Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления
- Атауы (қаз.)
- Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 629
- Қабылданған күні
- 30.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2018 43584_303536.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005494_
- ЭКБ идентификаторы
- 43584
- Редакция идентификаторы
- 43584_303536
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:06
0 Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
2 2. Салық қызметі органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.
Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқаманы тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сондай-ақ келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.
3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық бөлімшелеріне (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны сұрау салуды жолдаған Салық қызметі органына, сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3-1
3-1. Осы бұйрықтың 1-3-тармақтарының ережелері өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырып жүрген салық төлеушілерге қолданылмайды, олар үшін валютаның түсімнің түсуі туралы қорытынды салық төлеуші салық қызметі органдарына ұсынған, өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері болып табылады.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
"КЕЛІСІЛГЕН"
2008 жыл 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасы
А.Ғ. Сәйденов ____________
0 20___ жылғы «__» ___________ бастап 20___ жылғы «__» __________ қоса алғандағы кезеңде валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 629 бұйрығымен
бекітілген
20___ жылғы «__» ___________ бастап 20___ жылғы «__» __________ қоса алғандағы кезеңде валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
№
Тексерілетін салық төлеуші
Шот
валютасы
Валюталық түсімнің
түсуі туралы
мәліметтер
Келісімшарттың
нөмірі
мен күні
Келісімшартты есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле паспортыны ң нөмірі және күні
жеке
сәйкестендіру
нөмірі/бизнес
сәйкестендіру
нөмірі
(ЖСН/БСН)
Салық
төлеушінің
атауы
жіберушінің
атауы
күні
төлем
сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе:
9-баған экспорт бойынша келісімшарттарды есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.