О стоимости разовых талонов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О стоимости разовых талонов
- Атауы (қаз.)
- Біржолғы талондардың құны туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/5-IV
- Қабылданған күні
- 26.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2013 43616_200285.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VS000089
- ЭКБ идентификаторы
- 43616
- Редакция идентификаторы
- 43616_200285
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:10
0 Біржолғы талондардың құны туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, 36-бабының 6-тармағына және «Біржолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шемонаиха қаласының, Первомайский, Усть-Таловка кенттерінің және аудан ауылдарының базарларында тауарларды өткізу құқығына біржолғы талондардың құны базарлардың қимасында белгіленсін (1 қосымша).
2 2. Біржолғы талондар негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны белгіленсін (2 қосымша).
3
3. Шемонаиха аудандық мәслихатының «Аудан базарында тауар сатумен айналысатын, жұмыс істейтін және қызмет көрсететін жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/6-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-33 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 23 «ЛЗ Сегодня» газетінде жарияланған), «Аудан базарында тауар сатумен айналысатын, жұмыс істейтін және қызмет көрсететін жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/6-ІІІ Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/7-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-59 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамыздағы № 34 «Уба-информ» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Шемонаиха қаласының, Первомайский, Усть-Таловка кенттерінің және аудан ауылдарының базарларында тауар өткізуші азаматтарға базарлардың қимасындағы біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен)
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 14/5-ІV шешiмiне
№ 1 қосымша
Шемонаиха қаласының, Первомайский, Усть-Таловка кенттерінің және аудан ауылдарының базарларында тауар өткізуші азаматтарға базарлардың қимасындағы біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен)
Сауда түрлері және тауарлардың ассортименті
Қала базарларында теңгемен есептегенде біржолғы талондардың құны
Кенттер, селолар базарларында теңгемен есептегенде біржолғы талондардың құны
Азық-түлік тауарлары
Прилавкадан саудалау
187
140
Палаткалардан саудалау
0
70
Машинадан саудалау
0
175
Ет сату
280
280
Сүт өнімдерін сату
47
0
Самсаны сату
234
234
Кәуәпті сату
210
210
Балды сату
117
117
Балықты сату
140
140
Кәсіпкерлік тауарлар
Прилавкадан саудалау
163
128
Палаткалардан саудалау
105
58
Контейнерлерден саудалау
199
0
Машинадан саудалау
0
164
Сыпырғышты сату
0,20
0,20
6 Біржолғы талондар негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 14/5-ІV шешiмiне
№ 2 қосымша
Біржолғы талондар негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
Сауда түрлері және тауарлардың ассортименті
Теңгемен есептегенде бір күнгі біржолғы талонның құны
Газет және журналдарды өткізу
58
Тұқымдарды, сондай-ақ отырғызатын материалдарды (ағаштар, өсімдіктер) өткізу
58
Бақша дақылдарын машинадан өткізу
280
Өсірілген гүлдерді өткізу
58
Қосалқы ауыл шаруашылығының, бақшалықтың және сяжай телімдерінің өнімдерін өткізу
23
Жеке тракторлардың иелерімен жер телімдерін өндеу бойынша қызмет атқару
175
Шемонаиха қ. малдарды жаю
175
Ауданның кенттерінде, ауылдарында малдарды жаю
105