Құжат мәтініне өту

О правилах содержания собак и кошек на территории Теректинского района

Ереже · № 15-8 · қабылданған 23.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43653/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О правилах содержания собак и кошек на территории Теректинского района Күшін жойған Ереже ·№ 15-8 ·23.12.2008
21.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О правилах содержания собак и кошек на территории Теректинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 15-8 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах содержания собак и кошек на территории Теректинского района
Атауы (қаз.)
Теректі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15-8
Қабылданған күні
23.12.2008
Көрсетілген редакция
21.06.2012 AI43653_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZL000073
ЭКБ идентификаторы
43653
Редакция идентификаторы
AI43653_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:17

0 Теректі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. "Теректі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы" қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қосымша

Теректі аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 15-8 шешімімен бекітілді
Теректі ауданының аумағында
иттер мен мысықтарды ұстау
Ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже Теректі ауданы аумағындағы иті мен мысығы бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.

2 2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) ит – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан, ит тұқымдасына жататын кез келген жануар.

2 2) мысық - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан, мысық тұқымдасына жататын кез келген жануар.

3 3) ит пен мысық иесі - жеке немесе басқа да иелігінде ит немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары мен міндеттері

3 3. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

4 4. Иттер мен мысықтардың еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға құқылы:

1 1) иттерді және иеліктегі үйде тек жақсы қоршаған аумақта, қоршау жануарларды қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет.

5 5. Иттер мен мысық иелері міндетті:

1 1) сатып алған күннен бастап екі апталық мерзімде өздерінің жануарларын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Теректі аудандық инспекциясының ветеринарлық бөлімінде тіркеуге;

2 2) иттер мен мысықтарды ұстау, өсіру және пайдалануды ветеринарлық норматив пен ережелерге сәйкес жүзеге асыруға;

3 3) иттер мен мысықтардың адамдарды тістеп алған жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға және жануарларды жақын ветеринарлық мекемеге алып келуге;

4 4) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша жануарларды қарсылықсыз тексеруге, диагностикалық зертеулер жүргізуге және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін әкелуге;

5 5) үйдегі және ауладағы жалпы адамдар пайдалынатын жерлерді, пәтерлерді, үй баспалдақтарын мысық пен иттерге ластауға рұқсат етпеу. Барлық жағдайларда иелері тез арада экскременттерді жинап алуға тиіс;

6 6) иттер мен мысықтар ауырған жағдайда ветеринарлық емдеуге жолығу қажет, жануарлардың жаппай өлген жағдайда олардың өліктерін және тіркелу куәлігі мен нөмірлік белгісін ветеринарлық емдеуге әкелуге.

3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау

6 6. Иттер мен мысықтардың иелеріне:

1 1) иттер мен мысықтарды көпшілік орындарда ұстауға;

2 2) құтырма ауруына қарсы вакцинациядан өтпеген және егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

3 3) иттерді байлаусыз ұстауға, тұмылдырықсыз және баусыз серуендетуге тыйым салынады.

Қолданыстағы