Қолданыстағы ред. 11.03.2021 (Редакция 43702_517647.kaz)

Темір ауданы бойынша салықтар мөлшерлемелері туралы от 19.12.2008 г. № 84 (Темір ауданы бойынша салықтар мөлшерлемелері туралы)

0

Темір ауданы бойынша салықтар мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510, 531 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Үй
жанындағы
жер учаскелеріне салынатын салық мөлшері қосымшаға сәйкес төмендетілсін.

2

2. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.

3

3. Темір аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 "2008 жылға жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" (тіркеу N 3-10-60) шешімінің күші жойылсын.

4

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

Аудандық мәслихаттың кезекті
сессиясының 2008 жылғы N 84
шешіміне қосымша
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын салық
мөлшерлемесі
Атауы
Салық мөлшері
Жер көлемі 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне
0,5 теңге бір шаршы метрге