Құжат мәтініне өту

Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 687 · қабылданған 25.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44061/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 687 ·25.12.2008
29.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 687 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
687
Қабылданған күні
25.12.2008
Көрсетілген редакция
29.01.2010 · қолданыстағы AI44061_1.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZC000070
ЭКБ идентификаторы
44061
Редакция идентификаторы
AI44061_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:11

0 Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төленетін жалақы ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын көлемде жүргізілсін.

3 3. Күнтізбелік жыл бойы жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа қайта тартылуы мүмкін деп танылсын.

4 4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (И. Сивкова) жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидиховке жүктелсін.

7 Қосымша

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
N 687 қаулысымен бекітілген
Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың
тізбесі
N
Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрі
Қаржыландыру көзі
Жұмыс жағдайы
1
"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру; ағаш және гүл егу; тоғандар мен арықтарды қоқыстан тазарту; аумақты, көшелерді, жол жиегін қардан, қоқыстан, арам шөптен тазарту; халық санағы мен мал санағын жүргізу; үйлердің маңындағы жертөлелерді тазарту
Аудандық бюджет
Жұмыс беруші жасайды (қажетті құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етеді)
2
Ауданның селолық округ әкімдерінің аппараттары
Көгалдандыру; ағаш және гүл егу; тоғандар мен арықтарды қоқыстан тазарту; аумақты, көшелерді, жол жиегін қардан, қоқыстан, арам шөптен тазарту; халық санағы мен мал санағын жүргізу; үйлердің маңындағы жертөлелерді тазарту;  бұлақтарды абаттандыру
Аудандық бюджет
Қажетті құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етеді

Қолданыстағы