Об определении перечня должностей специалистов образования и культуры, работающих в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов образования и культуры, работающих в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1516
- Қабылданған күні
- 23.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 AI43618_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VB000101
- ЭКБ идентификаторы
- 43618
- Редакция идентификаторы
- AI43618_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:18
0 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының, 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес, ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі Тізбе) анықталсын.
2 2. Тізбе Семей қаласының мәслихатына келісуге ұсынылсын.
3 3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға қолданылады.
5 Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақыларына арттыру белгіленген білім беру мамандары лауазымдарының Тізбесі
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1516 қаулысына
1 Қосымша
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Семей қаласының білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық)
жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақыларына
арттыру белгіленген білім беру мамандары лауазымдарының
Тізбесі
1
1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшы орынбасары, оның ішінде: директор; оқу жұмысы жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейіндік жұмысы жөніндегі, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары; интернат, кітапхана, көпшілік бөлім, әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.
2
2. Педагог қызметкер және оларға теңестірілген адамдар: мұғалімдер; психолог - педагог, қосымша білім беру педагогтері, ұйымдастырушы-педагог; әлеуметтік педагог; бастапқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушы; суда жүзу жөніндегі, спорт жөніндегі нұсқаушы; аға бастаушы (вожатый); тәрбиеші.
3 3. Мамандар, оның ішінде: кітапханашы; бас бухгалтер, бухгалтер, экономист; зертханашы; өндірістік оқыту шебері; дәрігер; медицина бике, диетикалық бике; менеджер; әдіскер; аудармашы; психолог; оқытушы; үйірме жетекшісі; жаттықтырушы; хореограф; хормейстер;
9 Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақыларына арттыру белгілерін беру, мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесі
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1516 қаулысына
2 Қосымша
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Семей қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық
(селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақыларына
арттыру белгілерін беру, мәдениет мамандарының лауазымдарының
тізбесі