Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с увеличением цен на основные продукты питания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с увеличением цен на основные продукты питания
- Атауы (қаз.)
- Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/2
- Қабылданған күні
- 15.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2010 43842_178557.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KC000072
- ЭКБ идентификаторы
- 43842
- Редакция идентификаторы
- 43842_178557
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:02
0 Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына, 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" және 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 2 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтардың келесі санаттарына айына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін:
1 1) 2009 жыл бойында жәрдемақы тағайындауға өтініш білдірген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындарға;
2 2) 2009 жыл бойында жәрдемақы тағайындауға өтініш берген - 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушы-балаларға.
2 2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1 1) берілетін материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
2
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға материалдық көмекті "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төлесін.
3
3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.