Құжат мәтініне өту

Об установлении социальных выплат участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним

Қаулы · № 17 · қабылданған 12.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44003/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении социальных выплат участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·12.01.2009
11.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении социальных выплат участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении социальных выплат участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
12.01.2009
Көрсетілген редакция
11.01.2010 AI44003_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NJ000109
ЭКБ идентификаторы
44003
Редакция идентификаторы
AI44003_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:03

0 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешіміне, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 3606, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 Қостанай облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін әлеуметтік төлемдер:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне мынадай түрде:

Жеңіс Күніне 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
монша және шаштараз қызметтеріне 300 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек белгіленсін.
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне монша және шаштараз түріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы берілген өтініш негізінде жүргізіледі және өтініш беруші қайтыс болған айдан бастап тоқтатылады;

2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға Жеңіс Күніне бір жолғы әлеуметтік көмек 3000 теңге мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

3 3. Әлеуметтік көмек төлемі әлеуметтік көмек алушының жеке шотына қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.

5 5. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы