Құжат мәтініне өту

Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности конструкций из других материалов"

Қаулы · № 1351 · қабылданған 31.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43445/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности конструкций из других материалов" Қолданыста Қаулы ·№ 1351 ·31.12.2008
23.07.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности конструкций из других материалов"

Қолданыста Қаулы ·№ 1351 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности конструкций из других материалов"
Атауы (қаз.)
"Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1351
Қабылданған күні
31.12.2008
Көрсетілген редакция
23.07.2013 AI43445_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080001351_
ЭКБ идентификаторы
43445
Редакция идентификаторы
AI43445_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:05

0 "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2008 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы
N 1351 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1 1. Қолданылу саласы

1

1. Осы Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) басқа материалдардан жасалған конструкциялардың қауіпсіздігіне, оларды жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:

1 1) ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын қасбеттік қоршау конструкциялар мен шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар (бұдан әрі - конструкциялар);

2 2) конструкцияларды жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестері (тіршілік циклі).

2

2. Конструкциялардың механикалық, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің жалпы талаптары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексімен және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексімен , Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы " 1998 жылғы 23 сәуірдегі, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарымен және "Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 96 қаулысымен белгіленеді.

3

3. Сәйкестендіруді конструкцияны нақты конструкцияның түрі - ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын қасбеттік қоршау немесе шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияға жатқызу үшін жиынтығында жеткілікті мәліметтер мен сипаттамалар бойынша, таңбалануы мен ілеспе құжаттары, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізу қажет.

4 4. Конструкцияларды сәйкестендіру мына тәсілдермен:

1 1) ілеспе құжат бойынша және/немесе көзбен шолумен;

2 2) құрал-саймандық тәсілмен;

3 3) сынақтармен жүргізіледі.

5 5. Конструкцияның тіршілік циклі процестерінде жол бермеу қажет болатын негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:

1 1) жылу оқшаулағыш материалын қолдану кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының тітіркенуі мен терінің қышуын тудыратын минералды талшықтың шаңы мен шаңсыздандырғыш қоспалардың (көмірсутегілердің булары) ұшпа компоненттері зиянды факторлар болып табылады;

2 2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;

3 3) жабдықтың, құрал-сайманның қозғалғыш бөліктері, жылжытылатын бұйымдар, дайындамалар, материалдар;

4 4) дайындауға арналған материалдардың ұшқын сынықтары мен бөлшектері;

5 5) дайындамалар, құрал-саймандар, жабдықтар, қалдықтар беттеріндегі өткір жиектер, қылтанақтар, кедір-бұдырлар;

6 6) қауіпті сәулеленулердің болуы (радиоактивті, рентгендік, ультракүлгін, жылулық);

7 7) қоршаған орта факторларының (температураның, ылғалдың, химиялық агрессияның) әсері;

8 8) бекітілмеген жүкті тасымалдау кезінде оның ығысып немесе түсіп қалу мүмкіндігі;

9 9) конструкцияны монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде монтаждалатын элементтердің көтеру тетіктерінен, монтаждау құрылғыларының, ағаштың немесе тақтай төсемдердің құлау қаупі туындайды;

10 10) оларды монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нәтижесінде аспалы желдетілетін қасбеттер конструкцияларының, жанғыш ылғалдан қорғау мембраналарының жылытқыш қабын қорғау үшін қасбеттік жүйелерді пайдалана отырып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жану мүмкіндігі;

11 11) өртке қауіпті факторлардың таралуы (жалын, түтін, уытты жану өнімдері) және өрт шыққан кезде - қасбет конструкциясының бұзылуына әкелетін өзінің құрылымдық мақсатын жоғалту қабілеті;

12 12) қатты жел жүктемелері туындаған кезде басқа материалдардан жасалған конструкциялар қирауы және оларды жел жұлып әкетуі мүмкін;

13 13) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қирауы, олардың жақтаушадан шығып кетуі кезінде ғимараттардың жоғарғы қабаттарынан ірі әйнек сынықтарының құлау қаупі;

14 14) конструкциялардың құлайтын элементтері адамдар үшін, әсіресе көп қабатты ғимараттарда болатын өрт кезінде елеулі қауіп тудырады;

15 15) түссіз мөлдір табақтық шыныдан жасалған шыны конструкцияларымен адамдардың соқтығысу ықтималдығы.

6 6. Осы Техникалық регламент бұрын пайдалануда болған және құрылыста қайтадан пайдаланылатын конструкцияларға қатысты болмайды.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

7 7. Осы Техникалық регламентте сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі аясындағы техникалық реттеу саласындағы заңнамалық актілерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар қолданылады және мына терминдер қосымша пайдаланылады:

1 1) айна (шағылыстырғыш) жабыны бар шыны - көрінетін жарықты шағылыстырудың жоғары коэффициенті бар (табақты шынымен салыстырғанда) шыны;

2 2) аязға төзімді жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - төменгі температуралардың әсеріне төзімділігі жоғары конструкциялар;

3 3) әуе соққы толқынының қосарлы зақымдау факторлары - әуе соққы толқынының бастапқы зақымдау факторлары әсерінің нәтижесінде қираған заттардың бөлшектері, оның ішінде қасбеттік қоршау конструкциялары мен әйнектердің сынықтары;

4 4) оған жабындарды (лак-бояу жабындарын қоспағанда) түсіру кезінде қосымша қасиеттерге ие болатын жабыны бар шыны;

5 5) жылу өткізу кедергісі - шыныдан жасалған конструкцияның екі жағында да қоршаған орта температуралары айырмашылығының жылу ағымы тығыздығына қатынасы;

6 6) шудан қорғайтын көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жоғарғы дыбыс оқшаулау қасиетін қамтамасыз ететін (көп қабатты шынының басқа түрлерімен салыстырғанда) конструкция;

7 7) сындыруға төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - ол арқылы адам өте алатын өтпелі саңылау түспейтін, көп мәрте механикалық соққыларға шыдауға қабілетті конструкция;

8 8) жарылуға төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жарылыстың соқпалы толқынының әсерін азайту және шыны сынықтарынан жарақаттанудан сақтандыру қасиеттеріне ие конструкция;

9 9) оққа төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - оқпен атыс қаруынан атылған оқтан қорғауды қамтамасыз ететін конструкция;

10 10) соққыға төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - қатты зат соққысына қирамай төтеп беретін конструкция;

11 11) күн факторы (күн энергиясын жалпы өткізу коэффициенті) - шыныдан жасалған конструкция арқылы үй-жайға түсетін жалпы күн энергиясының түсетін күн сәулесінің қуатына қатынасы;

12 12) шамадан тыс күн сәулесінің енуінен қорғауға арналған күннен қорғайтын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар;

13 13) қауіпсіз шыны - сынған кезде ірі сынықтар пайда болмайтын (шындалған қауіпсіз шыны) немесе сынықтар полимерлік үлдірмен ұсталатын шыны (көп қабатты қауіпсіз шыны);

14 14) конструкцияның соққы әсерлеріне төзімділігі (соққыға төзімділігі) - конструкцияның нормаланатын сипаттамалары бар қатты денемен механикалық соғылуға төтеп беру қабілеті;

15 15) конструкцияның сыртқы отқа төзімділігі - конструкцияның берілген уақыт ішінде жалынның немесе жану өнімдерінің конструкция арқылы отқа қарама-қарсы жаққа енуіне кедергі болу қабілеті;

16 16) мүсінделген шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - қыздырылған күйінде иілген табақтық шыныдан жасалған конструкция;

17 17) отқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - оттың, жану өнімдерінің таралуына және жылу сәулеленуінің берілуіне кедергі бола отырып, өрт кезінде туындайтын жылулық және механикалық жүктемелердің әсеріне төтеп беретін конструкция;

18 18) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір оттан қорғау конструкциясы - шыныны, рама мен монтаждау элементтерін қамтитын және отқа төзімділікке арналған сынақ нәтижелері бойынша отқа төзімділік өлшемдеріне сәйкес келетін конструкция;

19 19) өздігінен тазаланатын жабыны бар шыны - жаңбыр суы мен ультракүлгін сәулеленуі әсерімен ондағы ластанулар жойылатын шыны;

20 20) пайдалану кезінде қауіпсіз шыны - жеткілікті механикалық беріктілігі бар және берілген биіктіктерден құлайтын белгіленген салмақтағы жұмсақ дененің соққысына қирамай төтеп беретін шыны;

21 21) радиациядан қорғау шынысы - иондаушы сәулеленуді сіңіретін қорғасын мен барий тотығының жоғары мөлшері бар шыны;

22 22) радиоқорғау шынысы - жоғары жиілікті ток кезінде шағын электрлік кедергілі жабыны бар және үй-жайды электрлік-магниттік сәулеленудің енуінен қорғауға мүмкіндік беретін шыны;

23 23) соққыға төзімді жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - қатты заттардың соққысына төзімділіктің талап етілетін дәрежесі бар конструкция;

24 24) стемалит (эмальданған шыны) - шыңдау процесі алдында конструкцияның осы түрін өндіруге арналған бояу жағылатын шындалған шыны;

25 25) термикалық шытынау - жарық өткізгіш мөлдір конструкциядағы шынының әртүрлі учаскелерінде күн сәулесі әсерімен әркелкі қызуынан шынының өздігінен қирауы;

26 26) төмен эмиссиялық шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жылудың шығынын азайтып, сондай-ақ ғимаратқа күн энергиясының шамадан тыс түсуін төмендетуге мүмкіндік беретін конструкция;

27 27) шудан қорғайтын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - дыбыс оқшаулау қасиеті жоғары және қатты шу жағдайларында пайдаланылатын үй-жайларды шынылауға арналған конструкция;

28 28) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың жарылысқа төзімділігі - әуелік соққы толқынының (ӘСТ) әсерінен зақымдағыш сынықтар тудырмай төтеп беретін конструкция;

29 29) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың жарылуға төзімділігі - әуелік соққы толқынының әсеріне орнықтылығы;

30 30) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың оққа төзімділігі - оқ атыс қаруынан атылған оқтан қорғауды қамтамасыз ету қабілеті;

31 31) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның отқа төзімділігі - өрт кезінде туындайтын жылу және механикалық жүктемелердің әсеріне төтеп беру қабілеті;

32 32) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның жұмсақ денемен соғылу төзімділігі - конструкцияның бұрыс пішінді жұмсақ дененің нормаланатын сипаттамалары бар механикалық соққыларға қирамай төтеп беру қабілеті;

33 33) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қорғалу сыныбы - олардың әртүрлі әсерлерге қарсы тұру қабілетін көрсететін сипаттама;

34 34) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың ұзақ уақытқа шыдамдылығы - берілген мерзім ішінде пайдаланылу қасиеттерін сақтау қабілетін айқындайтын сипаттама;

35 35) шыңдалған шыны - оның механикалық және термикалық беріктілігін, сондай-ақ қауіпсіз қирау сипатын (ірі сынықтар қалыптастырмай) қамтамасыз ететін арнайы термикалық өңдеуге түскен табақ шыны;

36

36) термикалық беріктетілген шыны - нәтижесінде оның механикалық және термикалық мықтылығы кәдімгі (күйдірілген) шыныдан жоғары, бірақ шыңдалған шыныдан төмен, арнайы термикалық өңдеуге түскен шыны, бұл ретте шыңдалған шыныға қарағанда термикалық беріктетілген шынының қирау сипаты қауіпсіз болып табылмайды;

37 37) энергия үнемдегіш жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - энергия үнемдеу қасиеті жоғары бар және үй-жайлардағы жылудан қорғау мен қалыпты жарықтандыру талаптарын қамтамасыз етуге арналған конструкция.

3 3. Конструкциялардың Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

8

8. Ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезінде пайдаланылатын конструкциялар осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған қасбеттік қоршау конструкцияларына және жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қатысы бар басқа да техникалық регламенттерде бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

9

9. Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын конструкциялар (оның ішінде импортталатын) залал келтірудің ықтимал қатерлеріне баға беру және олардың тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті тұтынушыларға арналған ілеспе құжатпен (сапа паспорты, техникалық немесе нормативтік құжаттар және басқасы) қамтамасыз етілуі тиіс.

10

10. Ескерту таңбаларына қосылған ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 277 қаулысының және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

11 11. Тұтынушыларды адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу үшін конструкциялардың осы Техникалық регламентке сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

12

12. Тұтынушыларды адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу үшін таңбалау, сипаттамалар туралы деректердің сақталуын, осы Техникалық регламенттің мақсаттарын орындау үшін конструкцияның әр бірлігі немесе дайын конструкциялардың партиясына арналған конструкциялар бойынша елеулі деректерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін автоматтандырылған есепке алу жүйесі болу қажет.

4 4. Конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын техникалық талаптар

4.1. Конструкцияларды жобалау кезінде олардың механикалық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

13 13. Конструкцияларды жобалау кезеңінде мақсатына, түріне, ғимаратта немесе құрылыста орналасуына қарай олардың қауіпсіздігіне қойылатын барлық қажетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін конструкцияларға қойылатын талаптар кешені қалыптастырылуы тиіс.

14 14. Механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жобалау кезеңінде оларды дайындау үшін қолданылатын материалдарға мынадай негізгі өлшемдер бойынша талаптар кешені қалыптастырылуы тиіс:

1 1) конструкциялардың көтергіш қабілеті қаптама элементтерінің салмағы арқылы ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы қабырғасына берілетін жүктемелердің шамасына сәйкес болуы тиіс;

2 2) конструкциялардың бекіту бұйымдары қаңқа мен қаптама элементтерінің құрастырма ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

15 15. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды жобалау кезінде механикалық беріктікті қамтамасыз ету үшін табақ шыны мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1 1) қалдық кернеулер шамасы, өлшеулер жүргізу ережелері, бақылау кезеңділігі өндірушінің технологиялық құжаттамаларында белгіленуі тиіс;

2 2) шыныдағы ішкі қалдық кернеулерін (босаңдығын) өндіруші бақылауы тиіс;

3 3) шыныда қиратқыш кемістіктердің (ақаулардың) болуына жол берілмейді;

4 4) жиек бойында ұзындығы 5 мм астам және тереңдігі шыны қалыңдығының жартысынан астам жарықтардың болуына жол берілмейді.

16 16. Жобалау кезінде қирайтын конструкция астында тұрған адамдардың конструкцияның құлайтын элементтерінен жарақат алуына әкелмеуі көзделуі тиіс.

17 17. Жобалау кезінде, егер ғимараттардың немесе құрылыстардың конструкцияларында конструкциямен жанасудан тиісті тұрақты қорғау (қоршау) көзделмесе, конструкциялардың және олардың бекітпелерінің пайдалану жағдайларында түсетін барлық жүктемелерге (пайдалану, климаттық т.б.) төтеп беруі көзделуі тиіс.

18 18. Жобалау кезінде сыртқы қоршауларға орнатылатын конструкцияларды таңдау мыналарға:

1 1) осы Техникалық регламенттің талаптарымен үйлестірілген нормативтік құжаттар бойынша жобалау тапсырмасында белгіленген пайдалану жүктемелеріне;

2 2) конструкцияның салмағына;

3 3) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес конструкцияны пайдалану өңіріндегі ең төмен және ең жоғары ықтимал температураларға, сондай-ақ ең төмен және ең жоғары атмосфералық қысымға;

4 4) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес өңірі үшін конструкцияға түсетін ең жоғары жел қысымына және қолданылу биіктігіне;

5 5) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес қолданылу өңірі үшін ең жоғарғы қар жүктемесіне (қар қалталарының түзілу ықтималдығын ескере отырып);

6 6) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция сіңіретін күн сәулесінің қарқындылығы мен ұзақтығына;

7 7) сейсмикалық жүктемелерге (сейсмикалық қаупі бар аудандар үшін) сәйкес жүргізілуі тиіс.

19 19. Жобалау кезінде тік жазықтыққа қарай 15 o -тан аспайтын еңкейтілген конструкциялар, егер көлденең кескіні 50 см. аспаса, тік конструкциялар ретінде қарастырылуы тиіс.

20 20. Статикалық жүктемелерге қойылатын төзімділік жөніндегі талаптар оларға әсер ететін жүктемелерге байланысты көлденең жазықтықтан 75 o -тан кем бұрышпен орналасқан барлық конструкцияларға қойылуы тиіс.

21 21. Жобалау кезінде қасбеттік қоршау конструкцияларын таңдау осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалуы тиіс, бұл мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет:

1 1) өрт шыққан жағдайда конструкцияның орнықтылық қасиеттері болуы тиіс;

2 2) экран термикалық-механикалық жоғары қасиеттері бар, ойылуға төзімді, жарылысқа төзімді, отқа төзімді материалдан жасалуы тиіс;

3 3) конструкцияның пайдалану жағдайларындағы жүктемелер кезінде қаптама элементтерінің орнықтылығын қамтамасыз ететін бекітпелері болуы тиіс.

22 22. Жобалау кезінде конструкциялар үшін материалдарды таңдау осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ластану және агрессивтілік дәрежесі бойынша нақты атмосфералардың жіктелуіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

23

23. Ғимараттар мен құрылыстарда, оның ішінде шыны қабырғаларда, балкондар мен лоджияларды шынылауда, сөрелерде, қысқы бақтарда, сауда павильондарын қоршауда, жарық өткізгіш мөлдір қасбеттер мен аралық қабырғаларда, шыны едендерде, баспалдақ баспаларында, шыны қоршауларда, баспалдақ таяныштарында, төбелерде, зениттік шамдарда, мансардалық терезелерде, шатырларда, күн қағарларда, кіру топтарында қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар пайдалану жағдайларында шыныдан жасалған конструкциялар қираған кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей таңдалуы және жобалануы тиіс.

24 24. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жобалау кезінде осы Техникалық регламенттің мыналар:

1 1) отқа төзімділігі;

2 2) оққа төзімділігі;

3 3) жарылысқа төзімділігі;

4 4) соққы әсеріне төзімділігі;

5 5) термикалық төзімділігі;

6 6) жылу өткізуге немесе эмиссия коэффициентіне кедергісі;

7 7) бағытталған жарық өткізу коэффициенті;

8 8) жарық сіңіру коэффициенті;

9 9) күн энергиясын сіңіру коэффициенті;

10 10) шудан қорғау;

11 11) сейсмикалық төзімділігі бойынша белгіленген осы көрсеткіштерге жауап беруі тиіс.

25 25. Жобалау кезінде шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ететіндей таңдалуы тиіс:

1 1) конструкция (шыныны, бекітпелер мен көтергіш конструкция) адамның одан өтіп, құлауын болдырмауы тиіс. Шыныдан жасалған конструкция мен оның бекітпелері пайдалану жағдайларда түсетін барлық жүктемелерге төтеп беруі тиіс;

2 2) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар қираған кезде сынықтары соғу немесе құлау аумағындағы адамдарды жарақаттамауы тиіс.

26 26. Жобалау кезінде конструкциялардың механикалық беріктігінің есебі көтергіш қаңқаның мына элементтерінің:

1 1) тік және/немесе көлденең бағыттауыштардың;

2 2) кронштейндердің;

3 3) көтергіш қаңқа элементтерінің өзара бұрандамалық және/немесе тойтарма қосылыстарының;

4 4) негізге бекітпелер;

5 5) қаптама панельдердің беріктігі мен деформацияларын тексеруді қамтуы тиіс.

27 27. Жобалау кезінде механикалық беріктікті есептері қаптама тақталардың салмағынан түсетін тік жүктемені, жел қысымының (теріс қысымнан) көлденең жүктемесін, көктайғақтық жүктемені, климаттық температура әсерлерінің жүктемесін, ерекше сейсмикалық жүктемені қабылдау үшін жүргізілуі тиіс.

28 28. Жобалау кезінде қасбеттік қоршау конструкцияларының қаптама тақталарына түсетін жүктемелер осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

29 29. Күштер (майысу сәттері), көлденең және бойлық күштер, сондай-ақ конструкциялар элементтерінің иілулері материалдар мен құрылыстық механика кедергілерінің негізгі ережелерін пайдалана отырып, айқындалуы тиіс.

30 30. Жобалық құжаттардың сараптамасы осы Техникалық регламентпен үйлестірілген Техникалық регламенттердің, осы Техникалық регламенттің талаптарына, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жүргізілуі тиіс.

31 31. Конструкциялардың жобаларын сараптау кезінде мыналар тексерілуі тиіс:

1 1) жобаның толықтығы мен ақпараттылығы;

2 2) техникалық шешімдердің конструкциялардың беріктілігі, сенімділігі, ұзақ мерзімге шыдамдылығы функционалдығы бойынша таңдалуының негізділігі;

3 3) материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың беріктігі, сенімділігі және ұзақ мерзімге шыдамдылығы бойынша таңдалуының дұрыстығы;

4 4) орындалған есептердің дұрыстығы, есептік деректердің ғимараттың (құрылыстың) көтергіш конструкциялары элементтеріне түсіретін жүктемелерінің ұсынылатын мәндеріне сәйкестігі;

5 4.2. Өндіру кезінде конструкцияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары

5) ұлттық стандарттарға енгізілмеген қолданылатын материалдар мен жинақтаушы бұйымдарға арналған сәйкестік сертификаттары.
4.2. Өндіру кезінде конструкцияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары

32 32. Конструкцияларды монтаждау және орнату жүргізу кезінде тиісті құжаттарды ресімдеу арқылы мыналар тексеруге жатады:

1 1) негіздің немесе іргетастың конструкцияларды монтаждау және одан түсетін жүктемелерді қабылдау үшін дайындығы;

2 2) монтаждау алаңқайын жұмыс жүргізу аймағына бөгде адамдардың кіруінен қорғаудың қамтамасыз етілуі;

3 3) қауіпсіздік контурларын қамтамасыз ету, қауіпті аумақтың қоршаулары және ескерту белгілерінің болуы;

4 4) қолданылатын жабдықтың, техниканың және арнайы жұмыс түрлеріне аттестатталған персоналды тарта отырып, монтаждау-құрастыру процестері қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі;

5 5) жабдық жиынтығының расталуы;

6 6) конструкцияны дайындалған алаңқайға немесе іргетастарға қажетті орнықтылықты қамтамасыз ете отырып, қауіпсіз орнату бойынша тиісті шаралардың қабылдануы;

7 7) апаттан құтқару қызметтерінің жақындай алуының қамтамасыз етілуі.

33 33. Конструкциялардың кетергіш элементтерінің (кронштейндер, бағыттаушылар, анкерлер, бекітпе элементтері) жауапкершілігі II деңгейдегі ғимараттары үшін кемінде 30 жыл және жауапкершілігі I деңгейдегі ғимараттары үшін кемінде 50 жыл нормативтік пайдалану мерзімі болуы тиіс.

34 34. Жылу оқшаулағыш материалдардың нормативтік пайдалану мерзімі жауапкершілігі II сыныпты ғимараттары үшін кемінде 30 жыл және жауапкершілігі I сыныпты ғимараттары үшін кемінде 50 жыл болуы тиіс.

35 35. Конструкцияларды өндіру кезінде анкерлеудің мынадай:

1 1) бетонға - 50мм;

2 2) кірпішке - 80 мм;

3 3) жеңіл бетонға - 100 мм болатын ең аз тереңдігі сақталуы тиіс.

36 36. Өндіру кезінде конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тіректік-ригельдік жүйе ойыққа немесе ғимараттың көтергіш конструкцияларына бекітілуі тиіс.

37 37. Көтергіш қаңқаның конструкциясы бағыттауыштардың күйін үш жазықтықта реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Реттеу ауқымы өндіру кезінде мыналарға:

1 1) негіз бетінің тік жазықтықтан рұқсат етілетін және/немесе нақты ауытқуларына;

2 2) кронштейндерді негізге бекіту орындарын геодезиялық бөлуге арналған шектік рұқсаттарға және монтаждау жұмыстарының орындалу дәлдігіне;

3 3) қаптама панельдердің геометриялық мөлшерлерінің рұқсат етілетін ауытқуларына;

4 4) жылу әсері кезінде элементтер деформацияларының есептік шамаларына байланысты белгіленуі тиіс.

38 38. Конструкциялардың көтергіш пішіндері мен кронштейндері үшін мыналар қолданылуы тиіс:

1 1) алюминий қорытпаларынан жасалған профильдер;

2 2) табақтық тоттануға тезімді болат және одан суықтай иілген профильдер;

3 3) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес мырышталған болат табақ және одан суықтай иілген профилдер (тек қана қызмет ету мерзімі 10 жылдан аспайтын және биіктігі екі қабаттан аспайтын ғимараттар үшін).

Көтергіш қаңқа элементтерінің есеппен расталған көтергіш қабілетін қамтамасыз ететін басқа материалдарды қолдануға рұқсат етіледі.

39 39. Профилдердің көлденең қимасының нысаны мен нысаны осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес беріктігін есептерінің нәтижелері бойынша тағайындалуы тиіс.

40 40. Өндіру кезінде көтергіш қаңқа конструкциясындағы материалдардың температура өзгеруі реакциясын өтейтін және қосымша кернеулердің, деформациялар мен қираулардың пайда болуының алдын алатын техникалық шешімдер қолданылуы тиіс.

Осы мақсатта тік және/немесе көлденең бағыттауыштарды ауданы 25 м 2 аспайтын температуралық блоктарға бөлу қажет. Температуралық блоктар қаптама тақташалар немесе панельдер тек бір температуралық блоктың бағыттауыштарына ғана бекітілетіндей етіп орнатылуы тиіс. Осы талаптың орындалуын қамтамасыз ету үшін бағыттауыштардың ұзындықтары қаптама тақташалардың немесе панельдердің тиісті өлшеміне еселенуі тиіс.

41 41. Көтергіш қаңқа элементтерін өзара бекіту үшін мыналар қолданылуы тиіс:

1 1) бұрандамалық қосылыстар;

2 2) тойтарма қосылыстар;

3 3) өздігінен кескіш бұрандалық қосылыстар.

Өздігінен кескіш бұрандалық қосылыстарды жауапкершіліктің III деңгейіндегі, биіктігі екі қабаттан аспайтын ғимараттарға ғана қолдануға болады.

42 42. Бекітпе элементтеріне арналған материалдар, әдетте көтергіш қаңқа элементтерінің материалдарымен біртектес болуы тиіс.

Алюминий қорытпасынан жасалған суырылатын тойтармалар қолданылған жағдайда тоттануға төзімді болаттан жасалған өзегі болуы тиіс.

43 43. Конструкцияны көтергіш қабырғаға және бекітпе элементтерін бір-бірімен бекіту кезінде "металл-алюминий" үйлесіміндегі бөлгіш элементтер қолданылуы тиіс.

44 44. Конструкцияның қаптамасын қауіпсіз бекіту үшін қаптаманы жаю схемасына конструкцияны дайындау кезінде жиналатын қателіктердің өтелуін қамтамасыз ететін өтеу буындарын енгізу қажет.

45 45. Ауа саңылауына қойылатын талаптар ондағы ауаның ең жоғары рұқсат етілетін қозғалыс жылдамдығын ескере отырып, есептеу арқылы және осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген талаптарға сәйкес анықталуы тиіс.

46 46. Қасбеттік қоршау конструкциясының ғимараттың төлесімен төменнен жалғасу және ғимараттың жоғары жағынан шатырымен жалғасу орындарында ауаның кіруі мен шығуына арналған саңылаулар ескерілуі тиіс, олардың қимасының ауданы қасбеттің келденең жиегі ұзындығының әр метріне кемінде 50 см 2 болуы тиіс.

47 47. Ғимарат бұрыштарындағы ауа саңылаулары қасбеттік қоршау конструкциясының бүкіл биіктігі бойынша ауа өткізбейтін тік оқшаулаумен (аралық жабынмен) бөлінуі тиіс.

48 48. Жылу оқшаулағыш қабатты құру үшін физикалық-механикалық қасиеттері осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтірілген көрсеткіштерді қанағаттандыруы тиіс талшықты жылу оқшаулағыш материалдардан жасалған бұйымдар қолданылуы тиіс.

49

49. Тығыздығы 80 кг/м 3 кем (бірақ кемінде 30 кг/м 3 ) минералдық мақтаны және тығыздығы 30 кг/м 3 кем (бірақ кемінде 11 кг/м 3 ) шыны штапельдік талшықтан жасалған жылу оқшаулағыш бұйымдарды екі тығыздық қағидаты бойынша құрылған жылу оқшаулағыш қабаттың ішкі элементі ретінде пайдалануға болады. Бұл ретте сыртқы элементтің қалыңдығы жылу оқшаулағыш қабаттың жалпы қалыңдығынан 0,1-ден кем болмауы тиіс.

50 50. Көбікті-полистиролды конструкциялардың жылудан оқшаулағыш қабаты ретінде пайдалануға болмайды.

51 51. Қасбеттік қоршау конструкцияларының жылу оқшаулағыш қабатының қалыңдығы осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жылу техникалық есептеу нәтижелерінің негізінде тағайындалуы тиіс.

52 52. Жылу оқшаулағыш қабаттың тақталарын бекіту арнайы дюбельдердің және шайбалары бар анкерлердің көмегімен механикалық әдіспен жүзеге асырылуы тиіс.

53 53. Созылмалы жылу оқшаулағыш материалдарын пайдалану кезінде анкерлер орналасқан жерлерде жылу оқшаулағыш қабаттың тұтас қалыңдығын сақтау үшін шектегіші бар анкерлер қолданылуы тиіс (матрац әсеріне болдырмау үшін).

54 54. Жылу оқшаулағыш қабат тақташаларын негізге желімдеу әдісімен бекіту аккредиттелген зертханада желім қоспасының беріктігіне жүргізілген сынақтар нәтижелері ұсынылған жағдайда ғана орындалуы тиіс.

55 55. Жылу оқшаулағыш қабатты орнату кезінде жылытқыш тақташаларының бір-біріне және негізге, сондай-ақ көтергіш қаңқаның элементтеріне тығыз жанасуы қамтамасыз етілуі тиіс. Ауа өткізгіш саңылаулардың жалпы ауданы қасбет беті ауданының 5%-нан аспауы тиіс.

56 56. Ауа өткізгіш саңылаулар жылу оқшаулағыш тақталардың түйіскен және көтергіш қаңқаның олар арқылы өтетін кронштейндерінің өткін орындарында орналасуы тиіс. Жылу оқшаулағыш қабатты орнату кезінде көтергіш қабырға мен оқшаулағыш қабаттың арасындағы қуыс тесіктердің болуына рұқсат етілмейді.

57 57. Жылу оқшаулағыш қабаттың сыртқы беті бу өткізгіш материалдан жасалған жел-гидро қорғағыш үлдірмен (мембранамен) жабылуы тиіс. Мұндай материалдың бу өткізгіштік мөлшері кемінде 0,30 мг/[м*ч*Па] болуы тиіс.

58 58. Қасбеттік қоршау конструкциялары экранының қаптама панельдері ретінде мына материалдар пайдаланылуы тиіс:

1 1) цементті-талшықты материалдардан (фиброцементтен) сығымдау әдісімен алынған тақташалар;

2 2) қатпарлы пластиктерден жасалған тақташалар;

3 3) шыны пластиктерден жасалған композиттік тақташалар;

4 4) табиғи тастан жасалған тақташалар;

5 5) қыш тақташалар мен қыш-граниттен жасалған тақташалар;

6 6) жабынқыштық тақташалар;

7 7) алюминий табақтар;

8 8) шындалған соққыға төзімді шыны және т.б.

Экран материалдарына қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

59

59. Экранның қаптама панелдерін көтергіш қаңқаның бағыттауыштарына бекіту тәсілі бағыттауыштардың бетіне тығыз жатуды, жел әсері кезінде сылдырламауын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама тақталардың арасындағы саңылаулардың мөлшері, бекіткіш элементтердің (кляммерлер) беріктігі мен иілгіштігі көтергіш қаңқа элементтерінің ықтимал температуралық деформацияларын ескере отырып, мынадай:

1 1) тақташаның сынуы;

2 2) кляммерді бекітетін тойтармалардың кесілуі;

3 3) кляммердің деформациясы;

4 4) панельдердің немесе тақташалардың өздігінен құлауы сияқты қолайсыз салдарларды болдырмау үшін тағайындалуы тиіс.

60 60. Экранның қаптама панельдерін бекітуге арналған кляммерлер тек аустениттік сыныпқа жататын тоттануға төзімді болаттан жасалуы тиіс.

61 61. Шатыр биіктігі әртүрлі ғимараттардағы төмен орналасқан шатырға жанасып тұрған экранның қаптама панельдерінің төменгі қатары шатыр жөндеу жұмыстарын орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алмалы-салмалы болуы тиіс.

62 62. Жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды монтаждау конструкциялар элементтерінің бекітілуін, олардың орнықтылығы мен геометриялық өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс. Орнатылған конструкциялар элементтерін шылбырлар босатылғаннан кейін жылжытуға жол берілмейді.

63 63. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды өндіру кезінде қалыңдығы 6 мм-ге дейінгі шыны үшін жиек бұрыштарын доғал ету, ал қалыңдығы 6 мм-ден асатын шыны үшін жиегін алмас құралын қолдана отырып, әрлеу міндетті болып табылады.

64 64. Монтаждау жұмыстарын биік ашық жерлерде 15 м/сек астам жел жылдамдығында, көктайғақта, найзағай кезінде немесе жұмыс аймағы шегінде көруге кедергі болатын тұман кезінде орындауға болмайды.

65 65. Пайдалануға берілетін конструкциялар техникалық регламенттердің, осы Техникалық регламенттің және жоба құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу мақсатында тексерілуі тиіс.

66 66. Конструкцияларды тексеру оларды бұзбай бақылаудың көзбен шолу - құралмен тексеру және алынған нәтижелерді сараптамадан өткен жобамен салыстыру әдістерімен жүргізіледі.

67 67. Конструкцияларды тексеру кезінде мыналар:

1 1) жобаның техникалық сараптамасы қорытындысының болуы;

2 2) жасырылған жұмыстарға арналған актінің болуы;

3 3) конструкцияның жобада қабылданған техникалық шешімдерге сәйкестігі;

4 4) пайдаланылатын негізгі материалдар мен бұйымдардың жобалық ерекшелікке сәйкестігі;

5 5) механикалық бүлінулердің, негізгі элементтердің жоба ережесінен ауытқуының болуы;

6 6) бекіту немесе оларға қасбеттік қоршау конструкцияларын тіреу үшін пайдаланылатын ғимараттың (құрылыстың) көтергіш конструкциялары элементтерінің жай-күйі тексеріледі.

68 68. Конструкция жобаға сәйкес болмаған кезде сәйкессіздіктер тізбесі қоса берілетін теріс қорытынды ресімделеді.

69 69. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қайта тексеру жүргізіледі. Қорытындыда кезекті тексеру мерзімі айқындалады.

70 4.3. Қасбеттік қоршау конструкцияларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

70. Конструкцияларды тексеру кезінде адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекет мүлкіне
қауіп төндірумен байланысты сәйкессіздіктер анықталған жағдайда
аккредиттелген ұйым сәйкессіздіктер туралы мемлекеттік органға хабарлайды.
4.3. Қасбеттік қоршау конструкцияларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

71 71. Сыртқы қабырғада қолданылатын қасбеттік қоршау конструкцияларының қауіпсіз сындарлы шешімі болуы, көтергіш қабырғаға қауіпсіз бекітілуі және ғимаратты немесе құрылысты пайдалану кезінде конструкциялардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

72 72. Конструкциялардың көтергіш қаңқасының ұзақ мерзімге шыдамдылығына баға беру кезінде оларды пайдаланудың нормативтік мерзімі осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

73 73. Конструкцияның ғимараттың немесе құрылыстың қызмет ету мерзіміне тең немесе одан асатын қызмет ету мерзімі болуы тиіс.

74 74. Конструкциялар материалдарының нормативтік пайдалану мерзімі жауапкершілігі II деңгейлі ғимараттар үшін кемінде 30 жылды және жауапкершілігі I деңгейлі ғимараттар үшін кемінде 50 жылды құрауы тиіс.

75 75. Конструкциялар сыртқы қабырғаның көтергіш қабілеті конструкцияға жел, қар және жаңбыр жүктемелерінің әсеріне төтеп берген жағдайда ғана пайдаланылуы тиіс.

76 76. Қасбеттік қоршау конструкцияларына қосымша аспа элементтері мен жабдықтарды бекітуге тыйым салынады.

77 77. Конструкциялардың ұзақ уақыттық, таңба ауыспалық, серпінді соққылық, жел, температура және ылғал әсерлеріне орнықты бекітпе, оқшаулау, қаптама материалдары болуы тиіс.

78 78. Осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес конструкциялардың металл элементтері агрессивті орталар ықпалы кезінде тоттанудан қорғалуы тиіс.

79 79. Алюминий қорытпаларынан жасалған металл конструкцияларын биіктігі 100 метрден аспайтын ғимараттарда қолдануға болады.

Жобалау кезінде басқа да техникалық шешімдерден ауытқу жобалау және уәкілетті ұйымдармен келісіледі.

80 80. Анкерлер үшін "жұлынуға" сенімділік коэффициенті осы Техникалық регламенттің талаптарымен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдануы тиіс, бірақ кемінде 5 болуы тиіс.

81 81. Орта агрессивтілігінің кез келген дәрежесі кезінде байланыстық тоттанудан қорғау үшін мына шаралар көзделуі тиіс:

1 1) бекіту жүйесінің барлық элементтерінің бір тектес материалдардан жасалуын көздеу. Бұл жағдайда алюминий қорытпаларынан жасалған және алюминий тойтармаларымен жалғанатын конструкциялар пайдаланылуы тиіс;

2

2) мырышталған немесе тоттануға төзімді болаттан жасалған және алюминий конструкциялармен жанасатын анкерлік бұрандамалар мен басқа да бекіткіш бөлшектердің тиек бастарына гальваникалық байлам үшін полимерлік шайбалар орнатылады немесе түйісу беттері III немесе IV топтағы атмосфералық жауын-шашынға төзімді лак-бояу материалдарымен боялуы тиіс;

3 3) кірпіш немесе бетон конструкцияларымен жанасатын алюминий элементтерінің беттері бір мезгілде термоайырғыш элементтің қызметін де атқаратын металл емес төсеммен қорғалуы тиіс;

4 4) алюминий элементтерінің антисептиктермен өңделген ағаш конструкцияларға тікелей жанасуына рұқсат етілмейді.

82 82. Конструкциялар экранының қаптама элементтері үшін су сіңіруі 0,2 %-дан аспайтын, аязға төзімділігі - кемінде 50 цикл болатын материалдар пайдаланылуы тиіс.

83 4.4. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларын пайдаланылу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

83. Пайдаланудағы конструкцияларды тексеру осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарда көрсетілген кезенділікпен жүргізіледі.
Тексеру конструкцияның пайдалану процесінде пайда болған тозу дәрежесі мен жобадан ықтимал ауытқуларын анықтау мақсатында конструкцияны бұзбай көзбен шолу - құралдық бақылауды білдіреді.
4.4. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларын пайдаланылу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

84 84. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары пайдалану кезінде қауіпсіз шыныдан дайындалуы тиіс.

Қауіптілігі жоғары орындарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіз шыныдан (көп қабатты немесе шыңдалған) жасалған конструкцияларды пайдалану міндетті болып табылады.

85 85. Адамдар көп болатын (әр 2 м 2 1 және одан да көп адам есебімен) жерлерге және өткіндерге арналған қауіптілігі жоғары үй-жайларда қауіпсіз қаптама материалдан, көп қабатты немесе шыңдалған қауіпсіз шыныдан жасалған конструкциялар пайдаланылуы қажет.

86

86. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды (ғимараттардың кіру топтары, шыны төбелер мен шатырлар, балкондар мен лоджиялар, сөрелер, қысқы бақтардың қоршаулары, жарық өткізгіш мөлдір қасбеттер мен аралық жабындар, шыныпакеттер, шыны едендер, баспалдақтардың баспалары, баспалдақтардың қоршаулары, баспалдақ таяныштары, зениттік шамдар, мансардалық терезелер, шыны күнқағарларда) қауіпсіз қолдануға қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.

87 87. Егер олар қираған кезде ірі сынықтар (3 см 2 -ден астам) пайда болмаса шыңдалған шыныдан жасалған конструкцияларды пайдалану қауіпсіз деп есептеледі.

88 88. Адамдардың шыныдан жасалған конструкцияға соқтығысуы мүмкін жерлерде түссіз мөлдір табақтық шыныдан жасалған аралық жабындар мен қабырғаларда оңай байқалатын таңбалау болуы және олар адамның конструкцияға соқтығысуына төтеп беретіндей болуы тиіс.

89 89. Адамдардың конструкцияға соқтығысуы мүмкін жерлерде көп қабатты шыны немесе көп қабатты және шыңдалған шыны үйлесімі немесе адамның конструкция арқылы құлап кетуінің алдын алатын қорғағыш қоршау пайдаланылуы қажет.

90 90. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес берілген биіктіктен құлаған салмағы 45 кг жұмсақ дененің соғылуына төтеп беруі тиіс. Бұл ретте шыныда өтпелі саңылау болмауы тиіс және шыны жақтаушада ұсталып тұруы тиіс.

91 91. Егер жарық өткізгіш мөлдір конструкция пайдалану кезінде нақты бір қорғаныс сыныбының талаптарына сәйкес келсе (жұмсақ дене соқтығысуына төзімділігі), ол одан төменгі қорғаныс сыныптарының талаптарына сәйкес деп қабылданады.

92 92. Қауіпсіз шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды қолданылу талап етілетін үй-жайларда шынының қорғаныс сыныбы кемінде СМ1 болуы тиіс.

93

93. Қауіпсіз шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды пайдалануға қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген, онда (адамның шыныға соқтығысу мүмкіндігі бойынша) қорғаныштық сыныбы берілгеннен төмен болмайтын пайдалануға қауіпсіз шыныларды ғана қолдануға болатын конструкциялардың түрлері көрсетілген.

94 94. Мына: аралық жабындар, қасбеттер, шатырлар мен зениттік шамдар сияқты жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларда шыңдалған шыны, көп қабатты шыны немесе көп қабатты мен шыңдалған шынылардың үйлесімін пайдалану міндетті.

95 95. Зениттік шамдар мен шыны шатырлардың жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларында шыңдалған шыныны астыңғы шыны ретінде (үй-жайдың ішіне қаратылған) пайдалануға тыйым салынады.

96 96. Егер жарық өткізгіш мөлдір конструкциямен соқтығысудың алдын алатын тұрақты қоршаулар көзделмесе, есіктен 0,3 м аз қашықтықта орналасқан шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция қауіпсіз шыныдан (шыңдалған немесе көп қабатты) дайындалуы тиіс.

97 97. Есіктерде немесе аралық жабындарда орнатылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция түріне қарай шынының мына түрлері қолданылуы тиіс:

1 1) егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция бір шыныдан құралған болса, тек қауіпсіз шыны (шыңдалған немесе көп қабатты) қолданылуы тиіс;

2 2) егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция екі қабат шыныдан құралған болса, тек қауіпсіз шыны (шыңдалған немесе көп қабатты) қолданылуы тиіс;

3 3) егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция үш қабат шыныдан құралған болса, шеткі шынылар қауіпсіз (шыңдалған немесе көп қабатты) шыныдан дайындалуы тиіс, аралық шыны нормаланбайды;

4 4) екі қабатты балкон есігінің жарық өткізгіш мөлдір конструкциясы тек қауіпсіз (шындалған немесе көп қабатты) шыныдан дайындалуы тиіс.

98

98. 3-ші қабаттан жоғары орналасқан үй-жайлар балкондарының, лоджиялары мен шыны қасбеттерінің жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларының сыртқы жағын, сондай-ақ, егер оның төменгі шеті еден деңгейінен 700 мм төмен биіктікте орналасқан болса жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкциясының ішкі жағын тек қауіпсіз (шыңдалған немесе көп қабатты) шыныдан дайындауға рұқсат етіледі.

99 99. Егер басқа себептермен қауіпсіз шыны қолдану талап етілмеген болмаса, көп қабатты үйлердің баспалдақ алаңқайлары мен тамбурларында қалыңдығы кемінде 6 мм болатын табақ шыныны пайдалануға рұқсат етіледі.

100 100. Ғимараттар мен құрылыстарда адамдардың термикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сыртқы шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламентте белгіленген энергия үнемдеу жөніндегі талаптарға жауап беретіндей жағдайда жүргізіледі.

101 101. Конструкцияларда күн қуатын сіңіру коэффициенті 50 %-дан асатын шыныны қолданылған кезде ол шыңдалған, ал конструкцияның механикалық қауіпсіздігі осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес есептеу нәтижелерімен расталуы тиіс.

102 102. Терезе немесе есік конструкцияларына орнатылатын шыныларға (шыны пакеттерге) күннен қорғайтын полимерлік үлдірлер жапсыруға рұқсат етіледі, бұл ретте полимерлік үлдірлер жапсырылған шынылар (шыны пакеттер) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

103 103. Жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларда күн энергиясын сіңіру коэффициенті 50 %-дан асатын жапсырылған үлдірі бар (оған үлдір жапсырылған шыны) шыныларды (шыны пакеттерді) қолдану кезінде шыны шыңдалған болуы тиіс.

104 104. Сыртқы шынылауда қолдану үшін шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды таңдау шынылаудың талап етілетін энергия үнемдеу деңгейін қамтамасыз ететіндей жүргізілуі қажет.

105 105. Жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың энергия үнемдеу қабілеті жылу өткізуге үлестік кедергісінің мәнімен сипатталуы тиіс.

106 106. Сыртқы шынылаудың жылу өткізуге үлестік кедергісін осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасында көрсетілген талап етілетін мәндерден кем болмайтындай түрде қабылдау қажет.

107

107. Тұрғын, балаларға арналған, емдеу, көпшілікке арналған, әкімшілік, кеңселік, сауда ғимараттары үшін жарық өткізгіш мөлдір сыртқы конструкцияларға орнатуға қолдану өңірі үшін қалыпты пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі 0,92 құрайтын терезе ортасындағы шынының ішкі бетінің шық түсу нүктесі температурасынан кем болмайтын температураны қамтамасыз ететін шынылар қолданылады.

108

108. Өндіріс ғимараттарының шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір сыртқы конструкцияларына орнату кезінде қолдану өңірі үшін қалыпты пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі 0,92 құрайтын терезе ортасындағы шынының ішкі беті температурасы 0 o С кем болмайтындай шынылар (шығын пакеттер) таңдалып алынуы тиіс.

109 109. Түссіз мөлдір табақ шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар бағытталған жарық өткізу коэффициенті бойынша осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

110 110. Шыныдан жасалған шудан қорғайтын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар әуедегі шудың деңгейін азайту үшін қолданылуы тиіс.

111 111. Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар үшін пайдаланылатын шудан қорғау көрсеткіштері ғимараттар мен құрылыстардың орналасуына байланысты таңдалуы тиіс.

112

112. Шыныдан жасалған шудан қорғағыш жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар көлік көп жүретін магистральдарға шығатын, әуежайларға, шулы өндірістерге, стадиондарға, ойын-сауық мекемелеріне жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың сыртын шынылауда қолданылуы тиіс, бұл ретте шыныдан жасалған конструкциялардың шудан қорғау жөнінде мынадай көрсеткіштері (шудан қорғау көрсеткіштері) қолданылуы тиіс:

1 1) Rw - әуедегі шуды азайту индексі;

2 2) RАавиа — авиакөліктің әуедегі шуын азайту индексі;

3 3) RАтран — жер үсті көлігінің әуедегі шуын азайту индексі.

113 113. Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға шудан қорғау көрсеткіштері бойынша қойылатын ең аз талаптар осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген.

114 4.5. Соққы әсеріне және сынуға төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

114. Қасбеттік қоршау конструкцияларының шудан оқшаулауының талап етілетін мәні 25 дБ көп болмауы тиіс.
4.5. Соққы әсеріне және сынуға төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

115 115. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес берілген биіктіктен құлаған салмағы (4,1 ± 0,02) кг болат шардың соққысына төтеп берсе, соққы әсеріне төзімді конструкцияларға жатады.

116 116. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес берілген кинетикалық энергиясы бар салмағы (2,0 ± 0,1) кг болатын балтамен (балғамен) соққының берілген санына төтеп берсе, сынуға төзімді конструкцияларға жатады.

117 4.6. Оққа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

117. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар белгілі бір соққыға төзімділіктің немесе сынуға төзімділіктің тиісті сыныбының талаптарына сәйкес болса, ол одан да төмен соққыға немесе сынуға төзімділіктің тиісті сыныбының талаптарына сәйкес болады.
4.6. Оққа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

118 4.7. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

118. Егер олар осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасында көрсетілген қарудан атылған оқтың үш рет тиюіне тесілмесе, ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын көп қабатты оққа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар оққа төзімді конструкцияларға жатады.
4.7. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

119

119. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мелдір конструкциялар үшін жарылғыш заттар зарядтарының сырттағы санкцияланбаған жарылысынан пайда болатын әуелік соққы толқынының әсерінен зақымдалудың бастапқы және қайталама факторларынан болатын әлеуетті зиянды жоюға немесе азайтуға мүмкіндік беретін көп қабатты шынылар таңдалып алынуы тиіс.
Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіз сипаты конструкцияның "әйнек-үлдір" композициясының тұтастай үй-жайдың ішіне қарай ұшып түскенде қирауын болдырмауы тиіс.

120

120. Жарылысқа төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция, сондай-ақ "әйнек-үлдір" түріндегі жарылысқа төзімді конструкция осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1 және 2-кестелерінде келтірілген шарттарға сәйкес жарылысқа төзімділік сынақтарына төтеп беруі тиіс. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның қирау сипаты осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасына сәйкес "С" қауіптілік сыныбынан аспауы тиіс.

121 121. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция жарылысқа төзімділіктің белгілі бір сыныбының талаптарына жауап берсе, онда ол жарылысқа төзімділіктің одан төмен сыныптарының талаптарына да жауап береді.

122 122. Сыртқы жарылыс қауіп-қатері және тиісінше шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның жарылысқа төзімділігіне қойылатын талаптар былайша жіктеледі:

1 1) тротил эквивалентімен қуаттылығы 3, 12 және 20 кг алып жүретін бомбамен террористік шабуыл: осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес SВ1 - SВ7 сыныптары;

2 2) тротил эквивалентімен қуаттылығы 30, 40, 64, 80, 100 және 125 кг автокөлік бомбасымен террористік шабуыл: осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес ЕХV45 - ЕХV10 сыныптары.

123

123. Егер жақтауша конструкцияларында шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардан елеулі қирауларға әкеп соқтыруы мүмкін сындарлы жүктемелердің көтергіш конструкцияға берілуінің алдын алу үшін сақтандырғыш иілме элементтер көзделмесе, террористік шабуыл кезінде шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың опырылып құлау қатерін барынша азайту үшін және ғимараттар мен құрылыстардың опырылып құлау қатерін азайту үшін жарылысқа төзімділігі ғимараттың негізгі қоршау және көтергіш конструкцияларының жарылысқа төзімділігінен асатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды орнатуға рұқсат етілмейді.

124

124. Егер сақтандырғыш жақтауша конструкциялары (лақтырылатын немесе ашылатын) ескерілмесе газ-ауа қоспасының көлемді жарылысы кезінде ғимараттар мен құрылыстардың опырылып құлау қатерін азайту үшін жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды ғимараттар мен құрылыс үй-жайларында, сондай-ақ жанғыш газы бар баллондарды сақтау немесе пайдалануға арналған үй-жайларға орнатуға болмайды.

125 125. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қорғаныштық сыныптары мен оларға қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1-4 -кестелерінде келтірілген.

126 4.8. Оттан қорғалған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

126. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар ғимараттар мен құрылыстардың мақсатына қарай сыртқы жарылыс қауіп-қатерін талдауға сәйкес, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарға іргелес аумақтың жалпыға қол жетімділігін ескере отырып, таңдалып (шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың опырылып құлау қатерін барынша азайтуға қатысты талаптарды ескере отырып) алынуы тиіс.
Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды қолдануға қойылатын ең аз талаптар осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 5-кестесінде келтірілген.
4.8. Оттан қорғалған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

127

127. Өрт шығу кезінде адамдардың өмірі мен материалдық құндылықтарды қорғау, оттың таралуына жол бермеу, көшіру жолдарын қорғауды қамтамасыз ету үшін, өрт шығу ошақтарын шектеу үшін оттан қорғалған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларында отқа төзімділік талаптарына сәйкес отқа төзімді шыныларды ғана қолдану рұқсат етіледі.

128 128. Отқа төзімді арнайы шыныны қолдана отырып, шыныдан жасалған жарыққа мөлдір конструкциялар мыналардан:

1 1) термикалық өңдеу сынағынан өткен шыңдалған шыныдан (100% бақылау);

2 2) отқа төзімді көп қабатты шыныдан;

3 3) отқа төзімді арматураланған шыныдан дайындалуы тиіс.

Сұйық толтырғышы бар шыны пакеттерін оттан қорғағыш шыны ретінде қолдануға жол берілмейді.

129 129. Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету үшін отқа төзімді шыныдан жасалған конструкциялардың мынадай белгіленуін қолдану қажет: Е, ЕІ, ЕW қаріптерімен шыныдан жасалған конструкциялардың отқа төзімділік сыныбы белгіленеді, одан әрі минутпен берілген отқа төзімділік шегі сандармен белгіленеді.

130 130. Оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияға отқа төзімділік шегі сынақ нәтижелері бойынша беріледі: отқа төзімділіктің ең төменгі шегі 30 минутті құрауы тиіс, одан әрі отқа төзімділік шегінің деңгейлері - 45 минут, 60 минут және 30 минут аралықпен одан да жоғары.

Егер оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның сынау нәтижелері бойынша белгіленген отқа төзімділік шегі аралық шаманы білдірсе, онда мұндай шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияға отқа төзімділік шегі бойынша жақын тұрған төменгі деңгей беріледі.

131

131. Отқа төзімді шыныдан жасалған конструкциялар үшін оттан қорғалған шыныға қолданылатын белгілеулер қолданылады. Бұл ретте өндіруші (сатушы) отқа төзімді шыныға нақты шыныны сынаудың нәтижелері бойынша кез келген үлгілік жақтауша конструкция жиынтығындағы отқа төзімділік сыныбын және шегін тағайындауға құқылы.

132 132. Оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды мыналардан дайындалуы керек:

1

1) Е сыныбы шынысынан - отқа төзімділігін сынау кезінде белгіленген отқа төзімділік шегінде өзінің бүтіндігін сақтауы, қорғалатын жаққа қарай өрттің және жану өнімдерінің енуіне кедергі болатындай физикалық кедергі ретінде әрекет етуі тиіс. Е класы үшін өртке қарама қарсы жақта орналасқан шыны беті температурасының өсуі шектеулері белгіленбеген, сондай-ақ ол жылу сәулеленуін (ыстықты) өткізеді;

2 2) ЕW сыныбы шынысынан - Е класындағы шыныдан жасалған оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптарға қосымша отқа төзімділіктің белгіленген шегі ішінде өткізілетін жылу сәулеленуін шектеуі (10 кВт/м 2 көп емес) тиіс;

3

3) ЕІ сыныбы шынысынан (шыныдан жасалған оттан қорғалған оқшаулағыш конструкция) — Е сыныбы шынысынан жасалған оттан қорғағыш конструкцияға қойылатын талаптарға қосымша отқа төзімділіктің белгіленген шегінде өткізілетін жылу сәулеленуін адамға қауіпсіз болатындай деңгейге дейін шектеп (2,5 кВт/м 2 көп емес) отырылуы тиіс. ЕІ сыныбы бұйымның отқа қарама қарсы жағында орналасқан шыны бетінің орташа жоғарылау температурасы 140 o С аспауы тиіс.

133 133. Оттан қорғау конструкцияларына қойылатын талаптар:

1 1) отқа төзімді арматураланған шыныны тек Е30 сыныбы шынысынан жасалған оттан қорғалған жарыққа мөлдір конструкцияларда ғана қолдануға болады;

2 2) Е сыныбының отқа төзімді шынысын тез тұтанғыш материалдары бар көшіру жолдары мен жайлардың оттан қорғалған жарыққа мөлдір конструкцияларда қолдануға болмайды;

3 3) Е сыныбының отқа төзімді шынысын, егер отқа қарсы кедергідегі шынылаудың жалпы ауданы кедергінің 25 %-нан асатын болса, оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларда қолдануға болмайды.

134 134. Ғимараттардың мына элементтерінде тек ЕІ сыныбының отқа төзімді шынысын қолдануға болады:

1 1) көшіру жолдарының қорғалуын қамтамасыз ететін өртке қарсы кедергілердің шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары;

2 2) басқа ғимараттарға тікелей жақын орналасқан шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары (от пен жылу энергиясының берілуінен өрттің жақын орналасқан ғимараттарға таралуының алдын алу үшін);

3

3) сыртқы көшіру жолдарының тікелей жақын орналасқан (мысалы, ғимарат қабырғаларына немесе шатырдың көлденең бөліктері арқылы өтетін көшіру жолдарына тікелей жақын) терезелердің немесе шатырлардың шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары, сондай-ақ сыртқы көшіру жолдарына әкелетін есік конструкциялары;

4 4) іргелес жатқан ішкі көшіру сатыларын қоршап тұрған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мелдір қасбеттің сыртқы конструкциялары;

5 5) биік ғимараттардағы өртке қарсы баспаналардың жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары;

6 4.9. Конструкциялардың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

6) қасбеттің ішкі бұрышында ғимараттың әртүрлі бөліктерінің арасына өрт таралуының алдын алатын кедергі рөлін атқаратын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір сыртқы конструкциялар.
4.9. Конструкциялардың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

135 135. Конструкциялардың тіршілік циклінің барлық сатыларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы заңнамаларға, техникалық регламенттерге және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген талаптар орындалуы тиіс.

136 136. Конструкцияларды жобалау және монтаждау кезінде мына талаптар орындалуы тиіс:

1 1) конструкциялық шешімдер конструкцияның ішкі қуысына өрт жалынының ену ықтималдығына болдырмауы тиіс;

2

2) терезе және есік қуыстарының бүкіл бойымен қаптаманың астына қалыңдығы кемінде 0,55 мм мырышталған болаттан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған қорғағыш маңдайша-экрандар орнатылуы тиіс. Экрандар қуыстың тиісті қиябетінен шетіне қарай кемінде 70 мм болатын қашықтықта негіз бен қаптаманың арасындағы саңылаудың бүкіл ені бойында конструкцияның негізгі жазықтығына перпендикуляр орналасуы тиіс;

3 3) ғимараттарда әртүрлі биіктіктегі шатыр учаскелері болған жағдайда соңғысы оған жоғарыдан жанасып жатқан шатырмен бүкіл жанасу контуры бойынша түйісу шекарасынан кемінде 3 м пайдаланылатын ені болуы және қасбеттік қоршау конструкцияларында қуыстар болуы тиіс;

4 4) ғимараттан шығатын жерлерде жоғарғы жағынан биіктігі 15 м дейін ғимарат конструкциясынан кемінде 1,2 м-ге шығыңқы және биіктігі 15 м және одан жоғары ғимараттардың кемінде 2,0 м шығыңқы етіп жанбайтын материалдан жасалған қорғауыш аспалар (мандайшалар) орнатылуы тиіс.

137 137. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қасбеттік қоршау конструкцияларына оттың таралуына кедергі болатын жануы қиын немесе жанбайтын санаттарға жататын материалдар мен бұйымдар қосылады.

138 138. Конструкцияларды өндіру кезінде кәсіпорынның барлық қызметтерінің және өндіріске қатысы бар жұмысшылардың жұмыстары осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өндірістің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілетіндей түрде ұйымдастырылуы тиіс.

139 139. Қаптама тақташаларда сәндік тас үгіндісін желімдеу үшін қолданылатын эпоксидтік және полиэфирлік шайырлардың негізіндегі компаундылардың немесе 600 г/м 2 аспайтын мөлшерде жұмсалатын акрилдық композициялардың болуы қасбеттік қоршау конструкцияларының өрт қауіптілігін ұлғайтпауы тиіс.

140 140. Қасбеттік қоршау конструкцияларында ішкі қабаты алюминий гидроксиді негізіндегі жанбайтын материалдан жасалған жазық үш қабатты бұйымдар түріндегі қаптамаларды қолдануға рұқсат етіледі.

Өрт қаупін елеулі дәрежеде төмендету үшін қасбеттік қоршау конструкцияларында балқу температурасы барынша жоғары алюминий қорытпаларын пайдалану қажет.

141 141. Қасбеттік қоршау конструкцияларын мынадай жағдайларда:

1

1) техникалық куәлікте көзделмеген материалдарды жазықтықтарды қаптауға және бекіткіш бұйымдарды, жылытқышты дайындау үшін пайдалану кезінде (яғни, енгізілген өзгерістер, оның ішінде жаңа конструкциялық шешімдер жарамдылықты растау үшін жаңадан отпен сынауды, жаңа техникалық куәлікті толтыруды немесе қолданыстағы куәлікке өзгерістер енгізуді талап ететін болса);

2 2) қасбеттік қоршау конструкцияларында отпен сынаудан өтпеген және тек ұқсас материалдардың жанғыштық және тұтанғыштық топтарының сәйкестігіне негізделумен ғана қабылданған материалдарды қолдану;

3 3) техникалық куәлікте көзделген және қасбеттік қоршау конструкцияларының өрт қауіптілігі сыныбымен және осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттармен регламенттелген биіктігі бұзылған жағдайда;

4 4) қасбеттік қоршау конструкцияларында пайдаланатын материалдардың шығу тегін және сапасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда қолдануға рұқсат етілмейді.

142 142. Қасбеттік қоршау конструкциясы арқылы өрттің таралуына жол бермеу үшін терезе қуыстарын өрт кезінде қалқалап тұратын құрылғылармен қорғауды көздеу қажет.

Қасбеттік қоршау конструкцияларының өрт қауіптілігі конструкциялардың өрттің дамуына қатысу дәрежесін және олардың өрттің қауіпті факторларын туындату қабілетін айқындау үшін қаптаманың түріне байланысты өрт қауіптілігі бойынша жіктелуі тиіс.

143 143. Өрт қауіпсіздігі жанбайтын және әлсіз жанатын композиттік материалдарды өртке қарсы қорғану жөніндегі сындарлы шешімдермен үйлестіріп қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

144 144. Қасбеттік қоршау конструкцияларының учаскелері периметрі бойынша ғимараттан шығатын барлық көшіру жолдарының әр еңісінен жанбайтын минералды-мақталық тақташаларын жылытқыш ретінде қолдана отырып, ені кемінде 1 м болатындай жасалынуы тиіс.

Қасбеттік қоршау конструкцияларының учаскелері өрт баспалдағының, сыртқы кіреберіс баспалдағы кескінінің бүкіл биіктігі шегінде және баспалдақтың тиісті шетінен санағанда әр бүйірлік жағына қарай кемінде 0,5 м жанбайтын минерал-мақталық тақташалар қолданылып жасалуы тиіс.

145 145. Жобалауға арналған материалдарда көрсетілген конструкцияның техникалық шешімдерінен ауытқулар, көзделген материалдар мен бұйымдарды басқасына алмастыру жобалау ұйымдарымен келісіледі.

146 4.10. Конструкциялардың санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық қауіпсіздіктеріне және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар

146. Сәндік-қорғағыш сылағы бар қасбеттік қоршау конструкцияларында кесіп, жиектеу мен жиектеуді орындау үшін қасбеттік қоршау конструкцияларында қолдануға рұқсат ету құжатына бар тас жыныстардан жасалған талшықтары бар және талшықтарының балқу температурасы кемінде 1000 o С болатын жанбайтын минералды-мақталық тақташалар қолданылуы қажет.
4.10. Конструкциялардың санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық қауіпсіздіктеріне және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар

147

147. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды өндіру кезінде қолданылған көп қабатты шынылар және шыны пакеттердің, барлық негізгі материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен расталуы тиіс.
Осы Техникалық регламенттің қалған объектілері үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін растау талап етілмейді, себебі олардың қауіпсіздігі материалдың қасиеттерімен қамтамасыз етіледі.

148 148. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық

өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламентте белгіленген
ғимараттар мен құрылыстарда адамдардың көру қауіпсіздігі, термикалық
қауіпсіздігі және шудан қорғауға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

149 149. Олардың тіршілік циклінің барлық сатыларындағы конструкциялардың радиациялық қауіпсіздігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етілуі тиіс.

150 150. Конструкциялар адам ағзасына жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін және осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарда белгіленген шекті рұқсат етілетін мәннен асатын мөлшерде қоршаған ортаға радиоактивті сәулелену көзі болмауы тиіс.

151 151. Сәулеленудің күтілетін жеке жылдық қарқынды мөлшері конструкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау өлшемдері болып табылады, оларды жоспарланған түрде пайдалану кезінде 10 мкЗв аспауы тиіс, ал жылдық қарқынды мөлшері бір адамға - Зв артық болмауы тиіс.

152 152. Адамға және қоршаған ортаға радиация әсерін тигізуі мүмкін конструкцияларды санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз айналымда

қолдануға рұқсат етілмейді.
Конструкциялардың радиациялық қауіпсіздігінің нақты нормативтері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарда белгіленеді.

153 153. Конструкциялардың әрбір партиясы кәдеге жарату кезінде радиациялық бақылаудан өткізілуге тиіс.

154 154. Радионуклидтермен ластанған конструкциялардың элементтерін кәдеге жарату жұмыстарын жүргізетін персонал ұшқынға төзімді, жақсы активсіздендірілген материалдардан жасалған арнайы жеке қорғану құралдарымен жарақталуы тиіс.

155

155. Конструкцияларды өндіру кезінде үлесті бета-белсенділігі 0,3 - 100 кБк/кг, немесе үлесті альфа-белсенділігі 0,3-10 кБк/кг, немесе құрамындағы трансурандық радионуклидтер мөлшері 0,3 - 1,0 кБк/кг болатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана шектеулі түрде қолдануға болады және олар міндетті радиациялық бақылауға жатады.

156 156. Қайта өңдеу ұйымдарына жөнелтуге арналған ластанған шикізат активсіздендірілгеннен кейін қосарлы радиоактивті қалдықтардың пайда болуын болдырмайтын радиациялық объектілерінде одан әрі пайдаланудың кез келген нұсқалары кезінде алдын ала өңдеуге жатады.

Өндіріс процесінде радиоактивті заттарды қолданатын кәсіпорындардан жіберілген қосарлы материалдардың тобы активсіздендіру туралы құжаттармен қамтылуы тиіс.

157

157. Құрамында радионуклидтер бар материалдарды активсіздендіру немесе басқа да әдіспен өңдеу жүргізілетін ұйымдардың санитарлық төлқұжаты және көрсетілген қызмет түрлерін жүргізуге лицензиясы болуы тиіс. Шикізатты өңдеу және оны одан әрі пайдалану технологиясы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының негізінде әзірленіп, бекітіледі.

158 4.11. Конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

158. Өзге материалдардан жасалған конструкцияларды өндіру кезінде қоршаған ортаны ластамайтын технологиялық процестер қолданылуы және оны қорғау мақсатындағы іс-шаралар кешені көзделуі тиіс.
4.11. Конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

159 159. Конструкциялар сақтау мен тасымалдауға тиісті түрде оралып және таңбаланған жағдайда жіберіледі.

Конструкциялар қатты заттарға кездейсоқ соғылудан, жанасудан және дірілден қорғауды қамтамасыз ететін жәшіктерге, пакеттерге, пирамидаларға, контейнерлерге немесе өзге де ыдыс түрлеріне салынуы тиіс.

160 160. Шыныдан жасалған конструкцияларды сызаттағыш қосындылары жоқ және оның сақталуын қамтамасыз ететін жұмсартқы материалы бар ыдысқа орнатады.

161 161. Ыдыс жүктерді тасымалдау шарттарына сәйкес тасымалдау және сақтау жағдайларында есептік жүктемелерге төтеп беруі тиіс. Ыдысқа арналған нормативтік құжаттарда ыдысқа салынатын конструкциялардың ең жоғары саны көрсетілуі тиіс.

162 162. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың арасына сызаттағыш қосындылары жоқ төсеме материалдар төселуі немесе арнайы ұнтақ себілуі тиіс.

163 163. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциясының таңбалануы төменде көрсетілген талаптарға сәйкес салынуы тиіс:

1 1) көп қабатты шыныдан жасалған конструкцияның төменгі сол жақ бұрышына үй-жай ішінен оқылатын және мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауын және/немесе тауар белгісін; дайындалған айы мен жылын; көп қабатты әйнектің шартты белгісін қамтитын шайылмайтын анық таңбалау салынады;

2 2) шыңдалған шыныдан жасалған конструкцияның төменгі сол жақ бұрышына (үй-жайға қатынасы бойынша) мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауы және/немесе тауар белгісін, шыңдалған шынының шартты белгісін қамтитын шайылмайтын анық таңбалау салынады.

Жабыны бар шыңдалған шынының жабыны жоқ жағынан төменгі сол жақ бұрышына (үй-жайға қатынасы бойынша) таңбалау салынады;

3 3) әр Шыны пакетке (қашықтық жақтаушаға немесе үй-жайға қатынасы бойынша шынының төменгі сол жақ бұрышына) шайылмайтын, анық үй-жай ішінен оқылатын және мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауын және/немесе тауар белгісін, дайындалған айы мен жылын қамтитын таңбалау салынады.

Жарық өткізгіш мөлдір қоршағыш конструкцияларда көп қабатты немесе шыңдалған шыны қолданылған жағдайда таңбалауда қолданылған көп қабатты немесе шыңдалған шынының шартты белгісі көрсетілуі немесе көп қабатты немесе шыңдалған шынының таңбасы көрініп тұратындай етіп орналастырылуы тиіс;

4 4) отқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршаудың әрбір конструкцияларында мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауын және/немесе тауар белгісін; шартты белгісі және/немесе сауда белгісін; отқа төзімділік сыныбын; қалыңдығын, мм қамтитын шайылмайтын анық таңбалау салынады.

164 164. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкцияларындағы, сондай-ақ ыдыстағы таңбалау конструкция туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1 1) дайындаушы кәсіпорынның атауы және/немесе тауар белгісі;

2 2) шартты белгісі;

3 3) конструкциялардың данамен көрсетілген саны.

165

165. Конструкцияларды тасымалдау кезінде сақталуы және атмосфералық әсер етулерден, соққы мен дірілден қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда барлық көлік түрлерімен тасымалданады. Конструкцияларды көлік құралдарына орналастыру және бекіту өнім салынған ыдыс тасымалдау барысында ығысып кетпейтіндей және оны көлік құралынан түсіру кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін түрде жүргізілуі тиіс.

166 166. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкцияларын тасымалдау кезінде контейнерлерде, жәшіктерде немесе өзге де ыдыс түрлерінде олар қозғалыс бағыты бойынша орналасатындай етіп (су көлігімен тасымалдаудан басқа) жайғастырады.

167 167. Конструкцияларды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде олардың механикалық зақымдалудан сақталуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс.

168 168. Кез келген конструкцияны адамдардың үстінен алып өтуге тыйым салынады.

169 169. Конструкцияларды тиеу-түсіру және тасымалдау операцияларын жүзеге асыратын барлық персонал бұл операцияларды орындау ережелері мен оларды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін оқыған болуы тиіс.

170 170. Конструкцияларды тиеу-түсіру және тасымалдау операцияларын орындайтын барлық персонал қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі және оларды бұл операцияларды орындау кезінде міндетті түрде қолдануы тиіс.

171 171. Конструкциялар мен олардың құрамдас элементтері құрғақ

жылытылатын жабық жайларда сақталуы тиіс.

172 172. Конструкцияларды сақтау кезінде (ыдыста немесе ыдыссыз) арнайы жұмсартқыш төсемдерге тігінен 3-15 о бұрышпен еңкейтілген күйі орнатылуы тиіс.

173 173. Конструкцияларды сақтау кезінде олардың арасына төсем материалдар салынып немесе бетіне конструкцияны зақымдамайтын арнайы ұнтақтар себілуі тиіс.

174 4.12. Конструкцияларды кәдеге жарату кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

174. Егер тасымалдау ыдысы ылғал болса, оны жабық жайларда ашып және конструкцияның кебуін қамтамасыз ету қажет.
4.12. Конструкцияларды кәдеге жарату кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

175 175. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге жатпайтын конструкция қалдықтарын кәдеге жарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

176 176. Конструкциялар мен олардың элементтерін кәдеге жарату оларды өнеркәсіптік қайта өңдеу жолымен жүргізілуі тиіс.

177

177. Құрамында қымтағыштары, металл бұйымдары бар конструкциялардың қалдықтарын (шыны пакеттер мен арматураланған шыны) кәдеге жарату кезінде жинақтаушы бұйымдарға бөлшектелуі тиіс (өнеркәсіптік қайта өңдеуге жатпайтын шыны және шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкциялар қалдықтарынан басқа). Жинақтаушы бұйымдардың әрбір түрі жеке кәдеге жаратуға жатады.

178 178. Қаптама немесе жылудан оқшаулағыш элементтер қолданылған конструкциялар бұл элементтер үшін белгіленген кәдеге жарату ережелері бойынша кәдеге жаратылуы тиіс.

179 5. Конструкциялардың техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау

179. Бөлшектеу жұмыстарды жүргізу ережелеріне қойылатын талаптар, оның ішінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптары белгіленуі тиіс технологиялық құжаттар бойынша орындалуы тиіс.
5. Конструкциялардың техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау

180

180. Конструкцияларда қолданылатын материалдардың сәйкестігін міндетті және еркін растау қолданыстағы заңнамаға , "Құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылымдардың қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 96 қаулысына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

181

181. Сәйкестікті міндетті растау конструкцияларды өндіру үшін пайдаланылатын материалдар мен элементтер оған Қазақстан Республикасы қосылған және конструкцияның бұл элементтерінің сәйкестігін міндетті түрде растау көзделген халықаралық келісімдердің, конвенциялар мен өзге де құжаттардың қолданылу саласына жатқызылған жағдайда қолданылады.

182 182. Конструкцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және олардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін конструкциялардың сипаттамаларына қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу кезінде үйлестірілген стандарттар қолданылады.

183 183. Үйлестірілген стандарттарда конструкция материалдары мен элементтерінің тұтынушылық қасиеттерін (сапасын) сипаттайтын көрсеткіштермен қатар қауіпсіздікті айқындайтын көрсеткіштердің нақты сандық мәндері түрінде сандық сипаттамалар мен сәйкестік презумпциясының қағидаты белгіленген.

184 184. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес конструкциялар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.

185

185. Конструкциялар олардың талаптары үйлестірілген стандарттарда көрсетілген талаптардан төмен емес өзге де стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген нормалардан төмен емес шарттарда дайындалуы мүмкін.

186 186. Конструкциялардың осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау мынадай:

1 1) жобалардың сараптау;

2 2) пайдалануға қабылдау кезеңдерде жүргізіледі.

187 187. Конструкциялардың сәйкестігін бағалауды және пайдалануға қабылдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссия жобалық құжаттардың сәйкестігін тексергеннен кейін жүргізіледі.

188 6. Үйлестірілген стандарттар тізімі

188. Техникалық регламенттердің өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың орындалуын бағалау өрт қауіпсіздігі туралы заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Үйлестірілген стандарттар тізімі

189 189. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізімі (дәлел қоры) осы Техникалық регламенттің 11-қосымшасында келтірілген.

190 7. Өтпелі кезең

190. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін конструкцияға арналған қолданыстағы стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
7. Өтпелі кезең

191

191. Осы Техникалық регламент күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік техникалық құжаттары басқа материалдардан жасалған конструкциялардың қауіпсіздігіне, осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын және сәйкес келмейтін бөлігінде түзетуге немесе белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.

192 192. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнімен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Ауа саңылауына қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
1-қо­сым­ша
Ауа саңылауына қойылатын талаптар
Тер­ми­ка­лық үз­гіш жік
Қап­тай­тын тақ­та­ша ауда­ны, м 2
Қа­лыңды­ғы, мм
Ес­кер­ту
Ені 2-10 мм көл­де­нең және тік жік­тер
0,4 және одан астам
50
Ауа­ның кі­ру­іне және шы­ғуы­на ар­нал­ған са­ңы­ла­у­лар­дың қи­ма ауда­ны ке­мін­де 50 см 2 /м бо­луы ти­іс
0,4 және одан аз
30
Ені 2-10 мм көл­де­нең жік­тер
0,4 және одан астам
40
0,4 және одан аз
20

2 Қасбеттік қоршау конструкцияларының жылу оқшаулауыш материалдарына қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
2-қо­сым­ша
Қасбеттік қоршау конструкцияларының жылу оқшаулауыш материалдарына қойылатын талаптар
Қа­лыңды­ғы, мм
Тығ­ы­зды­ғы, кг/м 3 көп емес
Жан­ғыш тығы
Жы­лу өт­кіз­гіш­ті­гі, Вт/м К, көп емес,
Қы­сы­лу­ға бе­рік­ті­гі (10%-дық де­фор­ма­ци­я­ла­ну ке­зін­де), кПа, кем емес
Су сі­ңі­ру­ші­лі­гі, кө­ле­мі бой­ын­ша %, көп емес
10 o С-та
25 o С-та
Пай­да­ла­ну жағ­дай­ла­ры ке­зін­де
А
Б
75
50-ден 75 дей­ін
НГ
0,047
0,077
-
-
125
75-тен жо­ға­ры 125 дей­ін
НГ
0,049
0,072
-
-
150
101-ден 150 дей­ін
НГ
0,052
0,070
-
-
225
201-ден 250 дей­ін
НГ
0,054
-
0,045-тен 0,100 дей­ін
30-дан 40 дей­ін
50, 80,100, 120,150
28-33
НГ
0,033
0,035
0,036
0,04
7
1,5
50, 70, 100, 120, 140, 150, 160, 180
46-50
НГ
0,033
0,035
0,036
0,040
3
1,5
30, 40, 50
80...110
Г1 (негіз НГ)
0,032
0,034
0,040
0,043
-
-

3 Қасбеттік қоршау конструкцияларының экраны материалдарына қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
3-қо­сым­ша
Қасбеттік қоршау конструкцияларының экраны материалдарына қойылатын талаптар
Ма­те­ри­ал
Сызық­тық ке­ңею ко­эф­фи­ци­ен­ті, o С -1
Ми­нус 40 o С-тан +80 o С-ға дей­ін­гі ауқым­да­ғы де­фор­ма­ция ша­ма­сы, мм/м
Нор­ма­тив­тік пай­да­ла­ну мер­зі­мі
Экран­ның қа­лыңды­ғы, мкм
Бо­лат
0,1-10 -4
1,20
5 жыл
Мы­ры­шты жа­бын­ның қа­лыңды­ғы 20 мкм дей­ін
10 жыл
Мы­ры­шты жа­бы­ны­ның қа­лыңды­ғы ке­мін­де 20 мкм және лак-бо­яу жа­бын­ның қа­ба­ты ке­мін­де 40 мкм
Қыш гра­нит
0,06-10 -4
0,71
50 жыл
Тақ­та­ша­ның қа­лыңды­ғы ке­мін­де 7 мм
Алю­ми­ний қо­рыт­па­сы
0,24-10 -4
2,88
20 жыл
АД 31ТІ алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­нан жа­сал­ған анод­тал­ған эле­мент­тер үшін анод­тық то­тығу қа­ба­ты ке­мін­де 15 мкм
35 жыл
АД 31ТІ алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­нан жа­сал­ған анод­тал­ған эле­мент­тер үшін анод­тық то­тығу қа­ба­ты ке­мін­де 15 мкм және лак-бо­яу жа­бын қа­ба­ты үшін ке­мін­де 40 мкм
40 жыл
6060 және 6063 мар­ка­лы алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­нан жа­сал­ған эле­мент­тер үшін
50 жыл
Алю­ми­ний­лі-мы­ры­шты жа­бын­ның (галь­ва­люм неме­се галь­ва­люм) бо­лат (тот­та­ну­ға тө­зім­ді бо­лат­тан жа­сал­ған) эле­мент­тер үшін қа­лыңды­ғы ке­мін­де 20 мкм кем емес және лак-бо­яу жа­бын қа­ба­ты үшін ке­мін­де 40 мкм
Шы­ны
90-10 -7
0,25
50 жыл
Та­ба­ғы­ның қа­лыңды­ғы 15 мм дей­ін үз­дік­сіз про­кат­тал­ған шы­ны­дан жа­сал­ған эле­мент­тер үшін

4 Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларын пайдалану кезінде оларды қауіпсіз қолдануға қойылатын талаптар (адамның шыныға соқтығысу мүмкіндігі жағынан)

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
4-қо­сым­ша
Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларын пайдалану кезінде оларды қауіпсіз қолдануға қойылатын талаптар (адамның шыныға соқтығысу мүмкіндігі жағынан)
Са­на­ты
Үй-жай түр­ле­рі және си­патта­ма­ла­ры
1 ти­пі
2 ти­пі
3 ти­пі
4 ти­пі
5 ти­пі
6 ти­пі
7 ти­пі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Тік ара­лық қа­быр­ға­лар
Тік және/неме­се көл­беу ара­лық қа­быр­ға­лар
Есік­тер
Ша­тыр­лар
Тө­бе­лер
Д>0,5 м
h<0,9 м
Д>0,5 м
h<0,9 м
h> 0,9 м
1
Тұр­ғын үй-жай­ла­ры, ба­ла­лар, оқу және ем­деу ме­ке­ме­ле­рі­нің үй-жай­ла­ры
Шың­дал­ған СМ3
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ2
Нор­ма­лан­бай­ды
Та­бақ­ты, шың­дал­ған, көп қа­бат­ты
1-3 тип­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды қа­ра­ңыз және бас­пал­дақ алаң­ша­сы­на шы­ға­тын есік­тер үшін ерекше та­лап­тар
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ1
Шың­дал­ған СМ3
2
Кең­се үй-жай­ла­ры мен са­уда алаң­да­ры
Шың­дал­ған СМ3
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ2
Нор­ма­лан­бай­ды
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ1
Шың­дал­ған СМ3
3
Адам­дар шо­ғыр­ла­на­тын жер­лер (1, 2 және 4 са­нат­тар­дың үй-жай­ла­рын қо­с­па­ған­да)
Шың­дал­ған СМ3
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ2
Шың­дал­ған СМ3
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ1
Шың­дал­ған СМ3
4
Ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды жи­на­у­ға және сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар, оның ішін­де жал­пы­ға қол­же­тім­ді
Шың­дал­ған СМ3
Көп қа­бат­ты СМ2
Нор­ма­лан­бай­ды
Көп қа­бат­ты СМ2
Көп қа­бат­ты СМ1
Шың­дал­ған СМ3
Ескерту:
h еден деңгейінен терезеалдының биіктігі, Д - шынылаудың әр жағы беттері бойынша еден деңгейлерінің арасындағы айырмашылық; б - қабырғаның тік бетке қатысты еңкею бұрышы
1 типті құрылым: (б <15 o ) Д < 0,50 м және h < 0,9 м тік қабырғалар (аралық қабырға, қасбеттер, қабырғалардың терезе алды бөліктері және т.б.)
2 типті құрылым: (б >15 o ) Д > 0,50 м және h < 0,9 м тік қабырғалар (аралық қабырға, қасбеттер, қабырғалардың терезе алды бөліктері және т.б.)
3 типті құрылым: (б >15 o ) және h > 0,9 м тік қабырғалар (аралық қабырға, қасбеттер, қабырғалардың терезеалды бөліктері және т.б.)
4 типті құрылым: адамның шыныға соқтығысуы мүмкін болатын адам қызметінің аумағына шектейтін басқа да қабырғалар (аралық қабырғалар). Беріктігі СМІ корғаныштық сыныбының талаптарына сәйкес табақты шыныны қолдануға рұқсат етіледі. Қолданылатын көп қабатты немесе шыңдалған шынының қорғаныштық сыныбына талаптар қойылмайды.

5 Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
5-қо­сым­ша
Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар
1-кесте
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
Құ­лау би­ік­ті­гі, мм,
СМ1
300±30
СМ2
700±30
СМ3
1200±30
СМ4
2000±50
Соққыға және сынуға төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар
2-кесте
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
Құ­лау би­ік­ті­гі, мм
Соқ­қы­лар­дың жиын­тық са­ны
Шар­мен сы­нау
Р1А
1500±20
3
Р2А
3000±20
3
Р3А
6000±20
3
Р4А
9000±20
3
Р5А
9000±20
3Ч3*
Бал­та­мен және бал­ға­мен сы­нау
Р6В
-
30-дан 50-ге дей­ін
Р7В
-
50-ден жо­ға­ры 70-ке дей­ін
Р8В
-
70-тен жо­ға­ры
*- үш нүктенің әр қайсысына үш соққыдан беріледі.

6 Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын оққа төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
6-қо­сым­ша
Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын оққа төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
Қа­ру тү­рі
Па­трон­ның ата­уы мен ин­дек­сі
Оқ­тың си­патта­ма­сы
Атыс қа­шық­тығы, м
Өзек ти­пі
Сал­ма­ғы, г
Жыл­дамды­ғы м/с
1
2
3
4
5
6
7
П1
Ма­ка­ров пи­сто­ле­ті (ПМ)
9-мм 57-Н-181С пи­сто­лет па­тро­ны, Пст оғы­мен
бо­лат
5,9
315±10
50,05
"На­ған" тип­ті ре­воль­вер
7,62-мм 57-Н-122 ре­воль­вер па­тро­ны, P оғы­мен
қор­ға­сын
6,8
285±10
50,05
П2
ПСМ ар­найы ша­ғын ка­либр­лі пи­сто­ле­ті
5,45-мм 7Н7 пи­сто­лет па­тро­ны, Пст оғы­мен
бо­лат
2,5
320±15
50,05
То­ка­рев пи­сто­ле­ті (ТТ)
7,62 мм 57-Н-134С пи­сто­лет па­тро­ны, Пст оғы­мен
бо­лат
5,5
430±15
50,05
П2а
12-ші ка­либр­лі аң­шы­лық қа­ру
18,5-мм аң­шы­лық па­тро­ны
қор­ға­сын
35,0
400±10
50,05
АК-74 ав­то­ма­ты
5,45-мм 7Н6 па­тро­ны, ПС оғы­мен
бо­лат, тер­ми­ка­лық ны­ғай­ты­л­ған
3,4
900±10
5-10
АКМ ав­то­ма­ты
7,62-мм 57-Н-231 па­тро­ны, ПС оғы­мен
бо­лат, тер­ми­ка­лық ны­ғай­ты­л­ған
7,91
725±15
5-10
П4
АК-74 ав­то­ма­ты
5,45-мм 7Н10 па­тро­ны, ПП оғы­мен
бо­лат, тер­ми­ка­лық ны­ғай­ты­л­ған
3,6
900±10
5-10
СВД мы­л­тығы
7,62-мм 57-Н-323С па­тро­ны, ЛПС оғы­мен
бо­лат, ны­ғай­ты­л­ған
9,6
830±10
5-10
П5
АКМ ав­то­ма­ты
7,62-мм 57-Н-231 па­тро­ны, ПС оғы­мен
бо­лат, тер­ми­ка­лық ны­ғай­ты­л­ған
7,9
725±15
5-10
П5а
АКМ ав­то­ма­ты
7,62-мм57-БЗ-231 па­тро­ны, БЗ оғы­мен
ар­найы
7,6
735±15
5-10
П6
СВД мы­л­тығы
7,62-мм СТ-М2 па­тро­ны
бо­лат, ны­ғай­тыл­ма­ған
9,6
830±10
5-10
П6а
СВД мы­л­тығы
7,62-мм 7-БЗ-3 па­тро­ны, Б-З2 оғы­мен
ар­найы
10,4
820±20
5-10

7 Алып жүретін бомбамен террористік шабуылдау қаупі төнген кезде ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
7-қо­сым­ша
Алып жүретін бомбамен террористік шабуылдау қаупі төнген кезде ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар
1-кесте
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
За­ряд­тың сал­ма­ғы ТНТ, кг
Жа­ры­лыс бо­луы мүм­кін жер­ден қа­шық­тығы, м
ЖСТ оң ке­зе­ңі­нің қы­сы­мы, кПа
ЖСТ оң ке­зе­ңі ек­пі­ні­нің үле­стік ша­ма­сы, Па*с
SВ1(Х)
3
9
70
150
SВ2(Х)
3
7
110
200
SB3(X)
3
5
250
300
SВ4(Х)
3
3
800
500
SВ5(Х)
12
5,5
700
700
SВ6(Х)
12
4
1600
1000
SВ7(Х)
20
4
2800
1500
Автокөлік бомбасымен террористік шабуылдау қаупі төнген кезде ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар
2-кесте
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
За­ряд­тың сал­ма­ғы ТНТ, кг
Жа­ры­лыс бо­луы мүм­кін жер­ден қа­шық­тығы, м
ЖСТ оң ке­зе­ңі­нің қы­сы­мы, кПа
ЖСТ оң ке­зе­ңі ек­пі­ні­нің үле­стік ша­ма­сы, Па*с
ЕХV45(Х)
30
32
30
180
ЕХV33(Х)
30
23
50
250
ЕХV25(Х)
40
19
80
380
ЕХV19(Х)
64
17
140
600
ЕХV15(Х)
80
14,4
250
850
ЕХV12(Х)
100
12,4
450
1200
ЕХV10(Х)
125
11
800
1600
Алып жүретін және автокөлік бомбаларымен террористік шабуылдау қаупі төнген кезде жарылысқа тезімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар
3-кесте
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
За­ряд­тың сал­ма­ғы ТНТ, кг
Жа­ры­лыс бо­луы мүм­кін жер­ден қа­шық­тығы, м
Өт­кін­ші ЖСТ ек­пі­ні­нің үлес ша­ма­сы, Па с көп емес
Өт­кін­ші ЖСТ қы­сы­мы, кПа көп емес
К1
2
23
10
6,5
К2
12
20
15
К3
9
35
25
К4
5
55
65
К5
3
100
200
К6
100
45
150
20
К7
30
220
35
К8
20
330
65
К9
15
500
100
К10
12
750
175
Алып жүретін немесе автокөлік бомбаларымен террористік шабуылдау қаупі төнген кезде ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптар және ЖСТ өлшемдері
4-кесте
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
ВК1
ВК2
ВК3
ВК4
ВК5
ВК6
ВК7
1
2
3
4
5
6
7
8
Қай­та­ры­л­ған ЖСТ қы­сы­лу ке­зе­ңі ек­пі­ні­нің үлес ша­ма­сы, Па*с
120
200
280
360
440
520
600
За­ряд мөл­ше­рі ТНТ, кг
2
2
100
100
100
100
100
Жа­ры­лыс болған жер­ден қа­шық­тығы, м
8,92
5,7
53,9
40
33
28,3
25
Өт­кін­ші ЖСТ қы­сы­лу ке­зе­ңін­де­гі ең көп қы­сым, кПа
26,9
58,3
12,9
20
26,7
34,3
42
Қай­та­ры­л­ған ЖСТ қы­сы­лу ке­зе­ңін­де­гі ең көп қы­сым, кПа
59,7
143
27,2
42
59,2
78,1
99
Өт­кін­ші ЖСТ қы­сы­лу ке­зе­ңін­де­гі ек­пін­нің үлес ша­ма­сы, Па*с
58,6
93,9
141
179
215
250
284
ЖСТ қы­сы­лу ке­зе­ңі­нің ұз­ақ­тығы, мс
5,64
4,51
26,6
23,1
20,8
19,3
18
Қай­та­ры­л­ған ЖСТ си­ре­ту ке­зе­ңін­де­гі ең көп қы­сым ауыт­қуы, кПа
-11
-18
-7
-9,3
-12
-13
-15
Қай­та­ры­л­ған ЖСТ си­ре­ту ке­зе­ңін­де­гі ек­пін­нің үлес ша­ма­сы, Па*с
-108
-169
-242
-324
-396
-462
-522
ЖСТ си­ре­ту ке­зе­ңі­нің ұз­ақ­тығы, мс
20,6
20,6
76
76
76
76
76
Өт­кін­ші ЖСТ си­ре­ту ке­зе­ңін­де­гі ек­пін­нің үлес ша­ма­сы, Па*с
-54
-85
-121
-162
-198
-231
-261
Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың ең төменгі талап етілетін қорғаныштық сыныптары
5-кесте
Объ­ек­ті­лер­дің түр­ле­рі
Қа­бат
Қор­ға­ны­штық сы­ны­бы
5-кесте
6-кесте
7-кесте
8-кесте
Кең­се және әкім­ші­лік ғи­ма­рат­та­ры
1-3
SВ2(С)
-
К4
ВК2
4-6
SВ1(С)
-
КЗ
ВК1
Адам­дар­дың көп шо­ғыр­ла­ну мүм­кін­ді­гі көз­де­ле­тін ғи­ма­рат­тар: са­уда және кө­ңіл кө­те­ру ор­та­лық­та­ры, спорт­тық құ­ры­лы­стар, жү­зу бас­сейн­де­рі. Ба­ла­лар және ем­деу ме­ке­ме­ле­рі
1-3
-
ЕХV45(С)
К7
ВК4
4-6
-
ЕХV33(С)
К6
ВК3
Те­мір­жол, өзен, те­ңіз, ав­то- және аэро­вок­зал ғи­ма­рат­та­ры.
-
ЕХV19(С)
К8
ВК7

8 Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қирау сипаттамасына байланысты ЖСТ қайталама зақымдау факторларының қауіптілік сыныптары

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
8-қо­сым­ша
Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қирау сипаттамасына байланысты ЖСТ қайталама зақымдау факторларының қауіптілік сыныптары
Қа­уіп­ті­лік сы­ны­бы
Қа­уіп­ті­лік дә­ре­же­сі
Си­патта­ма­сы
А
Қи­ра­ма­ған
Жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры шы­ны­сын­да жа­рық­шақ­тар және көз­ге кө­рі­не­тін за­қым­дар жоқ
В
Қир­а­уы қа­уіп төн­дір­мей­ді
Шы­ны­да жа­рық­шақ­тар бар, алай­да шы­ны­дан жа­сал­ған жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір кон­струк­ци­я­лар­ды жақ­тау то­лық ұстап тұр. Кон­струк­ци­яда ой­ық­тар және кон­струк­ци­я­ның кор­ғал­ған жа­ғын­да шы­ны сы­нық­та­ры жоқ.
С
Қа­уіп­ті­лі­гі ең аз
Шы­ны­дан жа­сал­ған жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір кон­струк­ци­я­лар­да жа­рық­шақ­тар бар, бұл рет­те кон­струк­ци­яда­ғы ой­ық­тар­дың жал­пы ұзынды­ғы (оның ішін­де кон­струк­ци­я­ның пе­ри­мет­рі бой­ын­ша) жа­рық ой­ы­ғы пе­ри­мет­рі­нің ұзынды­ғы­нан 20%-ға тө­мен. Бұл рет­те тік ба­қы­лау па­не­лін­де­гі ой­ық­тар үш­тен ас­пай­ды. Еден­де қор­ға­ла­тын жа­ғы­нан кон­струк­ци­ядан 1-3 м қа­шық­тық­та жиын­тық мөл­ше­рі (ауқы­мы бой­ын­ша) 250 мм кем шы­ны сы­нық­та­ры бол­мауы ти­іс. Шы­ны ша­ңы мен ұсақ сы­нық­тар ес­ке­ріл­мей­ді. Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кон­струк­ци­я­лар­ға кон­струк­ци­я­ның жа­ры­лы­стан қо­сым­ша қор­ғау ар­ма­ту­ра­сы­мен бе­рік ұста­лып және бас­қа да жо­ға­ры­да кел­ті­рі­л­ген шар­ттар сақ­тал­ған жағ­дай­да ой­ық­тар­дың жал­пы ұзынды­ғы жа­рық ой­ы­ғы пе­ри­мет­рі­нің ұзынды­ғы­нан 20% тө­мен болған кез­де С сы­ны­бын (қа­уіп­ті­лі­гі ең аз) та­ғай­ын­да­у­ға рұқ­сат еті­ле­ді. Қир­ау си­патта­ма­сы мен жа­ры­лы­стан қор­ғау ар­ма­ту­ра­сы­ның си­патта­ма­сы сы­нау хат­та­ма­сын­да көр­се­ті­луі ти­іс.
D
Қа­уіп­ті­лі­гі өте тө­мен
Шы­ны­дан жа­сал­ған жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір құ­ры­лым қи­ра­ған, алай­да шы­ны сы­нық­та­ры ба­стап­қы жағ­дай­дан 1 м ас­пай­тын қа­шық­тық­та бо­ла­ды. Бұл рет­те тік ба­қы­лау па­не­лін­де­гі ой­ық­тар үш­тен ас­пай­ды. Еден­де қор­ға­ла­тын жа­ғы­нан кон­струк­ци­ядан 1-3 м қа­шық­тық­та жиын­тық мөл­ше­рі (ауқы­мы бой­ын­ша) 250 мм кем шы­ны сы­нық­та­ры бол­мауы ти­іс. Шы­ны ша­ңы мен ұсақ сы­нық­ша­лар ес­ке­ріл­мей­ді.
E
Қа­уіп­ті­лі­гі тө­мен
Шы­ны­дан жа­сал­ған жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір кон­струк­ция қи­ра­ған, алай­да оның сы­нық­та­ры қор­ға­ла­тын жа­ғын­да ба­стап­қы жағ­дай­дан 1-3 м қа­шық­тық­та бо­ла­ды. Бұл рет­те еден дең­гей­і­нен 0,5 м би­ік­те тік ба­қы­лау па­не­лін­де­гі ой­ық­тар он­нан көп бол­май­ды. Тік ба­қы­лау па­не­лі­нің кар­тон қап­та­ма­сын­да те­рең­ді­гі 12 мм аса­тын сы­нық­тар бол­мауы ти­іс.
F
Қа­уіп­ті­лі­гі жо­ға­ры
Шы­ны­дан жа­сал­ған жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір кон­струк­ция қи­ра­ған. Бұл рет­те еден дең­гей­і­нен 0,5 м би­ік­те тік ба­қы­лау па­не­лін­де­гі ой­ық­тар он­нан көп бол­май­ды неме­се тік ба­қы­лау па­не­лі­нің кар­тон қап­та­ма­сын­да те­рең­ді­гі 12 мм аса­тын ең ке­мі бір ой­ық бол­са.

9 Ғимараттар мен конструкцияларда қолданылатын шыныдан жасалған сыртқы конструкциялардың жылу өткізуге үлестік кедергісінің талап етілетін мәндері

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
9-қо­сым­ша
Ғимараттар мен конструкцияларда қолданылатын шыныдан жасалған сыртқы конструкциялардың жылу өткізуге үлестік кедергісінің талап етілетін мәндері
Ғи­ма­рат­тар мен үй-жай­лар­дың са­нат­та­ры, а және b ко­эф­фи­ци­ент­те­рі
Жы­лу бе­рі­ле­тін ке­зең­де­гі гра­дус-тәу­лік Dd, o C*тәу
Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­да қол­да­ны­ла­тын шы­ны­дан жа­сал­ған жа­рық өт­кіз­гіш мөл­дір қор­шау кон­струк­ци­я­лар­дың жы­лу өт­кізу­ге үле­стік ке­дер­гі­сі­нің та­лап еті­ле­тін мән­де­рі Rreq, м 2 * o С/Вт
Те­ре­зе­лер және бал­кон есік­те­рі, сө­ре­лер мен вит­раж­дар
Шы­ны­дан жа­сал­ған тік кон­струк­ци­я­ла­ры бар фо­нар­лар
1
2
3
4
Тұр­ғын үй, ем­деу-са­уық­ты­ру және ба­ла­лар ме­ке­ме­ле­рі, мек­теп­тер, ин­тер­нат­тар, қо­нақ үй­лер мен жа­тақ­ха­на­лар
2000
0,3
0,3
4000
0,45
0,35
6000
0,6
0,4
8000
0,7
0,45
10000
0,75
0,5
12000
0,8
0,55
a
2,5х10 -5
b
0,25
Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген­дер­ден бас­қа қо­ғам­дық, әкім­ші­лік және тұр­мыстық, өн­ді­рі­стік әрі өзге де ылғал неме­се су­лы ре­жим­ді ғи­ма­рат­тар
2000
0,3
0,3
4000
0,4
0,35
6000
0,5
0,4
8000
0,6
0,45
10000
0,7
0,5
12000
0,8
0,55
a
5x10 -5
2,5x10 -5
b
0,2
0,25
Құр­ғақ және қа­лып­ты ре­жим­ді өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар
2000
0,25
0,2
4000
0,3
0,25
6000
0,35
0,3
8000
0,4
0,35
10000
0,45
0,4
12000
0,5
0,45
a
2,5x10 -5
2,5x10 -5
b
0,2
0,15
Ескерту:
Кестедегіден айырмашылығы бар Dd мөлшері үшін R req мәндерін, R req = а*Dd+b формуласы бойынша анықтау керек, мұндағы Dd - жылу берілетін кезеңдегі градус-тәулік, o С*тәу, нақты тармақ үшін; а, b - ғимараттар мен құрылыстардың тиісті санаттары үшін мәндері кесте деректері бойынша қабылдануы тиіс коэффициенттер, 1 санатты ғимараттар мен құрылыстардың терезелерін және балкон есіктерін, сөрелер мен витраждарды қоспағанда, мұндағы
6000 o С*тәу дейінгі аралық үшін: а = 7x10 -5 , b = 0,15;
(6000 - 8000) o С*тәу дейінгі аралық үшін: а = 5х10 -5 , b = 0,3;
8000 o С* тәу дейінгі және одан жоғары аралық үшін: а = 2,5х10 -5 , b = 0,5.

10 Түссіз шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар үшін қалыңдығына қарамастан бағытталған жарық өткізу коэффициентіне қойылатын талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
10-қо­сым­ша
Түссіз шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар үшін қалыңдығына қарамастан бағытталған жарық өткізу коэффициентіне қойылатын талаптар
1-кесте
Шы­ны қа­лыңды­ғы­ның ауқым­да­ры, мм
Ба­ғыт­тал­ған жа­рық өт­кі­зу ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің та­лап еті­ле­тін ең аз ша­ма­сы
2,2 көп емес
0,89
2,2 жо­ға­ры 3,2 дей­ін
0,88
3,2 жо­ға­ры 4,2 дей­ін
0,87
4,2 жо­ға­ры 5,2 дей­ін
0,86
5,2 жо­ға­ры 6,2 дей­ін
0,85
6,2 жо­ға­ры 8,2 дей­ін
0,83
8,2 жо­ға­ры 9,2 дей­ін
0,81
9,2 жо­ға­ры 10,2 дей­ін
0,79
10,2 жо­ға­ры 15,2 дей­ін
0,76
15,2 жо­ға­ры 19,2 дей­ін
0,72
19,2 жо­ға­ры 25,2 дей­ін
0,67
Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған конструкцияларға шудан қорғау көрсеткіштері бойынша қойылатын ең аз талаптар шегі
2-кесте
Ғи­ма­рат­тың мақ­са­ты
Кө­лік қоз­ға­лы­сы ба­рын­ша қар­қын­ды ғи­ма­рат­тар қа­с­бет­те­рін­де ба­ла­ма­лы шу дең­гей­ле­рі ке­зін­де (күн­діз­гі уа­қыт­та, "қар­ба­лас" са­ғат­тар) шу оқ­ша­у­ла­удың та­лап еті­ле­тін мән­де­рі RА тран , дБ,
Ем­деу ме­ке­ме­ле­рі­нің па­ла­та­ла­ры, ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер­дің бөл­ме­ле­рі, тұр­ғын үй жай­ла­ры
15
20
25
30
35
Жұ­мыс бөл­ме­ле­рі, әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар мен кең­се­лер­де­гі ка­би­нет­тер
-
-
15
20
25

11 Үйлестірілген стандарттар тізімі

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
11-қо­сым­ша
Үйлестірілген стандарттар тізімі

1 1. ҚР СТ 944-92 Аралық қабырғаларға арналған гипстік-бетонды панельдер. Техникалық шарттар

2 2. ҚР СТ 3.1-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар

3 3. ҚР СТ 3.4-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Өнім сәйкестігіне растау жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар

4 4. ҚР СТ 3.9-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Импортталатын өнімдердің сәйкестігін растау. Жалпы ережелер

5 5. ҚР СТ 3.25-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Өнімдер мен қызметтерді Сәйкестік белгісімен таңбалау тәртібі

6 6. ҚР СТ 3.58-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Өнім сәйкестігіне растау жүргізу кезінде пайдаланылатын үлгілерді ұстай білу тәртібі

7 7. ҚР СТ 1348-2005 Кәсіптік қауіпсіздік менеджменті және еңбекті қорғау жүйелері. Талаптар

8 8. ҚР СТ ИСО 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолданылуы жөніндегі талаптар және нұсқау

9 9. ҚНжЕ 2.01.07-85* Жүктемелер мен әсер етулер

10 10. ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004 Құрылыстық конструкцияларды тоттанудан қорғау

11 11. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002* Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі

12 12. ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Сейсмикалық аудандардағы құрылыс

13 13. ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 Табиғи және жасанды жарықтандыру

14 14. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар

15 15. ҚНжЕ 3.04.03-85 Құрылыстық конструкциялар мен құрылыстарды тоттанудан қорғау

16 16. ҚР ҚНжЕ 5.06-09-2002 Асбестцементтік конструкциялар

17 17. ҚР СанЕжН 5.01.030.03 "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің санитарлық-гигиеналық талаптары"

18 18. Гигиеналық нормативтер "Жұмыс аумағы ауасындағы шекті рұқсат етілген концентрациялар мен зиянды заттардың шамаланған қауіпсіз деңгейлері", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 841 бұйрығымен бекітілген

19 19. СанЕжН "Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 629 бұйрығымен бекітілген

20 20. ҚР ЕЖ 5.06-11-2004 Гипстік-картонды табақтар қолданылатын қоршау конструкциялары

21 21. ҚР ЕЖ 5.06-10-2004 Гипстік-талшықты табақтар қолданылатын конструкциялар

22 22. ЕЖ 428-74 Профдік шыныдан жасалған конструкцияларды жобалау, монтаждау және пайдалану нұсқаулары

23 23. СТ СЭВ 1407-88 Құрылыстық конструкциялар мен негіздердің сенімділігі. Жүктемелер мен әсер етулер. Жалпы ережелер

24 24. СТ СЭВ 5060-85 Құрылыстық конструкциялар мен негіздердің сенімділігі. Пластмассадан жасалған конструкциялар. Есептеудің негізгі ережелері

25 25. МЕМСТ 12.3.002-75 Өндірістік процестер. Негізгі қауіпсіздік талаптары

26 26. МЕМСТ 22160-76 Органикалық шыныдан жасалған екі қабатты күмбез. Техникалық шарттар

27 27. МЕМСТ 27751-88 Құрылыстық конструкциялар мен негіздердің сенімділігі. Есептеудің негізгі ережелері

28 28. МЕМСТ 31014-2002 Шынымен толтырылған полиамидті профилдер. Техникалық шарттар

29 29. МЕМСТ 4.205-79 Өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі. Құрылыс. Құрылыс шынысы және шыныдан, қожды-ситаллдан жасалған бұйымдар. Көрсеткіштер номенклатурасы

30 30. МЕМСТ 111-2001 Шыны табақтары. Техникалық шарттар

31 31. МЕМСТ 5533-86 Әшекейлі шыны табақтары. Техникалық шарттар

32 32. МЕМСТ 7481-78 Арматураланған шыны табақтары. Техникалық шарттар

33 33. МЕМСТ 9272-81 Қуысты шыны блоктары. Техникалық шарттар

34 34. МЕМСТ 21992-83 Профильді құрылыс шынысы. Техникалық шарттар

35 35. МЕМСТ 24866-99 Құрылысқа арналған шыны пакеттер. Техникалық шарттар

36 36. МЕМСТ 30698-2000 Шыңдалған құрылыс шынысы. Техникалық шарттар

37 37. МЕМСТ 30733-2000 Төмен-эмиссиялы қатты жабыны бар шыны. Техникалық шарттар

38 38. МЕМСТ 12.1.003-83 Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары

39 39. МЕМСТ 12.1.012-2004 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Діріл қауіпсіздігі. Жалпы талаптар

40 40. ҚР ҚЖҚ 2.01-04-2002 Ғимараттардағы, құрылыстардағы, олардың бөліктері мен конструкциялық элементтеріндегі апаттардың себептерін тексеру туралы ереже

41 41. МЕМСТ 22233-2001 Жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкцияларына арналған алюминий қорытпаларынан жасалған сығымдалған профильдер. Техникалық шарттар

42 42. МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТ МЕМСТ 12.0.230-2007 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар. ІLO-ОSН2001

Қолданыстағы