Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, за счет средств районного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, за счет средств районного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 19.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 43809_223013.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NS000088
- ЭКБ идентификаторы
- 43809
- Редакция идентификаторы
- 43809_223013
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:00
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238–бабының 2-тармағын орындау үшін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 1–тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2
2. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын.