Құжат мәтініне өту

Об организации профессиональной подготовки, повышении квалификации и переподготовки безработных

Қаулы · № 7 · қабылданған 15.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44071/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации профессиональной подготовки, повышении квалификации и переподготовки безработных Күшін жойған Қаулы ·№ 7 ·15.01.2009
27.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации профессиональной подготовки, повышении квалификации и переподготовки безработных

Күшін жойған Қаулы ·№ 7 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации профессиональной подготовки, повышении квалификации и переподготовки безработных
Атауы (қаз.)
Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
15.01.2009
Көрсетілген редакция
27.10.2009 AI44071_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NG000092
ЭКБ идентификаторы
44071
Редакция идентификаторы
AI44071_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:01

0 Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдастырылсын.

2 2. Медициналық куәландыруға, жол жүруге, тұруға және тамақтануға шығындарды қаржыландыру және төлеу оқытуды аяқтағаннан кейін келесі көлемдерде аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі:

1 1) тұру – айына екі есеп көрсеткіші;

2 2) тамақтану – айына үш есеп көрсеткіші;

3 3) медициналық куәландырудың толық құны;

4 4) облыс шегінде оқу орнына баратын жолдың толық құны.

Тұрғылықты жері бойынша оқытудан өткен жұмыссыздарға тек қана тамағы мен медициналық куәләндыруға шығыстары өтеледі.

3 3. Төлемдер келесі құжаттарды ұсынған кезде жасалады: арыз, арыз берушінің жеке бас куәлігінің және кәсіби оқыту туралы куәліктің көшірмелері, темір жол немесе жолаушылар көлігінде жүру құжаттары, медициналық куәләндыруға төлеу жөніндегі төлем құжаты.

4 4. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі және "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға уақытылы тағайындалуын және қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

5

5. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 203 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-11 тіркелген, "Әулиекөл" газетінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 27 жарияланған) күшін жойған деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы