Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам

Қаулы · № 16 · қабылданған 12.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44002/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам Күшін жойған Қаулы ·№ 16 ·12.01.2009
11.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам

Күшін жойған Қаулы ·№ 16 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
12.01.2009
Көрсетілген редакция
11.01.2010 AI44002_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NJ000108
ЭКБ идентификаторы
44002
Редакция идентификаторы
AI44002_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:03

0 Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3606, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 әкімдік қаулысын іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектерге мынадай әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:

1 1) мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексеру құнына жүз пайыз мөлшерінде;

2 2) операция жасауға 15000 теңге сомасында;

3 3) Қостанай облысының жоғары және орта кәіби оқу орындарында оқуына мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, оқудың бір жылдық құнының 80 % мөлшерінде;

4 4) санаторлық-курорттық емделуіне, барып-келуіне байланысты көліктік шығындар орнын толтыруына 2000 теңге мөлшерінде;

5 5) тиісті жылға белгіленген, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларды қорғау Күніне мүгедек балаларға көрсетілсін.

1), 2), 3), 4) тармақшаларда көрсетілген, әлеуметтік көмек түрлерін алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өтініш;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
жеке бас куәлігінің көшірмесі;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
мүгедектік туралы анықтама үзіндінің көшірмесі;
оқуына ұсынылған шығындар сомасы жөніндегі шоты (анықтама).

2 2. Аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылғандай қаражат шегінде әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне қарамастан жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік көмектің әрбір түрі тағайындалады және төленеді.

3 3. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

4 4. Төлем екінші деңгейлі банктегі алушылардың жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.

6 6. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы