Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы

Қаулы · № 04.2-44/18 · қабылданған 20.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44099/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы Күшін жойған Қаулы ·№ 04.2-44/18 ·20.01.2009
08.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы

Күшін жойған Қаулы ·№ 04.2-44/18 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04.2-44/18
Қабылданған күні
20.01.2009
Көрсетілген редакция
08.08.2016 AI44099_6.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005529_
ЭКБ идентификаторы
44099
Редакция идентификаторы
AI44099_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:59

0 Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4412 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) эмитенттің және (немесе) оның бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы халықаралық шкала бойынша "С" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша) немесе "С" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша), не болмаса "Standard & Poor's" қазақстандық ұлттық шкаласы бойынша "kzСС" төмен болмауға тиіс;".

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:

1 1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

3 3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы
ұй­ым­да­рын рет­теу мен
қа­да­ға­лау агент­ті­гі­нің тө­рай­ы­мы
________________ Е. Ба­хму­то­ва
2009 жыл

Қолданыстағы