О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектурно-градостроительного контроля
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектурно-градостроительного контроля
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 19.04.1998
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI438_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980000353_
- ЭКБ идентификаторы
- 438
- Редакция идентификаторы
- AI438_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:44
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
"Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 3811 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған, өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 434 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 97-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 702 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 160-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 373-құжат).
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 20 сәуiрдегi
N 353 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала
құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
мен толықтырулар
1 1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 918 қаулысымен.
3 3. "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 30-құжат):
1-тармақтағы "Алматы қаласында" деген сөздер "Ақмола және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3, 6-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.