Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения показателей рисков, критериев определения рисков и критериев отнесения налогоплательщиков к категориям риска

Бұйрық · № 645 · қабылданған 30.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43519/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения показателей рисков, критериев определения рисков и критериев отнесения налогоплательщиков к категориям риска Күшін жойған Бұйрық ·№ 645 ·30.12.2008
25.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения показателей рисков, критериев определения рисков и критериев отнесения налогоплательщиков к категориям риска

Күшін жойған Бұйрық ·№ 645 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения показателей рисков, критериев определения рисков и критериев отнесения налогоплательщиков к категориям риска
Атауы (қаз.)
Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
645
Қабылданған күні
30.12.2008
Көрсетілген редакция
25.11.2009 AI43519_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005488_
ЭКБ идентификаторы
43519
Редакция идентификаторы
AI43519_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:07

0 Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесін бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ресми түрде бірінші рет жарияланған күні қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

0 Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 645 бұйрығымен
бекітілген
Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже салық төлеушілерді (салық агенттерін):

1 1) салық тексеруін жүргізу;

2 2) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығын айқындау үшін іріктеу мақсатында тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау үшін әзірленген.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылған:

1 1) тәуекел көрсеткіштері - көрсеткіштің құрамына байланысты өлшенетін салық, заңнамасының бұзылуы ықтималдығы туралы куәландыратын салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметінің көрсеткіштері;

2 2) тәуекелдерді айқындау өлшемдері - оның негізінде тәуекелді бағалау жүзеге асырылатын тәуекел көрсеткіштерінің көрініс табуы (сандық, пайыздық, ақшалай және өзгеше);

3 3) тәуекел санаты - тәуекел санатына (жоғары тәуекел, орташа тәуекел) жатқызу өлшемдеріне сәйкес айқындалатын жалпы тәуекел дәрежесі бар салық төлеушілердің (салық агенті) тобы;

4 4) тәуекел санатына жатқызу өлшемі - салық төлеушілерді (салық

агентін) тәуекел көрсеткіштерін жиынтық бағалауға байланысты тәуекел
санаттары бойынша саралау.

2 2. Тәуекел көрсеткіштері мен тәуекелдерді айқындау өлшемдерін айқындау тәртібі

3 3. Салық органы тәуекелдерді айқындау өлшемдерін айқындау үшін және салық төлеушіні белгілі бір тәуекел санатына жатқызу үшін тұрақты негізде қолда бар салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге талдау жүргізеді.

4

4. Талдау жүргізу үшін берілген салық есептілігі нысандары бойынша, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттары бойынша, бұрын жүргізілген салық бақылауы түрлерінің нәтижелері туралы салық есептілігі нысандарын табыс ету уақтылығы туралы, салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректері туралы мәліметтер және салық органдарындағы салық төлеушілер (салық агенттері) туралы өзге де мәліметтер пайдаланылады.

5 5. Әр тәуекел көрсеткіштері бойынша салық бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, шектелген мөлшері бар, тиісті балл беріледі.

Сонымен, барлық тәуекел көрсеткіштері бойынша шектелген мөлшерлердің жалпы сомасы тәуекел көрсеткіштері бойынша максимальды балл сомасын құрастырады.

6 6. Тәуекел көрсеткіштері бойынша баллдар барлық көрсеткіштер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жиынтықталады.

7 7. Жиынтық қорытынды нәтижелері бойынша салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекел санаттары бойынша саралау жүргізіледі.

3 3. Тәуекел санатына жатқызу өлшемі

8 8. Салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекел санаттары бойынша саралау былайша жүзеге асырылады:

жоғары тәуекел - 60% және тәуекел көрсеткіштері бойынша
максимальды балл сомасынан жоғары;
орташа тәуекел - тәуекел көрсеткіштері бойынша максимальды балл сомасының 59%-ға дейін (қоса алғанда).

4 4. Қорытынды ережелер

9 9. Жоғары тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілер (салық

агенттері) салық тексерулері жоспарына енгізіледі.

10

10. Орташа тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілерге (салық агентіне) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқық берілуі мүмкін.

11 11. Тәуекелдерді бағалауды салық бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган құпия ақпарат болып табылатын тәуекел көрсеткіштері мен тәуекелдерді айқындау өлшемдерін айқындау жолымен жүзеге асырады.

Қолданыстағы