Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-13/387
- Қабылданған күні
- 29.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2009 43910_205318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BL000103
- ЭКБ идентификаторы
- 43910
- Редакция идентификаторы
- 43910_205318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:08
0 Жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2 тармағына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылықтарға кездесуші мүгедектерді әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерге құрылатын жұмыс орындарына жолдама беруді жүзеге асырсын.
3 3. Нақты қаулының күші 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқық қатынасына тарайды.
4 4. Жарқайың ауданында “Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жарқайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қаңтарындағы № А-1/1 қаулысы (Аумақтық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Рееестрінде № 1-12-77 тіркелген) күші жойылған деп саналсын.
5 5. Нақты қаулы Жарқайың ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.Ахметоваға жүктелсін.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жарқайың ауданы
әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметова
Жарқайың ауданы
«Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы В.Қ.Сидорина