Об утверждении Правил выплаты компенсации на возмещение расходов на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты компенсации на возмещение расходов на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерге тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4C-14/4
- Қабылданған күні
- 28.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2012 44040_204805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BB000103
- ЭКБ идентификаторы
- 44040
- Редакция идентификаторы
- 44040_204805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:08
0 Ауылдық елді мекендерге тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 11), 14) тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса берілген Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесі (бұдан әрі-Ереже) бекітілсін.
2 2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының
әкімі А. Никишов
3 Степногорск қалалық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 4С-14/4 шешімімен
бекітілген
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесі
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы Төлем ережесі жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтейтін өтемақының төленуін реттейді.
2
2. Төлем ережесін қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы болып табылады.
2 2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3
3. 451-004 “Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасының” әкімшісі "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
3 3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі және мөлшері
4 4. Өтемақы төлемі жылына бір рет отбасының бір мүшесіне ақшалай түрде ұсынылады.
5 5. Отын сатып алу өтемақысына үміткер "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
1 1) өтініш;
2 2) жеке куәліктің көшірмесі;
3 3) үйдің, пәтердің техникалық паспортының көшірмесі;
4 4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
5 5) үй кітапшасының көшірмесі;
6 6) жұмыс орнынан анықтама.
6 6. "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тізімдерді алыптастырады.
7 7. Бір маманға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде отын сатып алуға арналған ақшалай біржолғы төлем ауылдық елде мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мәдениет, спорт, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдар мамандарының дербес шоттарына аударылады.
4 4. Өтемақы төлемін қаржыландыру
8
8. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін өтемақы төлеу шығындарын қаржыландыру 451-004 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша қала бюджетінен бөлінеді.