О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 754/12
- Қабылданған күні
- 26.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2010 AI43770_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08PC000213
- ЭКБ идентификаторы
- 43770
- Редакция идентификаторы
- AI43770_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:10
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 18-1-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін және бекітілсін:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған жұмыс беруші жұмыс түрлерін, ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
2 2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов):
комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады;
нысаналы топқа жататын жұмыссыздар үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын кұру келісімшартын, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін анықтайтын және каржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс берушілермен келісімшарт жасайды;
әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді.
3 3. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі жөніндегі комиссия құрамы
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 754/12 қаулысына
1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі жөніндегі комиссия құрамы
Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Серік Әубәкішұлы Арыстанов
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Айгүл Әнуарбекқызы Әлімова
- жұмыспен қамту секторының бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Лариса Павловна Векшина
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Жаңылсын Ералықызы Хамитова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Болат Қайыржанұлы Құспеков
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Сара Кеңеспайқызы Мұстафина
- жұмыспен қамту секторының меңгерушісі.