Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 72 · қабылданған 28.01.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43825/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 72 ·28.01.2009
02.10.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 72 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72
Қабылданған күні
28.01.2009
Көрсетілген редакция
02.10.2013 AI43825_4.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000072_
ЭКБ идентификаторы
43825
Редакция идентификаторы
AI43825_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:54

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат):

3-тармақтың төртінші абзацындағы "болып белгіленсін" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтке болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаны жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберу және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру;
салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тарту;
салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып белгіленсін.";

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2013 № 1042 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                             К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 72 қаулысына
қосымша

Қолданыстағы