Ақшұқыр селосы базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін және салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақшұқыр селосы базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін және салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақшұқыр селосы базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін және салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/87
- Қабылданған күні
- 12.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2011 · қолданыстағы AI44054_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08MF000080
- ЭКБ идентификаторы
- 44054
- Редакция идентификаторы
- AI44054_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:26
0 Ақшұқыр селосы базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін және салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 - ІҮ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 12 маусым 2001 жылғы № 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің күші жойылуына байланысты, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1 - 1 тармағын, Маңғыстау облысы әділет департаментінің 16 қыркүйек 2011 жылғы № 2 - 13/9588, 19 қыркүйек 2011 жылғы № 2 - 13/9595 хаттарын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақшұқыр селосы бойынша базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасы бекітілсін (қосымша N 1)
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ":
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасы Н.Худибаев
12 желтоқсан 2008 жыл
Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімінің бастығы
Е. Рзаханов
12 желтоқсан 2008 жыл
4 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 1 қосымша
5 Аймақтардың сипаты
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/86 шешіміне
N 2 қосымша
Ақшұқыр селосы жерлерінің аймағын сипаттау және
салық салу мақсатындағы түзету көэфициенттері
Аймақтар N
Аймаққа енетін әкімшілік құрылымдар
Аймақ бойынша коэффициент
І
Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ. Теңіз жағалауы. Ақшұқыр ауылының жеке құрылысына арналған тұрғын массивтер және С.Шапағатов елді мекені Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым жердегі жеке тұрғын массиві
1,5
ІІ
Өндірістік аймақ
1,5
ІІІ
Жобадағы құрылыс (қоғамдық-іскерлік және тұрғын)
1,4
ІV
Резервтегі аймақ
1,3
Аймақтардың сипаты
1 - ші аймақ – қоғамдық - іскерлік және тұрғын. Бірінші аймақтың шекарасы батыс жақтан Каспий теңізінің жағалауы, солтүстік және онтүстік - Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекарасы бойымен, шығыс – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолы арқылы 200 м оңға қарай, сондай - ақ Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым жерден өтеді.
2 - ші аймақ - өндірістік жерлер. Екінші аймаққа өнеркәсіп жерлері кіреді. Аймақтың шекарасы: оңтүстік - батыста – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстік шығысында – Мұнайлы ауданының әкімшілік шекаралары.
3 - ші аймақ – жаңа жеке тұрғын құрылыс (қоғамдық - іскерлік және тұрғын). Аймақтың шекарасы батыс жақтан "Ақтау – Форт - Шевченко" автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстіктен 1 шақырым жерден Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан автомобиль жолы арқылы өтеді.
4 - ші аймақ – резервтік аймақ. Аймақтың шекарасы батыс жақтан Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым және Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекарасы бойымен, шығыс – Мұнайлы ауданы әкімшілігі шекарасы бойымен өтеді.