Құжат мәтініне өту

Об Инструкции о дополнительном поощрении доноров

Қаулы · № 10/123 · қабылданған 10.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43613/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об Инструкции о дополнительном поощрении доноров Күшін жойған Қаулы ·№ 10/123 ·10.12.2008
06.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об Инструкции о дополнительном поощрении доноров

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/123 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об Инструкции о дополнительном поощрении доноров
Атауы (қаз.)
Донорларды қосымша көтермелеу жөніндегі Нұсқаулық туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/123
Қабылданған күні
10.12.2008
Көрсетілген редакция
06.02.2010 43613_171398.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08M0002038
ЭКБ идентификаторы
43613
Редакция идентификаторы
43613_171398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:27

0 Донорларды қосымша көтермелеу жөніндегі Нұсқаулық туралы

"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 - 1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Донорларды қосымша көтермелеу жөніндегі Нұсқаулық" бекітілсін.

2 2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Облыстық мәслихаттың

2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 10/123
шешімімен және облыстық әкімдіктің
2008 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 2236 қаулысымен бекітілген
Донорларды қосымша көтермелеу туралы
Нұсқаулық

1

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын, облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/70 шешімімен бекітілген "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасын" іске асыру мақсатында әзірленген және донорларды көтермелеудің қосымша түрлерін анықтайды.

2 2. Көтермелеудің қосымша түрлеріне қайтарымсыз донорлар, сирек қан тобының донорлары, плазма донорларының құқығы бар.

3 3. Донорларды көтермелеудің қосымша түрлері азаматтарды донорлар қатарына тарту және донордың міндетін атқару кезінде денсаулығын сақтауға кепілдік беру мақсатында ұсынылады. Донорларды көтермелеудің қосымша түрлері:

1 1) сирек кездесетін қан тобының донорларына (резус - теріс) 1 рет қан тапсырғаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай - ЕАК) өтемақы мөлшерінде;

2 2) қайтарымсыз донорларға 0,25 ЕАК мөлшерінде;

3 3) плазма донорларын ақысыз тамақтандыру 0,25 ЕАК мөлшерінде;

4 4)донорларды емдеу - алдын алу мекемелерінде кезексіз қабылдау.

4 4. Донорларды көтермелеудің қосымша түрлерін ұсыну Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының уәкілетті органы (әрі қарай – Уәкілетті орган) "Облыстық қан орталығы" Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны (әрі қарай – "Облыстық қан орталығы" МКҚК) арқылы жүзеге асырылады.

5 5. "Облыстық қан орталығы" МКҚК көтермелеудің қосымша түрлерін алған донорларды есепке алуды жүргізеді және тоқсан сайын бөлінген қаржының пайдалануы туралы уәкілетті органға есеп береді.

Қолданыстағы