Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами

Қаулы · № 55 · қабылданған 26.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43728/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами Күшін жойған Қаулы ·№ 55 ·26.01.2009
26.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами

Күшін жойған Қаулы ·№ 55 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами
Атауы (қаз.)
Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
26.08.2013 AI43728_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000055_
ЭКБ идентификаторы
43728
Редакция идентификаторы
AI43728_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:56

0 Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 27-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) Ережеге сәйкес рәсімдердің жүргізілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 55 қаулысымен
бекітілген
Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі

1

1. Осы Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-1-бабына сәйкес әзірленді және салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше зейнетақы қорынан біреуіне аударудың тәртібін айқындайды. V085517

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Заңның талаптарындағы функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға;

2

2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі - Бірыңғай тізім) - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы, жасалған күні анағұрлым кейін шарттар, сондай-ақ Орталықтың дерекқорындағы салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер;

3 3) электронды хабарлама - Орталықтың салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын аудару жөніндегі электронды құжаты;

4 4) жіберуші қор - Бірыңғай тізімнің негізінде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Орталық арқылы аударатын жинақтаушы зейнетақы қоры;

5 5) алушы қор - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының аударымы Бірыңғай тізімнің негізінде Орталық арқылы келіп түсетін жинақтаушы зейнетақы қоры.

3

3. Салымшыда (алушыда) түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару рәсімдерінің жүргізілуі Астана қаласының уақытымен 2009 жылғы 4 шілдедегі сағат 18-00-ден 2009 жылғы 7 шілдедегі сағат 9-00-ге дейін жүзеге асырылады.

4

4. Орталық Бірыңғай тізім деректеріне сәйкес жеке зейнетақы шоттарының жабылғаны және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын алушы қорға аударудың жүзеге асырылғаны туралы электронды хабарламаларды алушы қорды қоспағанда, барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына жібереді.

5

5. Жіберуші қор зейнетақы жинақтарын есептен шығаруды жүргізеді және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабады, алушы қорға зейнетақы жинақтарын аудару туралы төлем тапсырмасына салымшылар (алушылар) тізімінің электронды қосымшасын қалыптастырады және оны Орталықтан электронды хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде Орталыққа жібереді.
Орталық, зейнетақы жинақтарын алушы қорға аудару рәсімі аяқталғанға дейін міндетті зейнетақы жарналары есебінен жаңа жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы Шарт жасасу бөлігінде Бірыңғай тізімге өзгерістер енгізуді жүзеге асырмайды.

6 6. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты бар салымшыларда (алушыларда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда жіберуші қорлар нөлдік мән қояды.

7 7. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан келіп түскен ақпаратты өңдейді, өзара есеп айырысу сомасын айқындайды және жабылған жеке зейнетақы шоттары бойынша дерекқорды қалыптастырады.

8 8. Зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы