Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по оказанию материальной социальной помощи малообеспеченным семьям

Ереже · № 85 · қабылданған 19.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43799/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил по оказанию материальной социальной помощи малообеспеченным семьям Күшін жойған Ереже ·№ 85 ·19.12.2008
23.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по оказанию материальной социальной помощи малообеспеченным семьям

Күшін жойған Ереже ·№ 85 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по оказанию материальной социальной помощи малообеспеченным семьям
Атауы (қаз.)
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
85
Қабылданған күні
19.12.2008
Көрсетілген редакция
23.12.2010 AI43799_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CI000091
ЭКБ идентификаторы
43799
Редакция идентификаторы
AI43799_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:23

0 Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 11) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 1 тармағы, Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 22 "Ақтөбе облысында туберкулезбен күресуін күшейтудің 2008-2010 жылдарға арналған Өңірлік Бағдарламасы туралы" бекітілген шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық әлеуметтік көмек көрсету Ережесі" бекітілсін.

2 Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ

2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың       Аудандық мәслихаттың
кезекті он екінші           хатшысының м.а.
сессиясының төрағасы
А.М.Беркімбаев                П.П.Хохлов
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 85 шешіміне қосымша
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қарау жөнінде құрылған комиссия – аудандағы жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларының әлеуметтік жағдайын тексеріп оларға қаржылай әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылды.

2 2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын және осы Ережені басшылыққа алады.

3 3. Комиссия жұмысы отырыс түрінде өткізіледі.

2 2. Комиссияның міндеті мен қызметі

4 4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:

1 1) Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларының әлеуметтік жағдайының төмендеу негіздерін анықтау және оларды болдырмау шараларын қабылдау;

2 2) Халықтың әлеуметтік – осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағыда басқа көмектер көрсету механизмін жетілдіру;

3 3) Жергілікті бюджеттен берілетін бір жолғы материалдық әлеуметтік көмекті арызданушыларға байланысты төмендегі жағдайларда беру:

а а) Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен мүгедектеріне, 1941-1945 жылдары "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған және ең төменгі зейнетақы алушы тыл ардагерлеріне, оған қосымша жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларын баспасөзбен қамту;

б б) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына байланысты;

в в) туберкулезбен ауыратындарға;

г г) жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларының кездейсоқ жағдайларына байланысты;

4 4) Жергілікті бюджеттен берілетін материалдық әлеуметтік көмек жылына бір рет беріледі.

3 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

5 5. Комиссияны төраға басқарады.

6 6. Комиссия отырысының күн тәртібіне ұсыныстарды, қажетті құжаттарды материалдарды комиссия хатшысы рәсімдейді.

7 7. Комиссияның жұмысын комиссия мүшелері атқарады.

8 8. Жоғарыдағы аталған санаттарға қатысы бар азаматтардың берген арызына байланысты комиссия отырысы әр айдың үшінші аптасында өткізіледі. Қажеттілігіне қарай отырыс мерзімділігі өзгертілуі мүмкін.

9 9. Комиссия өз мәселе бойынша міндетті шешім қабылдайды.

10 10. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен қабылданады және ол үшін комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берген болса қабылданады, ал егер екі жақтың дауысы тең болса комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

11 11. Комиссия отырысына түскен арыздың мазмұнына байланысты қажетті құжаттар әзірлеу үшін, комиссия мүшелері арасынан жұмысшы тобы құрылып, отырысқа мәселенің түсіндірме жазбасы және шақырылатын адамдардың тізімін ұсынады.

4 4. Комиссияның құқықтары

12 12. Комиссиянын құқығы:

1 1) Аудандағы әлеуметтік жағдайды төмен тұрғандарды қорғау, әлеуметтік жағдайды қалыптастыру, қарым-қатынастарды қорыту жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар түсіру.

2 2) Тиісті мемлекеттік органдардан зерттеуді жүргізуге қажетті мәліметтерді сұрау.

3 3) Комиссия қорытындысына байланысты бір жолғы қаржылай әлеуметтік көмекті көрсету.

4 4) Комиссия отырысында комиссияның жұмысына қатысты мәселелер бойынша комиссия мүшелерін мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерін тыңдау.

5 5) Төленетін бір жолғы материалдық әлеуметтік көмектің мөлшері комиссия отырысының шешімімен белгіленеді.

6 6) Комиссия қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау жасауға құқылы.

7 7) Белгіленген тәртіпте комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу.

5 5. Материалдық әлеуметтік көмек берудің тәртібі

13 13. Жергілікті бюджеттен берілетін бір жолғы материалдық әлеуметтік көмекті беру үшін төмендегі құжаттарды жинақтау;

1 1) жоғарыдағы аталған санаттарға қатысы бар азаматтардың дәлелді мұқтажына қарай комиссия төрағасы атына арыз;

2 2) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы;

3 3) жеке куәлігінің көшірмесі;

4 4) мекен жайы туралы үй кітабының көшірмесі;

5 5) РНН көшірмесі;

6 6) туберкулезбен ауыратынарға, Мұғалжар аудандық туберкулез ауруханасының (ММ) анықтамасы;

7 7) мәлімдеуші материалдық әлеуметтік көмек мұқтаждық болса растау құжаттар болу керек (емделген дәрігерлік мекемеден қорытындысы, операцияның құны, дәрігерлік тексеру, табыстар туралы анықтама);

8 8) комиссия отырысының шешімі:

9 9) қаржылай әлеуметтік көмекті аударатын есепшот номері.

10 10) материалдық әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы төленеді.

6 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

14 14. Комиссия қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тоқтатылады.

Қолданыстағы