Құжат мәтініне өту

Об оказании социальных услуг инвалидам

Қаулы · № 44 · қабылданған 13.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43746/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об оказании социальных услуг инвалидам Күшін жойған Қаулы ·№ 44 ·13.01.2009
13.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальных услуг инвалидам

Күшін жойған Қаулы ·№ 44 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальных услуг инвалидам
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44
Қабылданған күні
13.01.2009
Көрсетілген редакция
13.01.2009 AI43746_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NA000116
ЭКБ идентификаторы
43746
Редакция идентификаторы
AI43746_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:02

0 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бюджетті іске асыру мақсатында мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету көзделсін.

2 2. Белгіленсін:

1 1) тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерге тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-балаларға және бірінші, екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарға көрсетіледі;

2

2) инфрақұрылым объектілеріндегі қабатаралық тасымалдау көмегі мен жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне (бару және келу) бару үшін Қостанай қаласы аумағы шегінде мүгедектерді көлікпен тасымалдау мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен жүргізіледі;

3 3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады;

4 4) уәкілетті орган мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізеді;

5 5) мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйым мен уәкілетті органның арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартымен ресімделеді.

3 3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 799 "Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-103, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 39 "Қостанай" газеті) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы