Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш в городе Семей и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш в городе Семей и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 287
- Қабылданған күні
- 14.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2020 43927_458135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09V0002495
- ЭКБ идентификаторы
- 43927
- Редакция идентификаторы
- 43927_458135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:02
0 Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,«Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Белгіленсін:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ. Бейсембаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының бастығы
К. Көбегенов
Шығыс Қазақстан облысының
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Т. Ерубаев
7 Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2009 жылғы «14» қаңтардағы
№ 287 қаулысына
қосымша
Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзені
25,40
2326,6
350-2690
25,107
343,6858
7-800
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.