Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/88
- Қабылданған күні
- 12.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2012 · қолданыстағы AI44055_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08MF000081
- ЭКБ идентификаторы
- 44055
- Редакция идентификаторы
- AI44055_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:26
0 Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы "Жер" кодексінің 8, 11-баптарын, "Салық" кодексінің 338-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 4), 13)тармақшаларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақшұқыр селосы бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы схемаға сәйкес бекітілсін (қосымша N 1)
2 2. Түзету коэффициенттері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ":
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасы Н.Худибаев
12 желтоқсан 2008 жыл
Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімінің бастығы
Е. Рзаханов
12 желтоқсан 2008 жыл
4 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 1 қосымша
5 Аймақтардың сипаты
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/86 шешіміне
N 2 қосымша
Ақшұқыр селосы жерлерінің аймағын сипаттау және
жер учаскесінің ақы ставкаларына қатысты түзету көэфициенттері
Аймақтар N
Аймаққа енетін әкімшілік құрылымдар
Аймақ бойынша коэффициент
І
Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ. Теңіз жағалауы. Ақшұқыр ауылының жеке құрылысына арналған тұрғын массивтер және С.Шапағатов елді мекені Ақтау қ. Халықаралық әуежайнан 1 шақырым жердегі жеке тұрғын массиві
2,0
ІІ
Өндірістік аймақ
1,8
ІІІ
Жобадағы құрылыс (қоғамдық-іскерлік және тұрғын)
1,6
ІV
Резервтегі аймақ
1,4
Аймақтардың сипаты
1 - ші аймақ – қоғамдық - іскерлік және тұрғын. Бірінші аймақтың шекарасы батыс жақтан Каспий теңізінің жағалауы, солтүстік және онтүстік - Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекрасы бойымен, шығыс – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолы арқылы 200м оңға қарай, сондай-ақ Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым жерден өтеді.
2 - ші аймақ - өндірістік жерлер. Екінші аймаққа өнеркәсіп жерлері кіреді. Аймақтың шекарасы: оңтүстік-батыста – "Ақтау - Форт - Шевченко" автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстік шығысында – Мұнайлы ауданының әкімшілік шекаралары.
3 - ші аймақ – жаңа жеке тұрғын құрылыс (қоғамдық - іскерлік және тұрғын). Аймақтың шекарасы батыс жақтан "Ақтау – Форт - Шевченко» автомобиль жолынан 200 м оңға қарай, солтүстіктен 1 шақырым жерден Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан автомобиль жолы арқылы өтеді.
4 - ші аймақ – резервтік аймақ. Аймақтың шекарасы батыс жақтан Ақтау қ. Халықаралық әуежайынан 1 шақырым және Ақшұқыр селосы әкімшілігі шекарасы бойымен, шығыс – Мұнайлы ауданы әкімшіліг шекарасы бойымен өтеді.