Құжат мәтініне өту

Инструкция о порядке выплаты государственных научных стипендий ученым, внесшим выдающийся вклад в развитие науки и техники, и талантливым молодым ученым

Бұйрық · № 118 · қабылданған 25.05.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4380/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Инструкция о порядке выплаты государственных научных стипендий ученым, внесшим выдающийся вклад в развитие науки и техники, и талантливым молодым ученым Күшін жойған Бұйрық ·№ 118 ·25.05.1997
15.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Инструкция о порядке выплаты государственных научных стипендий ученым, внесшим выдающийся вклад в развитие науки и техники, и талантливым молодым ученым

Күшін жойған Бұйрық ·№ 118 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Инструкция о порядке выплаты государственных научных стипендий ученым, внесшим выдающийся вклад в развитие науки и техники, и талантливым молодым ученым
Атауы (қаз.)
Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттiк стипендиялар төлеу тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
118
Қабылданған күні
25.05.1997
Көрсетілген редакция
15.10.2012 AI4380_6.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V970000354_
ЭКБ идентификаторы
4380
Редакция идентификаторы
AI4380_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:06

0 Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттiк стипендиялар төлеу тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрiнің 2012.10.15 № 477 бұйрығымен.

1 1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 ж. 09.12 N 1501 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы Ереженi орындау үшiн шығарылды (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 50, 488-бап).

2

2. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар мөлшерi және оны алу үшiн конкурс өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" 1996 ж. 28.08. N 1063 қаулысында белгiленген (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 338-бап).

3 3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.

Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

4

4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеудің бірінші жылы өткеннен кейін мемлекеттік ғылыми стипендияларға кандидатураны ұсынған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиаттың өткен жылғы жүргізген жұмыстары туралы есебін тыңдайды және төлеу мерзімін ұзарту немесе оны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 632 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).

5 5. Ғалыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестер мемлекеттiк ғылыми стипендияны ұзарту болмаса оны төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жыл сайын стипендиатқа стипендия төлене басталған айдың 15-iне дейiн тапсырады.

Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

6

6. Ғалыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиат жөнiнде оң шешiм қабылдағанда кеңес мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi негiзiнде оған мемлекеттiк ғылыми стипендия төлеу мерзiмi өздiгiнен келесi жылға ұзартылады. Стипендиат туралы кеңес терiс ұсыным қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінiң тоқтату жөнiнде бұйрығы шығарылады.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

7 7. Жылма-жылғы жұмысы туралы есебi нәтижесiнде мемлекеттiк ғылыми стипендия алу құқығынан айырылған стипендиаттар оны тағайындалғанынан тиiсiнше он үшiншi айдан бастап алмайтын болады.

Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

8

8. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды төлеуге қаражат аударуды тоқтату үшін басқа да себептер туындаған жағдайда (жұмыстан шығарылғанда, қайтыс болғанда және т.б.) мекеменің (ұйымның) басшысы екі апта мерзім ішінде бұл туралы жазбаша түрде стипендияны төлеуді тоқтататынын Білім және ғылым министрлігіне хабарлауға міндетті.
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

9 9. Егер жұмыс орны өзгерiп ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет бейiнi сақталса, стипендиат екi апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қазiргi қызмет iстейтiн орнының анықтамасын қосып жазбаша хабарлайды.

Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

10 10. Кандидатураларын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелерi ұсынған дарынды жас ғалымдар өздерiнiң iстеген жұмыстары туралы негiзгi қызмет орнындағы ғалыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес алдында оны ұсынған академиктiң қатысуымен есеп бередi.

Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен , 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 632 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).

11 11. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды стипендиаттарға төлеуге қаражат аударуды стипендиаттың есебінің нәтижесі бойынша ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымдарын мекемелердің (ұйымдардың) ұсыныстарынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.

Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312 бұйрығымен .

Қолданыстағы