Құжат мәтініне өту

Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве ферросплавов"

Қаулы · № 46 · қабылданған 26.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43762/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве ферросплавов" Күшін жойған Қаулы ·№ 46 ·26.01.2009
21.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве ферросплавов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 46 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве ферросплавов"
Атауы (қаз.)
"Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46
Қабылданған күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
21.09.2021 43762_539088.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000046_
ЭКБ идентификаторы
43762
Редакция идентификаторы
43762_539088
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:56

0 "Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2009 жы­л­ғы 26 қаң­тар­да­ғы
N 46 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

1 1. Қолдану саласы

1

1. Осы "Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және пайдаланылған шикізаттың типіне қарамастан (байытылған, байытылмаған) ферроқорытпаларды (феррохромды, ферросилицийді, ферросиликохромды және ферросиликомарганецті) металлургиялық өндіріс кезінде қолданылатын процесстер үшін қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын техникалық үлестік нормативтерді белгілейді.

2

2. Осы Техникалық регламенттің ережелері тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген халықтың өмір мен денсаулығын, қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін барынша жақсы қол жетімді технологияларды (БҚТ) ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын металлургиялық өндірістің жаңа, қолданыстағы және жаңартылатын процесстеріне қолданылады.

3

3. Осы Техникалық регламентті қолданудың мақсаты үшін сәйкестендірілген ферроқорытпалардың металлургиялық өндірісі процесстеріндегі қауіпті факторларға (тәуекелдерге) шикізат пен материалдарды дайындау, сақтау және беру, ферроқорытпаларды балқыту, металды шығару және құю, пештерді қыздыруға немесе ұзақ бос тұруына дайындау процесстерінен эмиссияларға жатады.

2 2. Терминдер мен айқындамалар

4 4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексімен және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңымен белгіленген мынадай терминдер мен айқындамалар қолданылады:

1

1) барынша жақсы қолжетімді технологиялар (БҚТ) - қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаға шаруашылық қызметінің теріс әсер етуінің деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық және басқарушылық шараларын қамтамасыз ететін, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника және жабдық;

2 2) көмекші жабдық - материалдарды жинау, тасымалдау, отын дайындау, шаң ұстау, газ тазалау үшін пайдаланылатын аппараттар, агрегаттар; автоматика, бекіткіш, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, түтін шығаратын құбырлар;

3 3) қож - әдетте, металлургиялық процестер кезінде сұйық металдың бетін жабатын ауыспалы құрамдағы металлургиялық қорытпа;

4

4) металлургиялық өндіріс процесстерінің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде, қауіпті факторды іске асырудың мүмкіндігі мен оның салдарларының ауырлығы деңгейін ескере отырып, өсімдік және жануарлар әлеміне зиян келтірумен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;

5 5) металлургиялық өндірістің процестері (металлургиялық процестер) — кезеңдік жүйе элементтерін және олардың қорытпаларын алу процестері, сондай-ақ олардың химиялық қасиеттерін, құрылымы мен нысанын өзгерту процесі;

6 6) негізгі жабдық - кокс өндіру пештері, электр доғалы пештері (ЭДП), тауар өнімі қоймаларындағы, шикізат дайындау цехындағы (ШДЦ) және қожды қайта өңдеу цехындағы (ҚКЦ) жабдық, ұсақтағыштар, вагон аударғыштар, таспалы конвейерлер;

7 7) отын - оны жағу кезінде жылу энергиясын алу мақсатында қолданылатын жанғыш заттар (қатты, сұйық немесе газ тәріздес);

8 8) түтін шығаратын құбыр - тартуды қалыптастыруға және атмосфераға түтінді газдарды шығаруға арналған құрылыс;

9 9) түтінді (қайтпалы) газдар - отынның жануы және технологиялық материалды пеште күйдіру нәтижесінде жиналатын газдар;

10

10) ферроқорытпа - болатты балқыту кезінде (сұйық металды тотықтыру және легирлеу, зиянды қоспаларды байланыстыру, металға қажетті құрылым мен қасиеттер беру үшін), сондай-ақ, басқа да ферроқорытпаларды алу (бөлінген ферроқорытпалар) кезінде пайдаланылатын темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен және басқа да элементтермен қосылған қорытпасы болып табылатын металлургиялық өндірістің жартылай өнімі;

11 11) шикізат - өнімді(дерді) алудың технологиялық процесінде пайдаланылатын кез келген қатты, ұсақталған немесе дайындалған материал;

12 12) шихта - бастапқы материалдар қоспасы, ал кейбір жағдайларда металлургиялық, химиялық және басқа да агрегаттарда қайта өңдеуге жататын белгілі бір шамадағы отын;

13

13) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - ел экономикасы үшін қолайлы шығыстар кезінде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, айқындалатын, шығарылатын өнімнің бірлігіне есептелген қоршаған ортаға шығарылатын металлургиялық өндіріс процестері үшін белгіленетін эмиссиялардың нормативтері.

3 3. Қазақстан Республикасында өндірістерді орналастыру шарттары

5

5. Қазақстан Республикасының аумағында негізгі жабдықты және ферроқорытпаларды алудың металлургиялық процестерін қауіпсіз пайдаланудың көзделген талаптарын сақтаған жағдайда осы Техникалық регламентпен белгіленген нормалардан аспайтын қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін қамтамасыз ететін ферроқорытпалардың металлургиялық өндірісі орналастырылуы мүмкін.

6

6. Ферроқорытпаларды алудың технологиялық процесінде пайдаланылатын негізгі және көмекші жабдықтың оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, монтаждың схемасы, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулығынан тұратын құжаттары, сондай-ақ осы Техникалық регламентпен белгіленген өндірушінің және қауіпсіздік талаптарына ілеспе құжаттарға жабдықтың сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

7 7. Негізгі және көмекші жабдықтың өлшем құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген Өлшем құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі және олардың бекітілген түрге сәйкестігін растайтын құжаты болуы тиіс.

4 4. Жалпы қауіпсіздік талаптары

8 8. Осы Техникалық регламентте белгіленген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды орындау қажет:

1

1) ферроқорытпаларды өндіру кезінде қолданылатын негізгі жабдық "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының , олармен өзара байланысты басқа да техникалық регламенттердің, осы Техникалық регламенттің және онымен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс;

2 2) қуаттылық есебін жүргізу (ауысымдық, тәуліктік, айлық, жылдық);

3 3) негізгі жабдыққа техникалық құжаттаманың жиыны (техникалық паспорт, пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулық, монтаж кестелері, сызбалар) көкейкесті жай-күйде сүйемелдеу және оны жаңғырту немесе қайта жаңғырту жағдайында оған өзгерістер енгізу;

4 4) негізгі жабдықтың газ тазалау мен оның шекті жай-күйі немесе істен шыққаны туралы хабарлау жүйесі болуы тиіс;

5 5) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау;

6 6) ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды бекітілген кестеге сәйкес, белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананы тарта отырып, өлшеу жүргізу;

7 7) конвейерлерді, роторлы экскаваторларды, вагон аударғыштарды, грейферлік крандарды және вагондарды қақпақтары арқылы түсіруді пайдалану арқылы шикізаттар мен материалдарды түсіру және тасымалдау процестері автоматтандырылуы және қамтамасыз етілуі тиіс;

8 8) шикізаттар мен материалдарды түсіру және аудару орны аспирациялық қондырғылармен жабдықталуы тиіс;

9 9) сілтілік суларды сүзуді және жақын маңдағы су қоймаларының тоғандардың түбі мен бөгендерін ластауының алдын алу үшін жаңадан салынатын қалдық сақтағыштарда сүзгіге қарсы қорғау көзделуі тиіс;

10 10) оның жұмысы нәтижесінде эмиссиялардың техникалық үлестік

нормативтері осы Техникалық регламентте белгіленген нормадан асатын
жабдықтарды пайдалануға рұқсат етілмейді;

11 11) өндірістің негізгі шикізаты мен қалдықтарын қоймалау

орындарындағы радиация деңгейі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан аспауы тиіс;

12 12) ықтимал радиациялық қауіпсіздік аймағындағы қызмет көрсететін персонал жеке қорғау және дозиметр құралдарымен жарақталуы тиіс.

5 5. Атмосфералық ауаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

9

9. Атмосфералық ауаға негізгі жабдық жұмысынан шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері қатты, сұйық және газ түріндегі отынды бөлек және аралас пайдаланатын жұмыс істеп тұрған, жаңадан іске қосылатын және қайта жаңартылатын қондырғылар үшін қатты бөліктердің, көміртегінің, күкірт пен азот, күкірт сутегі оксидтерінің атмосфералық ауаға шығарындыларының шекті мәндерін белгілейді.

10 10. Қатты бөліктер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері мына: органикалық емес тозаң, құрамында SiO 2 20 % кем, 20-дан 70 % дейін және 70 % астам кремний диоксидінің көрсеткіштері үшін белгіленеді.

11 11. Атмосфераға шығарылатын газ тәріздес қоспалар эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері мына: NO x азот оксидінің, SO 2 күкірт диоксидінің, СО көміртегі оксидінің, Н 2 S күкіртсутегінің көрсеткіштері үшін белгіленеді.

12

12. Қалдықтар, оның ішінде, мынадай қалдықтар үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері мына: көмірлілігі жоғары феррохром қожының, көмірлілігі төмен феррохром қожының, көмірлілігі орташа феррохром қожының, ферросиликомарганец қожының, "ылғал" газ тазарту шламдары мен аспирациялық "құрғақ" газ тазарту тозаңының көрсеткіштері үшін белгіленеді.

13

13. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезіндегі шығарындыларды реттеу ластаудың әрбір көзі бойынша эмиссиялар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіпорындар жұмысының барлық режимдері кезіндегі шығарындыларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды ескеретін тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

14 14. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсіпорындар үшін осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1, 2 кестелерінде көрсетілген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

15

15. Осы Техникалық регламентпен айқындалған эмиссиялардың үлестік нормативтері процестегі ұстап алынған технологиялық тозаңды одан кейінгі қайтарумен топтық циклондардың, тозаңдық камералардың және электр сүзгілердің жүйесімен газ және тозаң тазарту торабының жабдығын; көліктік құбыр өткізгіштермен, басқа БҚТ пневмосораптармен тозаңды тасымалдау жүйесін жарақтандыруды қоса, техникалық және технологиялық шешімдердің жүйесін және БҚТ енгізу есебін қол жеткізіледі.

6 6. Ағынды сулардың эмиссияларына қойылатын талаптар

16

16. Технологиялық жүйелерді және пештерді салқындату жүйелерін сумен жабдықтау су айналымының тұйық жүйесін басымдықпен пайдалануды көздейді. Технологиялық объектілерді сумен жабдықтау әрбір нақты жағдайда осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген технологиялық өндірістік процестің ерекшеліктері мен апаттарды және қоршаған ортаға жарылыс-өрт қаупі бар өнімдердің шығарындыларын болдырмауды ескере отырып жобалануы тиіс.

17

17. Технологиялық объектілердің кәріз жүйесі өндіріс жұмысының регламенттелген режимі кезінде де, апатты шығарынды жағдайында да химиялық ластанған технологиялық, жуылма және басқа да ағынды суларды жоюды және тазартуды қамтамасыз етуі тиіс. Магистралдық желі осындай ағынды суларды қабылдауға арналған жағдайларды қоспағанда, кәріздік магистралдық желісіне ағынды суларды алдын ала тазартусыз төгуге тыйым салынады.

18

18. Газ қаупіне жататын су құбыры мен кәріз жүйелеріне қызмет көрсетуді, жөндеуді және басқа да жұмыстарды қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы бекіткен газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес орындау керек.

19

19. Технологиялық объектілер үшін, әдетте жергілікті тазарту құрылыстарын көздеу қажет. Жергілікті тазарту құрылысының ағынды сулар кіру және шығу тұсы жарылыс қаупі бар өнімдердің болуын бақылау құралдарымен және рұқсат етілген мәннен асу дабылымен жарақталуы тиіс. Кәрізге өрт-жарылыс қаупі бар өнімдерді жаппай төгу мүмкіндігі кезінде жарылыс қаупінің кез келген санаттарының технологиялық блоктары бар объектілердің тазарту құрылыстары үшін бақылау мен дабылдың автоматты жүйесі, сондай-ақ оларды жою жөніндегі шаралар көзделуі тиіс.

7 7. Ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын орналастыру кезінде шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

20 20. Өндіріс қалдықтарының айналымы мен оларды орналастыру жөніндегі экологиялық талаптар экологиялық заңнаманың нормаларына сәйкес келуі тиіс.

21 21. Кәсіпорын аумағында қоймаланатын өндіріс қалдықтарының экологиялық заңнамаға сәйкес қалдықтардың қауіпсіздік паспорты болуы тиіс.

22 22. Ферроқорытпалардың өндірісі процесінде жабдықталған қауіпті қалдықтар арнайы жабдықталған жерлерге сақтауға жатады. Кәсіпорын қалдықтар жиналған сәттен бастап экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуі тиіс.

23 23. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсіпорындар үшін осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

8 8. Сәйкестік презумпциясы

24

24. Егер қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің деңгейі осы Техникалық регламенттің және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген олармен үйлестірілген стандарттың нормаларынан аспайтын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ферроқорытпа өндірісін жүзеге асыратын технологиялық өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес келеді деп саналады.

25 25. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті растау үшін үйлестірілген стандарттардың талаптарынан төмен емес өзге де әдістемелік құжаттар, нормалар мен көрсеткіштер қолданылуы мүмкін.

9 9. Сәйкестікті растау

26 26. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті растау рәсімдеуіне ферроқорытпаларды металлургиялық алумен байланысты процестерде туындайтын қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар ұшырайды.

27 27. Осы Техникалық регламенттің талаптарына ферроқорытпалардың өндірісі кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың сәйкестігін растауды үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.

28

28. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттіліктері, сондай-ақ, сәйкестікті растау тәртібі "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына және "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысына сәйкес айқындалады.

10 10. Қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері

29 29. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта салынатын кәсіпорындар үшін осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1, 2, 3 кестелерінде көрсетілген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

30

30. Жұмыс істеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсіпорындар үшін 2012 жылға 31 желтоқсанға дейін қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісілген жол берілетін шекті шығарындылары (ШБШШ) және/немесе қоршаған ортаға әсерін бағалау жобаларымен олар үшін белгіленген нормативтерді орындауға жол беріледі.

31 31. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсіпорындар үшін осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1, 2, 3 кестелерінде көрсетілген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

32 32. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Техникалық реттеу объектілері (ТРО) - процестер тізбесі

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
1-қо­сым­ша
Техникалық реттеу объектілері (ТРО) - процестер тізбесі
Р/с
N
ТРО
Қа­уіп­ті­лік си­патта­ма­сы
Қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры
Ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­рі­стің өн­ді­рі­стік про­цесс ата­уы
Жаб­дық ти­пі
Бал­қы­ты­ла­тын қо­рыт­па (пай­да­ла­ны­ла­тын ши­кі­зат)
1
2
3
4
5
6
1. Ши­кі­заттар мен ма­те­ри­ал­дар­ды сақ­тау, дай­ын­дау және бе­ру
1
Ших­та­лық ма­те­ри­ал­дар­ды сақ­тау, дай­ын­дау, та­сы­мал­дау, мөл­шер­леу және дай­ын ших­та­ны пеш­ке бе­ру про­це­сі
Кон­вей­ер­лер­ді қай­та тө­гу­дің, ши­кі­зат ма­те­ри­ал­да­рын тү­сі­ру­дің және до­за­тор­лар та­ра­зы­ла­ры­ның ас­пи­ра­ци­я­лық қон­дыр­ғы­ла­ры
Хром, мар­га­нец ке­ні, квар­цит, кокс, кө­мір, кө­мір­лі жы­ныс, әк, до­ло­мит, те­мір жоң­қа­сы
Шах­та шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның эмис­си­я­ла­ры - құ­ра­мын­да 20-70 % SiO 2 ор­га­ни­ка­лық емес то­заң
Каль­ций ок­си­ді­нің то­за­ңы
SiO 2 бо­луы <20%;
SiO 2 бо­луы >70%;
Тұр­пат­тық әсер ету -
шу;
ді­ріл
Про­це­стер­ді жа­бық үй-жай­лар­да жү­зе­ге асы­ру. Ши­кі­заттар­ды бө­лек сақ­тау. Тас­па­лы кон­вей­ер­лер­ді пай­да­ла­ну­дың және олар­ға қыз­мет көр­се­ту­дің шар­тта­рын сақ­тау. Үз­дік­сіз әре­кет­тің та­ра­зы­лық до­за­тор­ла­ры ба­за­сын­да ших­та­лар­ды мөл­шер­ле­уді бас­қа­ру­дың ав­то­мат­ты жүй­е­сін қол­да­ну. Ших­та­лық ма­те­ри­ал­дар­дың ке­шен­ді есе­бі жүй­е­сі­нің бо­луы.
2. Фер­ро­қо­рыт­па­лар­ды бал­қы­ту
1
Кен-тер­ми­ка­лық фер­ро­қо­рыт­па пеш­те­рін­де кө­мір­те­гі-тер­ми­ка­лық қал­пы­на кел­ті­ру
Қу­а­ты РКО 25 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­хром фер­ро­си­ли­ций фер­ро­си­ли­ки­о­хром
Пеш­тер­дің тү­тін
шы­ға­ра­тын құ­быр­ла­ры­нан шы­ға­ры­ла­тын
эмис­си­я­лар - ор­га­ни­ка­лық емес то­заң
SiO 2 бо­луы <20%;
SіО 2 бо­луы >70%;
SiO 2 бо­луы 20-70 % отын­ның жа­ну өнім­де­рі, ме­тал­дар­дың ок­сид­те­рі, NO x азот окис­лі, СО кө­мір­те­гі ок­си­ді, SO 2 кү­кір­ті­нің ди­ок­си­ді, Н 2 S кү­кірт­су­те­гі га­з­дар­ды та­за­лау ке­зін­де шлам­дар­дың жи­на­луы
Тұр­пат­тық әсер ету - жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рі­нің жұ­мысын тұ­рақ­ты ба­қы­лау.
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рін күр­де­лі жөн­деу.
Пеш­тер жиын­тығ­ы­нан шық­қан қож­дам­да­у­шы га­з­ды қа­зан­дық­тар­да отын ре­т­ін­де пай­да­ла­ну.
Тех­но­ло­ги­я­лық өл­шем­дер­ді ба­қы­лау:
Пеш­тер жиын­тығ­ын­да­ғы СО кө­мір­те­гі ок­си­ді бо­лу дең­гей­ін ба­қы­лау;
Пеш жабды­ғы­ның ақа­у­сызды­ғын, бел­гі­лен­ген элек­тр­лік ре­жи­мі­мен және қо­жам­да­у­шы­ның жай күй­ін ба­қы­лау;
Бал­қы­ты­л­ған қо­рыт­па­ның бір тон­на­сы­на электр энер­ги­я­сы­ның тө­мен шы­ғы­сы ке­зін­де пеш ба­рын­ша көп өнім­ді­лік бе­ре­тін пеш жұ­мысы­ның оң­тай­лы элек­тр­лік ре­жи­мін (қу­ат­ты­лы­ғы, электр то­ғы мен кер­неу) сақ­тау;
Ших­та­лар ком­по­нент­те­рі­нің оң­тай­лы қа­ты­на­ста­ры мен ших­та­лық ма­те­ри­ал­дар­дың ауқым­да­рын сақ­тау;
пеш­те­гі қал­пы­на кел­тір­гіш­тің ылғал­дық дең­гейі;
элек­трод­тар­дың қа­лып­ты ұзынды­ғы мен олар­дың ших­та­ға ба­ту те­рең­ді­гі;
жа­бық пеш­тер­ге ар­нал­ған газ ре­жи­мі;
қо­жам­да­у­шы­ға дұ­рыс қыз­мет көр­се­ту;
жи­нал­ған қож­ды шы­ға­ру­ға үшін мой­ын­дық ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­ла­ну;
ме­талл мен қож­ды уақ­ты­лы шы­ға­ру.
Пеш эле­мент­те­рін суы­ту­ға ар­нал­ған су­дың шы­ғар тұ­с­та­ғы тем­пе­ра­ту­ра­сы 35-40 o С бо­луы ти­іс.
Қу­а­ты РКО 63 МВА пе­ші
Фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 21 МВА пе­ші
Жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 27,6 МВА пе­ші
Жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 17 МВА пеш­те­рі
Жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 7 МВА пеш­те­рі
Ор­та­ша кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 7 МВА пеш­те­рі
Тө­мен кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 2,5 МВА пеш­те­рі
ФС-15Г фер­ро­си­ли­цийі
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­хром
2
Жа­бық пеш­тер­де элек­тро­лит­тік қал­пы­на кел­ті­ру
Қу­а­ты 25 МВА дей­ін­гі РКЗ пеш­те­рі
Фер­ро­хром
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­хром
Қу­а­ты РКЗ 33 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец
Қу­а­ты РКЗ 63 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­хром
ДПП-6 пеш­те­рі
Фер­ро­хром
3
Кен тер­ми­ка­лық фер­ро­қо­рыт­па пеш­тер­де­гі кен­ді қал­пы­на кел­ті­ру про­це­сі
Қу­а­ты РКО 6,3 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний
Қу­а­ты РКО 5 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний
3. Ме­талл шы­ға­ру
1
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­хром, Фер­ро­си­ли­ко­хром
Тү­тін шы­ға­ра­тын құ­быр­лар­дан шы­ға­тын эмис­си­я­лар мен жал­пы ал­ма­су жел­дет­кіш­те­рі - Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң,
SiO 2 бо­луы >70%;
SіО 2 бо­луы >20%-70%;
SіО 2 бо­луы <20% отын­ның жа­ну өнім­де­рі, ме­тал­дар­дың ок­сид­те­рі, NO x азот окис­лі, СО кө­мір­те­гі ок­си­ді, SO 2 кү­кір­ті­нің ди­ок­си­ді, Н 2 S кү­кірт­су­те­гі
Қал­дық­тар мен қож­дар­дың жи­на­луы
Тұр­пат­тық әсер ету - жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рі­нің жұ­мысын тұ­рақ­ты ба­қы­лау;
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рін күр­де­лі жөн­деу;
Тех­но­ло­ги­я­лық өл­шем­дер­ді ба­қы­лау:
пеш­тен қо­рыт­па­лар­ды шы­ға­ру­дың оң­тай­лы ке­зең­ді­лі­гі (жи­і­лі­гі) мен жал­ғас­па­лы­ғын сақ­тау;
ағы­нө­зек те­сі­гін бө­лу шар­тта­рын сақ­тау ақа­у­лар­ды неме­се қап­та­ма бұ­зы­лым­да­рын та­бу үшін әр­бір құ­ю­дан кей­ін бы­л­ға­ры тыс, қап­та­ма­ны мұ­қи­ят тек­се­ру
Қу­а­ты РКЗ 63 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 21 МВА пе­ші
Жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 27,6 МВА пе­ші
Жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 17 МВА пеш­те­рі
Жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 7 МВА пеш­те­рі
Ор­та­ша кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 7 МВА пеш­те­рі
Тө­мен кө­мір­тек­ті фер­ро­хром
Қу­а­ты РКО 2,5 МВА пеш­те­рі
ФС-15Г фер­ро­си­ли­цийі
2
Қу­а­ты РКО 6,3 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний
Тү­тін шы­ға­ра­тын құ­быр­лар­дан шы­ға­тын эмис­си­я­лар мен жал­пы ал­ма­су жел­дет­кіш­те­рі - Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң, SiO 2 бо­луы 20%-70% крем­ний ди­ок­си­ді NO x азот окис­лі, СО кө­мір­те­гі ок­си­ді, SO 2 кү­кір­ті­нің ди­ок­си­ді
Қал­дық­тар мен қож­дар­дың жи­на­луы
Тұр­пат­тық әсер ету - жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Қу­а­ты РКО 5 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пеш­те­рі
Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний
4. Ме­талл құю
1
Ме­та­лы бар құю шө­мі­шін құю ма­ши­на­сы­на та­сы­мал­дау
Ме­тал­ды құю жұ­мыста­рын орын­дау
Ме­талл мен қож қал­дық­та­рын әке­ту
Құю ма­ши­на­ла­рын төң­кер­гіш­тер
Құю ма­ши­на­ла­ры­ның фи­ни­ша­сы
Фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ций, фер­ро­си­ли­ко­хром, Фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний, фер­ро­сил­ко­мар­га­нец
Пеш­тер­дің тү­тін шы­ға­ра­тын құ­быр­ла­ры­нан шы­ға­ры­ла­тын эмис­си­я­лар - ор­га­ни­ка­лық емес то­заң
SiO 2 бо­луы >20%;
SiO 2 бо­луы 20%-70%;
SІО 2 бо­луы <20%; Ме­тал­дар­дың, қож­дар мен то­заң­ның жи­на­луы
Тұр­пат­тық әсер ету - жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рі­нің жұ­мыста­рын тұ­рақ­ты ба­қы­лау.
Егер тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан мүм­кін бол­са, газ тә­р­із­дес отын­ға кө­шу.
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рін күр­де­лі жөн­деу.
Тех­но­ло­ги­я­лық өл­шем­дер­ді ба­қы­лау:
Пеш­тен сұй­ық қо­рыт­па­ны тек кеп­ті­рі­л­ген құю шө­мі­ші­мен қа­был­дау;
Құю аяқ­тал­ған­нан кей­ін қож­дың қа­туын және шө­міш­тің өсу­ін бол­дыр­мау үшін шө­міш­ті де­реу та­за­ла­у­ға жі­бе­ру.
Қал­дық­ты ба­рын­ша азай­ту үшін:
про­це­сте жи­нал­ған ме­талл мен қож қал­дық­та­ры кей­ін­нен өң­деу неме­се өн­ді­ріс про­це­сте­рін­де қай­да­лап пай­да­ла­ну үшін жи­на­ла­ды;
ме­талл қал­дық­та­ры пеш­ке бір рет­тік мөл­шер­леп бе­ру жо­лы­мен өн­ді­рі­сте пай­да­ла­ны­ла­ды.
Жы­лу эмис­си­я­ла­рын бол­дыр­мау үшін:
ме­та­лы бар құю шө­мі­шін құю ма­ши­на­сы­на жет­кі­зу шө­міш­те­гі қож қа­бығ­ы­ның қо­ю­ла­ну (ме­талл бе­тіне кокс ұн­та­ғын неме­се құм се­бу ар­қы­лы) ке­зін­де ға­на жү­зе­ге асы­ры­луы ти­іс.
5. Ме­талл­ды дай­ын­дау (жар­ма­лау, сұ­рып­тау, буу)
Жар­ма­лау мен фрак­ци­он­дау және кон­вей­ер­ге ти­еу то­рап­та­ры­ның қон­дыр­ғы­ла­ры
Фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ций, фер­ро­си­ли­ко­хром, фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец
Эмис­си­я­лар - ор­га­ни­ка­лық емес то­заң SіО 2 бо­луы >70%;
SiO 2 бо­луы 20%-70%;
SіО 2 бо­луы <20%;
Ме­талл­дың ұсақ бөл­шек­те­рі
Тұр­пат­тық әсер ету - шу
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рі­нің жұ­мыста­рын тұ­рақ­ты ба­қы­лау.
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рін күр­де­лі жөн­деу.
Тех­но­ло­ги­я­лық өл­шем­дер­ді ба­қы­лау.
6. Пеш­тер­ді ұзақ уа­қыт тұ­рып қа­лу­ға дай­ын­дау және қы­зды­ру
ЖАЖ (жос­пар­лы ал­дын ала жөн­деу) ре­жи­мі
Пеш­тер­дің бар­лық түр­ле­рі
Қо­рыт­па­лар­дың бар­лық түр­ле­рі
Пеш­тер­дің тү­тін шы­ға­ра­тын құ­быр­ла­ры­нан шы­ға­ры­ла­тын эмис­си­я­лар - ор­га­ни­ка­лық емес то­заң SіО 2 бо­луы >70%;
SіО 2 бо­луы 20%-70%;
SiО 2 бо­луы <20%;
отын­ның жа­ну өнім­де­рі, ме­тал­дар­дың ок­сид­те­рі, NO x азот окис­лі, СО кө­мір­те­гі ок­си­ді, SO 2 кү­кір­ті­нің ди­ок­си­ді, Н 2 S кү­кірт­су­те­гі га­з­дар­ды та­за­лау ке­зін­де шлам­дар­дың жи­на­луы
Тұр­пат­тық әсер ету - жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Газ та­за­лау жүй­е­ле­рі­нің жұ­мыста­рын тұ­рақ­ты ба­қы­лау.
Тех­но­ло­ги­я­лық өл­шем­дер­ді ба­қы­лау:
Элек­трод­тар­да­ғы сал­мақ дең­гей­ін және элек­трод­тар­дың жұ­мыс іс­теу ұшы­ның ұзынды­ғын ба­қы­лау;
Тоқ жүк­те­ме­сін тө­мен­де­ту/жи­нақ­тау кесте­сі;
Пеш­ті ажы­ра­тқан сәт­ке бір рет­тік қай­та қо­су ауқы­мы мен са­нын қы­сқар­ту;
Жа­бық пеш­ті қы­зды­ру ашық ре­жим­де іс­ке қо­сы­ла­ды және 18 МВт астам қу­ат­ты­лық ке­зін­де жа­бық ре­жим­ге ауы­сты­ры­ла­ды.
Пеш эле­мент­те­рін суы­ту­ға ар­нал­ған су­дың шы­ғар тұ­с­та­ғы тем­пе­ра­ту­ра­сы 35-40 o С бо­луы ти­іс.

2 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін және қайта жаңартылатын кәсіпорындар үшін, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта салынатын кәсіпорындар үшін ферроқорытпа өндірісінің процесі үшін атмосфераға қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
2-қо­сым­ша
1-кесте
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін және қайта жаңартылатын кәсіпорындар үшін, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта салынатын кәсіпорындар үшін ферроқорытпа өндірісінің процесі үшін атмосфераға қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері
Р/с
N
Ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­ріс про­це­сі­нің және жабды­ғы­ның ата­уы
Ла­ста­у­шы заттың (ЛЗ) ата­уы
Шы­ға­рын­ды­лар­да ЛЗ құ­ра­мы­ның нор­ма­ти­ві, бал­қы­ты­л­ған қо­рыт­па­ның т/т, астам емес
1
2
3
4
1
Ши­кі­заттар мен ма­те­ри­ал­да­ры сақ­тау, дай­ын­дау және бе­ру
1
Ших­та­лық ма­те­ри­ал­дар­ды сақ­тау, дай­ын­дау және та­сы­мал­дау про­це­сі
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң, крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SІO 2 >70%
SіО 2 20%-70%
SіО 2 < 20%
каль­ций ок­си­ді­нің то­за­ңы
0,003
0,002
0,003
0,003
2
Ших­та­лық ма­те­ри­ал­дар­ды мөл­шер­леу мен дай­ын ших­та­ны пеш­ке бе­ру про­це­сі
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 >70%
SіО 2 20%-70%
SіО 2 <20%
0,4
2
Фер­ро­қо­рыт­па­лар­ды бал­қы­ту
1
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пе­ші (фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 > 70%
SІО 2 20%-70%
SІО 2 <20%
0,010
2
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­хром, фел­ло­си­ли­ко­мар­га­нец)
0,010
3
Қу­а­ты РКЗ 33 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­хром, фер­ро­си­ли­ций, фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец)
0,020
4
Қу­а­ты РКЗ 63 МВА пе­ші (фер­ро­хром)
0,010
5
ДППТ-6 пе­ші (фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 70%
SІО 2 20%-70%
SІО 2 > 20%
0,002
6
Қу­а­ты РКО 1,2 МВА пе­ші (фер­ро­хром)
0,002
7
Қу­а­ты РКО 25 МВА пе­ші (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ций, фер­ро­си­ли­ко­хром)
0,002
8
Қу­а­ты РКО 63 МВА пе­ші (фер­ро­хром)
0,002
9
Қу­а­ты РКО 21 МВА пе­ші (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
SІО 2 20%-70%
0,005
0,000
10
Қу­а­ты РКО 27,6 МВА пе­ші (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
0,004
0,0004
11
Қу­а­ты РКО 2,5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ций ФС-15Г)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
0,002
12
Қу­а­ты РКО 7 МВА пе­ші (тө­мен және ор­та­ша кө­мір­тек­ті фер­ро­хро­мы)
0,120
13
Қу­а­ты РКО 17 МВА пе­ші (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
0,005
14
Қу­а­ты РКО 6,3 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SІО 2 20%-70%
0,010
15
Қу­а­ты РКО 5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
0,010
16
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
0,010
3
Ме­талл шы­ға­ру
1
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пе­ші (пеш ағын өзе­гі) (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ко­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 > 70%
SІО 2 20%-70%
SІО 2 < 20%
0,010
2
Қу­а­ты РКЗ 63 МВА пе­ші (фер­ро­хром)
0,0003
3
Қу­а­ты РКО 7 МВА пе­ші (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (тө­мен және ор­та­ша кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
0,055
4
Қу­а­ты РКО 17 МВА пе­ші (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
0,040
5
Қу­а­ты РКО 27,6 МВА пе­ші (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
0,025
6
Қу­а­ты РКО 21 МВА пе­ші (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SІО 2 20%-70%
0,025
7
Қу­а­ты РКО 2,5 МВА пе­ші (ФС-15Г фер­ро­си­ли­ций)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
0,110
8
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SІО 2 20%-70%
0,010
9
Қу­а­ты РКО 5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
0,020
10
Қу­а­ты РКО 6,3 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
0,020
4
Ме­талл құю
1
Құю ма­ши­на­ла­ры­ның фи­ни­ша­сы (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ций, фер­ро­си­ли­ко­хром, фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
SІО 2 > 70%
0,0020
2
Ме­тал­ды ыдыс­қа құю (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
SІО 2 > 70%
0,008
0,0001
3
Ме­тал­ды ыдыс­қа құю (ор­та­ша және тө­мен кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
0,080
5
Ме­тал­ды дай­ын­дау (жар­ма­лау, сұ­рып­тау, буу)
1
Жар­ма­лау мен фрак­ци­он­дау және кон­вей­ер­ге ти­еу то­рап­та­ры­ның ас­пи­ра­ци­я­лық қон­дыр­ғы­ла­ры (бар­лық фер­ро­қо­с­па­лар)
Ор­га­ни­ка­лық емес то­заң крем­ний ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы
SiO 2 < 20%
SiO 2 > 70%
0,008
­2-кесте
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін және қайта жаңартылатын кәсіпорындар, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта салынатын кәсіпорындар үшін ферроқорытпа өндірісінің процесі үшін атмосфераға газ тәріздес қоспалар эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері
Р/с
N
Ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­рі­стің про­це­сі мен жабды­ғы­ның ата­уы
Ла­ста­у­шы заттың (ЛЗ) ата­уы
Шы­ға­рын­ды­лар­да ЛЗ құ­ра­мы­ның нор­ма­ти­ві, бал­қы­ты­л­ған қо­рыт­па­ның т/т, астам емес
1
2
3
4
1
Ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­ды сақ­тау, дай­ын­дау және бе­ру
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
жоқ
2
Фер­ро­қо­рыт­па­лар­ды бал­қы­ту
1
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,0001
0,00003
0,00001
2
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пеш­те­рі (фер­ро­си­ли­ко­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0035
0,0008
0,001
0,00001
3
Қу­а­ты РКЗ 33 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ций)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,00001
0,001
0,00001
4
Қу­а­ты РКЗ 63 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,0001
0,00004
0,00001
5
ДТТП-6 пе­ші (фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0004
0,00003
0,0005
0,00001
6
РКО 1,2 МВА пе­ші
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0055
0,0008
0,001
0,00001
7
РКО 25 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ций, фер­ро­си­ли­ко­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0055
0,0008
0,001
0,00001
8
Қу­а­ты РКО 63 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,0001
0,00004
0,00001
9
Қу­а­ты РКО 21 МВА пе­ші (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0033
0,0001
0,000061
0,00001
10
Қу­а­ты РКО 27,6 МВА пе­ші (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0036
0,0001
0,0009
0,00001
11
Қу­а­ты РКО 2,5 МВА пеш­те­рі (ФГ-15Г фер­ро­си­ли­ций)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0004
0,00003
0,0005
0,00001
12
Қу­а­ты РКО 7 МВА пеш­те­рі (жо­ға­ры және ор­та­ша кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0055
0,0015
0,0015
0,00004
13
Қу­а­ты РКО 17 МВА пеш­те­рі (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0025
0,0001
0,00060
0,00001
14
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пеш­те­рі (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,0004
0,0090
15
Қу­а­ты РКО 5 МВА пеш­те­рі (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
16
Қу­а­ты РКО 6,3 МВА пеш­те­рі (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
3
Ме­талл шы­ға­ру
1
Қу­а­ты РКЗ 25 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром, фер­ро­си­ли­ко­хром, фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,0008
0,001
0,00001
2
Қу­а­ты РКЗ 63 МВА пеш­те­рі (фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0065
0,0008
0,00004
0,00001
3
Қу­а­ты РКО 21 МВА пе­ші (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,00075
0,00002
0,00015
0,000002
4
Қу­а­ты РКО 27,6 МВА пеш­те­рі (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,00070
0,00002
0,00015
0,000002
5
Қу­а­ты РКО 2,5 МВА пеш­те­рі (ФС-15Г фер­ро­си­ли­ций)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0015
0,0020
0,0004
0,00001
6
Қу­а­ты РКО 7 МВА пеш­те­рі (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (ор­та­ша және тө­мен кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0006
0,0002
0,0002
0,00001
7
Қу­а­ты РКО 17 МВА пеш­те­рі (жал­пы ал­ма­су жел­дет­кі­ші) (жо­ға­ры кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0011
0,0002
0,00005
0,000002
8
Қу­а­ты РКО 1,5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,001
0,009
0,007
9
Қу­а­ты РКО 5 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,007
0,013
0,002
10
Қу­а­ты РКО 6,3 МВА пе­ші (фер­ро­си­ли­ко­алю­ми­ний)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,007
0,013
0,001
4
Ме­талл құю
1
Ме­тал­ды ыдыс­қа құю (ор­та­ша және тө­мен кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,00025
0,00005
0,00005
0,000001
2
Ме­тал­ды ыдыс­қа құю (ор­та­ша және тө­мен кө­мір­тек­ті фер­ро­хром)
Кө­мір­те­гі ок­си­ді СО
Азот ок­си­ді NO х Кү­кірт ди­ок­си­ді SO 2 Кү­кірт су­те­гі Н 2 S
0,0002
0,0003
0,00004
0,000001
3-кесте
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін және қайта жаңартылатын кәсіпорындар, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта салынатын кәсіпорындар үшін ферроқорытпа өндірісінің процесіне арналған қалдықтарды орналастырудың техникалық үлестік нормативтері
Бал­қы­ты­ла­тын қо­рыт­па
Қал­дық ата­уы
Қал­дық­тар­да­ғы ЛЗ құ­ра­мы, бал­қы­ты­л­ған қо­рыт­па­ның т/т, астам емес
1
2
3
Фер­ро­хром
фер­ро­хром­ның жо­ға­ры кө­мір­тек­ті қо­жы
1,7
фер­ро­хром­ның ор­та­ша кө­мір­тек­ті қо­жы
3,8
фер­ро­хром­ның тө­мен кө­мір­тек­ті қо­жы
4
"ылғал" газ та­за­ла­у­шы шла­мы
0,045
ас­пи­ра­ци­я­лық "құр­ғақ" газ та­зар­ту то­за­ңы
0,055
Фер­ро­си­ли­ций
фер­ро­си­ли­ций қо­жы
Жоқ
ФС 15Г фер­ро­си­ли­ций өн­ді­рі­сі­нің қо­жы
0,113
"ылғал" газ та­за­ла­у­шы шла­мы
Жоқ
ас­пи­ра­ци­я­лық "құр­ғақ" газ та­зар­ту то­за­ңы
0,2
Фер­ро­си­ли­ко­хром
"ылғал" газ та­за­ла­у­шы шла­мы
0,065
ас­пи­ра­ци­я­лық "құр­ғақ" газ та­зар­ту то­за­ңы
0,2
Фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец
Фер­ро­си­ли­ко­мар­га­нец қо­жы
1,0
"ылғал" газ та­за­ла­у­шы шла­мы
0,055
ас­пи­ра­ци­я­лық "құр­ғақ" газ та­зар­ту то­за­ңы
0,26
Фер­ро­си­ли­кла­лю­ми­ний
Фер­ро­си­ли­кла­лю­ми­ний қо­жы
0,15
Кө­мір­лі жы­ны­сты бө­лу­ді ес­ке­ре оты­рып, ас­пи­ра­ци­я­лық "құр­ғақ" газ та­зар­ту то­за­ңы
1,0

Қолданыстағы