Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах отдельных особо охраняемых природных территорий Карагандинской области

Қаулы · № 122 · қабылданған 06.02.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44090/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах отдельных особо охраняемых природных территорий Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 122 ·06.02.2009
04.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах отдельных особо охраняемых природных территорий Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 122 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах отдельных особо охраняемых природных территорий Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
122
Қабылданған күні
06.02.2009
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI44090_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000122_
ЭКБ идентификаторы
44090
Редакция идентификаторы
AI44090_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:50

0 Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Қарағанды облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарағанды облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қу ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 14581 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын.

2

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағындағы жалпы алаңы 7216 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және орман қорының жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар "мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныш санатына жатқызылсын.

3 3. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, онда осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жағдайына және қалпына келуіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.

4 4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жалпы алаңы 44660 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық маңызы бар "Белдеутас" (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 122 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы
гектармен
Ата­уы
Жал­пы ала­ңы
Оның ішін­де:
ор­ман­ды ал­қап­тар
ор­ман­ды ал­қап­тар жиы­ны
ор­ман­сыз ал­қап­тар
ор­ман­сыз ал­қап­тар жиы­ны
ор­ман көм­кер­ген, бар­лы­ғы
оның ішін­де
ор­ман көм­кер­ме­ген,бар­лы­ғы
ша­бын­дық­тар
жай­ы­лым­дар
су астын­да
жол­дар
бас­қа жер­лер
шоқ аға­штар
ор­ман да­қыл­да­ры
1. Ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі
(Қу ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау ша­ру­а­шы­лы­ғы), Бақ­ты ор­ман­шы­лы­ғы
14581
5143,5
2537
93
4570,4
9714,4
359,6
2086,2
6
36,8
2378
4866,6
2. Қор жер­ле­рі
7216
6337,7
5
15,2
8,1
850
7216
Бар­лы­ғы:
21797
5143,5
2537
93
4570,9
9714,4
6697,3
2091,2
21,2
44,9
3228
12082,6

Қолданыстағы