйкес, аудан әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1992 жылы туған және бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен азаматтарды тіркеуге алу 2009 жылғы қаңтар, наурызда жүргізілсін.
2 2. Шақыру участкесінде тіркеуге алуға резерв құрамымен тіркеуге алу комиссиясы құрылсын:
Комиссиясының төрағасы Мұсаев Қанатбек Өмірбекұлы
Қызылжар ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі Бөлім бастығы
Комиссия Абдуллаев Алтынбек Тағайбекұлы
төрағасының орынбасары Қызылжар ауданы әкімінің
орынбасары
Комиссия мүшелері: Қожанов Жомарт Қайтоллаұлы
Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
Сәдуақасова Кама Ашуқызы
Медициналық комиссияның бас дәрiгерi
жасөспiрiмдер
дәрiгер-терапевтi
Шақыру комиссиясының Жасөспірімдер кабинетінің
хатшысы медбикесi Любовь Николаевна
Мамбетова
3 3. Қажет болған жағдайда шақырту жөніндегі комиссияның резервтік құрамынан келесі мамандар пайдаланылсын:
Комиссия төрағасы Өмірзақ Берік Өмірзақұлы
Қызылжар ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығының орынбасары
Комиссия Бодуновский Александр Викторович
төрағасының орынбасары Қызылжар аудандық «Ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Комиссия мүшелері: Бекахметов Жандарбек Сайлауұлы Қызылжар
ауданының ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары Капенова Маруар Турсуновна
Аудандық емхананың бас дәрігерінің
орынбасары
Шақыру комиссиясының Степанова Галина Павловна
Аудандық емхананың медбикесі
4 4. Селолық округтің әкiмдері азаматтардың шақыру участкесіне уақытында келуін қамтамасыз етсiн.
5
5. Азаматтардың медициналық куәландыруын сапалы өткiзу үшін Алмолдин Серік Алмолдаұлы «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне және Бұрмаганов Құрманбек Жұмабекұлы «Қызылжар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне:
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштірінде және басқада әскери құрылымдардағы әскери дәрігерлік сараптаманың жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысына сәйкес қажетті жабдықтармен қамтамасыз етсін;
- анықталған сырқат әскерге шақырылушыларға медициналық қызмет көрсету және стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлуін қамтамасыз етсін;
6
6. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шайхлесова Ләззат Ережанқызы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыртуды жүргізу үшін шығыс сметасына сәйкес уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
7
7. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бұханов Болат Тахтақиұлы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес шақыру участкесінде азаматтарды тіркеуді өткізу кезінде, участкеге азаматтерды тіркеуді материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін іс қағаздарын жүргізушілер 4 дана, автобус жүргізушісі 1 дана бірлігімен, жинаушы-1 дана жұмысқа алынсын;