Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы представления информации о сделках с аффилиированными лицами страховой (перестраховочной) организации

Қаулы · № 183 · қабылданған 28.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43671/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении формы представления информации о сделках с аффилиированными лицами страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған Қаулы ·№ 183 ·28.11.2008
27.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы представления информации о сделках с аффилиированными лицами страховой (перестраховочной) организации

Күшін жойған Қаулы ·№ 183 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы представления информации о сделках с аффилиированными лицами страховой (перестраховочной) организации
Атауы (қаз.)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
183
Қабылданған күні
28.11.2008
Көрсетілген редакция
27.05.2015 AI43671_8.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005474_
ЭКБ идентификаторы
43671
Редакция идентификаторы
AI43671_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:30

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту жөнінде

"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес " Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпарат " нысаны (бұдан әрі - нысан) бекітілсін.

2

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын, есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен алынған ақпаратты жеткізудің кепілдік берілген көлік жүйесін пайдаланып, нысанды электронды тасымалдағышпен береді.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей нысанды қағаз тасымалдағышпен береді.
Электронды тасымалдағышпен берілетін деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен дәлме-дәлдігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етеді.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

5 5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 183 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру ( қайта сақтандыру )
ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен
мәмілелер туралы ақпарат нысаны
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының _____________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпарат
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау
N
Сақ­та­ну­шы­ның /қай­та сақ­та­ну­шы­ның ата­уы   ( фа­ми­ли­я­сы ,
аты - жө­ні )
Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар болған жағ­дай­да) же­ке тұл­ға үшін))
Сақ­тан­ды­ру ( қай­та сақ­тан­ды­ру ) ұй­ы­мы­м­ен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға сәй­кес жат­қы­зы­л­ған тұл­ға­ның бел­гі­сі
Сақ­тан­ды­ру / қай­та сақ­тан­ды­ру тү­рі
( сы­нып )
Сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры­ның со­ма­сы
( мың тең­ге­мен )
Сақ­тан­ды­ру со­ма­сы
( мың тең­ге­мен )
Сақ­тан­ды­ру та­ри­фы
( сақ­тан­ды­ру со­ма­сын­да­ғы пай­ы­з­бен )
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиын­тық
кестенің жалғасы
Сақ­тан­ды­ру ( қай­та сақ­тан­ды­ру ) шар­ты бой­ын­ша ко­мис­си­я­лық сый­а­қы   ( мың тең­ге­мен )
Шарт жа­сау кү­ні ( та­лап­тар­ды орын­дау ба­стал­ған күн )
Шар­ттың іс- қи­мы­лы­ның аяқ­тал­ған кү­ні ( та­лап­тар­ды орын­дау аяқ­тал­ған күн )
Сақ­тан­ды­ру ( қай­та сақ­тан­ды­ру ) шар­ты бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­рі со­ма­сы
( мың тең­ге­мен )
Пай­да алушы­ның ата­уы ( фа­ми­ли­я­сы , аты - жө­ні )
Сақ­тан­ды­ру
( қай­та сақ­тан­ды­ру ) ұй­ы­мы­ның Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің не ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­лы­сы­ның
( Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі
бол­ма­ған жағ­дай­да ) ше­шім­де­рі­нің де­ректе­ме­ле­рі
Ес­кер­ту
9
10
11
12
13
14
15
2. Өзге операциялар
N
Тұл­ға­ның ата­уы ( фа­ми­ли­я­сы , аты - жө­ні )
Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
( заң­ды тұл­ға үшін ), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
( бар болған жағ­дай­да ) же­ке тұл­ға үшін ))
Сақ­тан­ды­ру ( қай­та сақ­тан­ды­ру ) ұй­ы­мы­м­ен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға сәй­кес жат­қы­зы­л­ған тұл­ға­ның бел­гі­сі
Опе­ра­ци­я­лар тү­рі
Ва­лю­та­лар тү­рі
Шарт бой­ын­ша мәмі­ле со­ма­сы
( мың тең­ге­мен )
Шарт жа­сал­ған күн ( та­лап­тар­ды орын­дау ба­стал­ған күн )
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Шар­ттың іс- қи­мы­лы­ның аяқ­тал­ған кү­ні ( та­лап­тар­ды орын­дау аяқ­тал­ған күн )
Шарт та­лап­та­ры бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету
Тө­ле­не­тін сый­а­қы
( жыл­дық пай­ы­з­бен )
Сақ­тан­ды­ру
( қай­та сақ­тан­ды­ру ) ұй­ы­мы­ның Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің не ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­лы­сы­ның
( Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бол­ма­ған жағ­дай­да ) ше­шім­де­рі­нің де­ректе­ме­ле­рі
Есеп­ті күн­гі ағым­да­ғы қал­дық
( мың тең­ге­мен )
Ес­кер­ту
тү­рі
құ­ны
( мың тең­ге­мен )
сақ­тан­ды­ру
( қай­та сақ­тан­ды­ру ) ұй­ы­мы­ның пай­да­сы үшін аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­лар­ға
сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы аф­фи­ли­ир­лен­ген тұл­ға­ның пай­да­сы үшін
9
10
11
12
13
14
15
16
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы (сақтандыру төлемдерін қоспағанда) 200 ___ "__" _____ жағдай бойынша жиынтықты түрде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына сәйкес есептелетін нақты төлем қабілетсіздігі маржасы мөлшерінің 0,1 пайызынан аспайды, ________ мың теңге болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына есепті кезең ішінде жеңілдік талаптар жасалған жоқтығын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы ақпаратта көрсетілгеннен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен басқа мәмілелер жасалған жоқтығын растайды.
Бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның
орнындағы тұлға)___________________
Бас бухгалтер ____________________________________
Орындаушы ________________________________________
Мөрдің орны :
Кесте толтыру жөніндегі нұсқаулар :
1) кестеде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен оның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын, сомасы, операцияларының әрбір түрі бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (айта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына сәйкес тиісті есепті күнге есептелген нақты төлем қабілетсіздігі маржасы жиынтық мөлшерінің 0,1 пайызынан асатын барлық мәмілелер жөніндегі, оның ішінде, кестеде көрсетілген мәмілелер (бірақ олармен шектелмей) жөніндегі мәліметтер көрсетіледі ;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша мәміленің сомасын анықтау кезінде сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомасын негізге алу қажет ;
3) егер өзге операциялар бойынша мәмілелердің шарттарында қамтамасыз ету немесе сыйақы төлемдері қарастырылмаса, онда 10),11) немесе 12), 13) бағандар толтырылмайды;
4) кестеде ағымдағы жылдың басынан бері жасалған мәмілелер туралы ақпарат көрсетіледі.
Бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның
орнындағы тұлға)___________________
Бас бухгалтер ____________________________________
Орындаушы ________________________________________
Мөрдің орны.

Қолданыстағы