Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовой программы инспекционного обследования деятельности субъектов гражданской авиации Республики Казахстан по линии авиационной безопасности

Бұйрық · № 13 · қабылданған 20.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44100/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Типовой программы инспекционного обследования деятельности субъектов гражданской авиации Республики Казахстан по линии авиационной безопасности Күшін жойған Бұйрық ·№ 13 ·20.01.2009
29.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовой программы инспекционного обследования деятельности субъектов гражданской авиации Республики Казахстан по линии авиационной безопасности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 13 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовой программы инспекционного обследования деятельности субъектов гражданской авиации Республики Казахстан по линии авиационной безопасности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13
Қабылданған күні
20.01.2009
Көрсетілген редакция
29.09.2010 AI44100_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005540_
ЭКБ идентификаторы
44100
Редакция идентификаторы
AI44100_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:59

0 Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Қауіпсіздік. Халықаралық азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау" деген 17-қосымшаның талабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық

авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
N 13 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы
Р/с N
Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша по­зи­ция нө­мiр­лерi және тек­серiлетiн бөл­шек­тер
Сәй­кест­iк­тi ба­ға­лау (+/-)
Сәй­кес­сіз­дік по­зи­ци­я­сы нө­мiрi
1.
Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз етудi ұй­ым­да­сты­ру мы­на­лар­ды қам­туы ти­іс:
1)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк қыз­метiнiң бекiтiл­ген ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өн­дiрiстiк құ­ры­лы­мы­ның бо­луы, оның тех­ни­ка­лық, өн­дiрiстiк және қар­жы­лық қам­та­ма­сыз етiлуi;
2)
АҚҚ әу­е­жай қыз­мет­терi­мен және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бас­қа мүд­делi мем­ле­кет­тiк ор­ган­да­ры­мен (ІІМ, ҰҚК, Ке­ден ко­ми­те­ті) өза­ра iс-қи­мыл тех­но­ло­ги­я­сы­ның бо­луы;
3)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк қыз­метiнiң қыз­мет ая­сы (орын­да­ла­тын мiн­дет­терi);
4)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап­ты әу­е­жай бас­шы­лы­ғы құ­ра­мы­ның тiзi­мi;
5)
ТЖ туын­да­ған кез­де ТЖ рет­теу бой­ын­ша іс-қи­мыл­дар жос­па­ры­на сәй­кес ше­шiм қа­был­дау үшiн жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар­ды та­ғай­ын­дау бой­ын­ша өкiм­дiк құ­жат­тың бо­луы;
6)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету­мен тi­ке­лей бай­ла­ны­сты АҚҚ пер­со­на­лы ла­у­а­зым­да­ры­ның, ма­ман­дық­та­ры­ның және ма­ман­дан­ды­ры­лу­дың бекiтiл­ген тiз­бесiнiң бо­луы;
7)
АҚҚ ма­ман­да­ры­ның ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­ры­ның бо­луы;
8)
авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік­тің әр түрiне (ба­ғы­ты­на) қа­ты­сты ат­те­стат­та­у­ға және (неме­се) сер­ти­фи­кат­та­у­ға жа­та­тын АҚҚ ма­ман­да­ры са­нат­та­ры­ның тiз­бесi;
9)
АҚҚ бөлiм­ше­лерiнiң сер­ти­фи­кат­тал­ған (өздiк жұ­мысқа рұқ­са­ты бар) ма­ман­дар­мен жи­нақ­та­луы;
10)
АҚҚ пер­со­на­лын авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша жұ­мысқа жi­бе­ру тәр­тiбi (оқы­ту, та­ғы­лам­да­ма­дан өту, ку­ә­лік­тер­ді, рұқ­сат қа­ға­з­да­рын және(неме­се) сер­ти­фи­кат­тар­ды ресiм­деу);
11)
АА оқу орын­да­рын­да (шар­ттар неме­се бiр жол­ғы өтiнiм негiзiн­де);
мен­шiк­тi оқу ба­за­сын­да оқы­ту­ды көз­дей­тін АҚҚ пер­со­на­лын дай­ын­да­уды ұй­ым­да­сты­ру және қам­та­ма­сыз ету (дай­ын­дау, қай­та оқы­ту және бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру жос­пар­ла­ры­ның бо­луы және орын­да­луы);
соң­ғы жағ­дай­да да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­ры (са­бақ­та­ры) маз­мұ­ны­ның және оқу ба­за­сы жа­рақ­та­луы­ның (сы­нып­тар­дың тех­ни­ка­лық жаб­дық­та­луы­ның бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гi) қо­сым­ша тек­серiледi;
12)
АҚҚ ор­на­ла­сты­ру және авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк бой­ын­ша тех­но­ло­ги­я­лық рә­сім­дер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған өн­дiрiстiк ғи­ма­рат­тар мен үй-жай­лар­дың бо­луы және олар­ды күтiп ұстау (аудан­дар­дың жет­кiлiк­тi­лі­гi, олар­дың тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­мен, бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­мен, ав­то­көлiк­пен және бас­қа да тір­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету жүй­е­лерi­мен жа­рақ­та­луы);
13)
АҚҚ-та­ғы өрт­ке қар­сы жай-күй және қа­уiп­сiздiк тех­ни­ка­сы­ның жағ­дайы;
14)
қа­ру-жа­рақ­ты сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы үй-жай­дың бо­луы, үл­гі сер­ти­фи­ка­ты­ның бо­луы;
15)
әу­е­жай­дың бас­шы­лық құ­ра­мы мен АҚҚ пер­со­на­лы­ның қыз­мет­тiк үй-жай­лар­мен (ка­би­нет­тер­мен, тал­дау бөл­ме­лерi­мен) және тұр­мыстық мақ­сат­та қол­да­ны­ла­тын үй-жай­лар­мен (де­ма­лу және та­мақ iшу бөл­ме­лерi­мен, киiм ше­шетiн орын­дар­мен, ар­найы киiм­дер­дi құр­ға­та­тын бөл­ме­лер­мен және т.б.) қам­та­ма­сыз етiлуi. Олар­да тем­пе­ра­ту­ра ре­жи­мiн, жел­де­тудi, жа­рық­тан­ды­ру­ды сақ­тау. Көр­се­ті­л­ген үй-жай­лар­дың өл­шем­де­рі мен жа­рақ­та­луы­ның нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі;
16)
бел­гi­лен­ген тәр­тiп­пен бекiтiл­ген және қол­да­ну­ға ен­гiзiл­ген АҚ қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi бас­шы­лық, нор­ма­тив­тiк және ақ­па­рат­тық құ­жат­та­ма­мен қам­та­ма­сыз етi­лу;
17)
құ­жат­та­ма­ны есеп­ке алу, пай­да­ла­ну және сақ­тау, келiп түс­кен өзгерiстер мен то­лық­ты­ру­лар­ды ен­гi­зу тәр­тiбi және олар­ды орын­да­у­шы­лар­ға жет­кi­зу. Әу­е­жай­дың бас­қа бөлiм­ше­лерi пер­со­на­лы­ның авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi бас­шы­лық, нор­ма­тив­тік және ақ­па­рат­тық құ­жат­та­ма­ны зер­де­леу тәр­тiбi;
18)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша мы­на­дай бас­шы­лық құ­жат­тар­дың:
ұй­ым­ның авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету бағ­дар­ла­ма­сы­ның;
АҚҚ ту­ра­лы ере­же­нің;
жо­ла­у­шы­лар­ға, ӘК эки­паж­да­ры­ның мү­ше­лерiне, авиа­пер­со­нал­ға, қол жү­гiне, ба­гаж­ға, жүк­ке, поч­та­ға және борт­тық қор­лар­ға тек­се­ру жүр­гi­зу тех­но­ло­ги­я­сы­ның;
өт­кi­зу және объ­ект iшiн­де­гi ре­жим жөнiн­де­гi нұс­қа­улық­тың;
аза­мат­тық авиа­ция қыз­метiне заң­сыз ара­ла­су ак­тiлерi­мен бай­ла­ны­сты оқи­ға­лар бой­ын­ша iс-әре­кет жос­па­ры­ның то­лық­тығы мен са­па­сы;
19)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар­дың орын­да­луын ба­қы­лау жүй­есi, со­ның iшiн­де:
қа­уiп­сiздiк ша­ра­ла­ры­ның орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гi­зу мерзiм­дiлi­гi;
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша өт­кiзiлетiн iс-ша­ра­лар­дың жет­кiлiк­тiлi­гi мен тиiм­дiлi­гiн тал­дау және ба­ға­лау жүр­гi­зу;
бо­луы мүм­кiн заң­сыз ара­ла­су ак­тiлерi­нен қор­ғау мақ­са­тын­да аза­мат­тық авиа­ция объ­ек­тiлерiнiң (орын­да­ры­ның) осал­ды­ғын анық­тау бой­ын­ша iс-әре­кет;
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк бой­ын­ша бекiтiл­ген құ­жат­тар­ды тү­зе­ту;
жүр­гiзiлетiн ба­қы­ла­уды есеп­ке алу бой­ын­ша құ­жат­та­ма­ның бо­луы және олар­ды жүр­гi­зу;
осын­дай ба­қы­ла­уды жүр­гi­зу және есеп­ке алу үшiн жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды та­ғай­ын­дау;
20)
ха­бар­лау және бай­ла­ныс жүй­есi;
21)
қа­ру­дың, оқ-дәрiлер­дiң және АҚҚ ар­найы құ­рал­да­ры­ның бо­луын, жай-күй­iн және қоз­ға­лы­сын есеп­ке алу мен есеп­ті­лік жүр­гі­зу. Осы есеп­ке алу­ды жүр­гi­зу үшiн жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды та­ғай­ын­дау;
22)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк жөнiн­де­гi есеп­ке алу мен есеп­ті­лік­тің жай-күйi, со­ның iшiн­де:
тәр­тiп­тi сақ­тау және ти­іс­ті мем­ле­кет­тік бас­қа­ру ор­ган­да­ры­на бел­гi­лен­ген есеп­ті­лік пен заң­сыз ара­ла­су ак­тiлерi, авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету­де анық­тал­ған кем­шiлiк­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк жай-күй­iнiң мә­се­ле­лерi бой­ын­ша бас­қа да ақ­па­рат­ты ұсы­ну­дың уақ­ты­лы­ғы;
осы ба­ғыт­та­ғы жұ­мыстар­ды жүр­гi­зу үшiн жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды та­ғай­ын­дау;
23)
АҚҚ сер­ти­фи­кат­тал­ған жаб­дық­пен қам­та­ма­сыз етiлуі, үл­гі сер­ти­фи­ка­ты­ның бо­луы және жа­рам­ды­лы­ғы;
24)
АҚҚ мет­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз етудi ұй­ым­да­сты­ру;
25)
жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды та­ғай­ын­дап, тұ­рақ­ты іш­кі тек­се­ру­лер­ді жүр­гі­зу;
26)
ны­сан­ды ки­ім­ді ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету (қор­ғау ша­ра­ла­ры, бе­ру және алу тәр­ті­бі).
2.
Авиа­к­ә­сі­по­рын­ның ғи­ма­рат­та­ры мен жер­де­гi құ­рал­да­ры­ның қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету тө­мен­де­гі­лер­ді қам­туы ти­іс:
1)
әу­е­жай ау­ма­ғын (ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­тар­ды) және авиа­тех­ни­ка­ны, ба­ғыт­та­ғыш және глис­са­да­лық ра­дио­ма­як­тар­дың жұ­мыс сек­тор­ла­ры­ның ай­мақ­та­рын, әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет ету объ­ек­тiлерiн, әу­е­ай­лақ­тың ра­дио және жа­рық­тех­ни­ка­лық жаб­дық­та­рын, ЖЖМ қой­ма­ла­ры мен ком­мер­ци­я­лық қой­ма­лар­ды қо­са ал­ған­да, он­да ор­на­лас­қан объ­ек­тiлер­дiң кү­зетiлуiн ұй­ым­да­сты­ру және қам­та­ма­сыз ету;
шек­те­улi кi­ру ай­мақ­та­ры (ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­тар) мен олар­дың ше­ка­ра­ла­рын, со­ның ішін­де әу­е­жай­дың объ­ек­ті­ле­рі ау­ма­ғы­ның ше­гі­нен тыс ше­ка­ра­лар­ды бел­гiлеу;
объ­ек­тiлер­дiң ор­на­ла­суы мен ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­тар­дың (шек­те­улі кі­ру ай­ма­ғы) ше­ка­ра­ла­ры көр­сетiл­ген әу­е­жай ау­ма­ғы сыз­ба­сы­ның бо­луы;
ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­тар­дың қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз етудiң жай-күйi (қор­ша­у­лар­дың бар бо­луы, жүй­есi мен жай-күйi, жа­рық­тан­ды­ру), ай­мақ­тар­ды кү­зе­ту үшін жа­у­ап­кер­шiлiк­тi бө­лу;
әу­е­жай­дың пе­ри­мет­рi бой­ын­ша және оның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан аза­мат­тық авиа­ция объ­ек­тiлерiнiң қор­ша­уы­ның бо­луы және жай-күйi, кү­зет мұ­на­ра­ла­ры­ның, жа­рық­тан­ды­ру­дың, қал­қан­ша­ның, кү­зетiлетiн жол­дың ес­кер­ту ан­шлаг­та­ры­ның және қор­шау бойы қа­уіп­сіз­дік жо­лақ­та­ры­ның бо­луы;
жы­л­жы­ма­лы кү­зет­тiң бо­луы және кү­зе­ту мерзiм­дiлi­гi;
авиа­оты­н­мен қам­та­ма­сыз ету объ­ек­тiлерiн­де және ком­мер­ци­я­лық қой­ма­лар­да қо­сым­ша қор­ша­у­лар;
ӘК тұ­рақ­тау орын­да­рын, бө­лек ор­на­лас­қан объ­ек­тiлер мен ба­қы­лау-өт­кi­зу пункт­терiнiң аумақ­та­рын сырт­қы жа­рық­тан­ды­ру­мен жаб­дық­тау;
тех­ни­ка­лық кү­зе­ту, ба­қы­лау, сиг­нал бе­ру және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның бо­луы және жай-күйi;
2)
ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­тар­ға адам­дар мен көлiк құ­рал­да­ры­ның кiруiн ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­ла­удың жай-күйi, со­ның iшiн­де:
бе­кі­ті­л­ген өт­кі­зу және объ­ек­ті­ші­лік жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың бо­луы (ха­лы­қа­ра­лық әу­е­жай­лар­да Нұс­қа­улық ше­ка­ра, ке­ден және мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның бас­қа да түр­ле­рі­мен ке­лі­сі­ле­ді), рұқ­сат­на­ма­ның бел­гi­лен­ген жүй­есiн пай­да­ла­ну, рұқ­сат­на­ма бе­ру үшін жа­у­ап­ты уәкі­лет­ті ор­ган­ның бо­луы және бел­гі­лен­ген ре­жим та­лап­та­ры­ның орын­да­луы;
ба­қы­лау-өт­кi­зу пункт­терiнiң (бұ­дан әрi - БӨП) бо­луы және жай-күйi, олар­дың қақ­па­лар­мен, шлаг­баум­дар­мен, алаң­ша­лар­мен және қыз­мет көр­се­ту пер­со­на­лы мен ав­то­көлiк­тi тек­се­ру үшiн тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­мен жаб­дық­та­луы;
қо­сал­қы БӨП бар бо­луы және олар­дың жаб­дық­та­луы;
өт­кi­зу мен объ­ек­ті­шi­лік ре­жим­дi жү­зе­ге асы­ру;
ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­тар­ға адам­дар­дың кiруiн ба­қы­лау рә­сі­мі, әу­е­жай ау­ма­ғы­на пер­со­нал­дың, бө­тен ұй­ым­дар­дан ке­лу­шiлер­дiң, көлiк­тiң кiруi мен өтуiнiң бел­гi­лен­ген тәр­тiбi (рұқ­сат­на­ма­лар­дың әр алу­ан түр­лерiн бе­ру, пай­да­ла­ну және алып қою тәр­тiбi);
әу­е­жай­дың ба­қы­ла­на­тын ай­мақ­та­рын­да адам­дар мен көлiк құ­рал­да­ры­ның бо­луы мен жү­руiн ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және қам­та­ма­сыз ету;
бар­лық кі­лт­тер­дің және құлып­тар­дың жа­з­ба­ша тір­кеу жүй­е­сі­нің бо­луы;
жа­у­ап­ты тұл­ға­ны та­ғай­ын­дап, шек­те­улі рұқ­сат еті­л­ген ай­м­ақ­қа кі­ре ала­тын бар­лық пер­со­нал­дың са­у­ал­на­ма­лық де­ректе­ріне тек­се­ру жүр­гі­зу.
3.
Әуе ке­ме­лерiнiң (ӘК) қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету мы­на­лар­ды қам­туы ти­іс:
1)
ӘК жер­де кү­зе­тудiң ұй­ым­да­сты­ры­луы және жай-күйi:
ӘК кү­зе­тудi қам­та­ма­сыз ету сыз­ба­сы;
ӘК кү­зет по­ст­та­ры­ның бо­луы және жай-күйi;
ӘК қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету үшін жа­у­ап­кер­ші­лік;
нұс­қа­улық­тың бо­луы, ӘК тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге және кү­зе­ту­ге қа­был­дау-тап­сы­ру тәр­тiбiн ұй­ым­да­сты­ру және сақ­тау (ӘК кү­зе­ту­ге қа­был­дау-тап­сы­ру жур­на­лын жүр­гi­зу);
ӘК ара­лық әу­е­жай­лар­да тех­ни­ка­лық және ком­мер­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту кезiн­де, олар­да авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк ша­ра­ла­ры­ның сақ­та­луын ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және қам­та­ма­сыз ету;
ӘК тұ­рақ­тау орын­да­рын жа­рық­тан­ды­ру­дың бо­луы және жай-күйi;
2)
ӘК қол жет­кi­зудi ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және қам­та­ма­сыз ету;
3)
ӘК қыз­мет көр­се­ту­ге рұқ­са­ты бар авиа­пер­со­нал­да рұқ­сат еті­л­ген ай­мақ­тар мен жұ­мыс ауы­сым­да­ры көр­сетiл­ген рұқ­сат­на­ма­лар­дың (тар­хет­ка­лар) бо­луы;
4)
ӘК қа­уiп­сiздiк жүй­е­лерi­мен жаб­дық­тау, со­ның iшiн­де:
ұш­қыш ка­би­на­сы­ның есі­гін бл­ок­тау;
жа­сы­рын сиг­на­ли­за­ция жүй­е­сі­нің бо­луы және жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі;
кiлем жа­мы­л­ғы­сын­да ті­лік­тер­дің бо­луы;
қа­ру және оқ-дә­рі та­сы­мал­дай­тын орын­дар­дың жаб­дық­та­луы;
ӘК бор­тын­да та­бы­л­ған жа­ры­л­ғыш құ­ры­л­ғы ор­на­ла­сты­ру үшін неғұр­лым қа­уіп­сіз жер­лер­дің бел­гі­ле­нуі;
5)
ӘК үшiн ар­найы тұ­рақ­тың бо­луы, жай-күйi және жа­рақ­та­луы;
6)
ӘК ұшу ал­дын­да тек­се­ру жүр­гi­зудiң ұй­ым­да­сты­ры­луы және жай-күйi, со­ның iшiн­де:
ӘК ар­найы тек­се­ру орын­да­ры тiз­бесiнiң бо­луы;
пай­да­ла­ны­ла­тын ӘК үл­гiлерiнiң тех­но­ло­ги­я­лық кар­та­ла­ры мен тек­се­ру сыз­ба­сы­ның бо­луы;
ӘК тек­се­ру топ­та­рын құ­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың бо­луы;
7)
жо­ла­у­шы­лар мен ӘК эки­паж мү­ше­лерiнiң ұшу кезiн­де­гi қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз етудiң қа­был­дан­ған iс-ша­ра­ла­ры, со­ның iшiн­де:
ӘК эки­па­жы­ның тө­тен­ше жағ­дай­да­ғы іс-әре­кет­тер жө­нін­де­гі, ұшу құ­жат­та­ма­сы­ның, жад­на­ма­ның бо­луы;
ӘК ұшып жүр­ген кез­де тек­се­ру жүр­гі­зу тәр­ті­бі ту­ра­лы нұс­қа­улық­тың бо­луы.
4.
Жо­ла­у­шы­лар мен қол жү­гiн, ӘК эки­паж мү­ше­лерi мен авиа­пер­со­нал­ды ұшу ал­дын­да тек­се­рудi ұй­ым­да­сты­ру тө­мен­де­гі­лер­ді қам­туы ти­іс:
1)
жо­ла­у­шы­лар­ды ба­қы­лау ай­мақ­та­ры мен тек­се­ру пункт­терiнiң бо­луы және жай-күйi, со­ның iшiн­де:
тек­се­ру пункт­терiнiң жаб­дық­та­луы мен ор­на­ла­суы­ның бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гi;
же­ке тек­се­ру­ге ар­нал­ған ка­би­на­лар­дың (үй-жай­лар­дың) бо­луы және жа­рақ­та­луы;
2)
тек­се­ру пункт­терiнiң тех­ни­ка­лық тек­се­ру құ­рал­да­ры­мен жа­рақ­та­луы:
тех­ни­ка­лық тек­се­ру құ­рал­да­ры­ның бо­луы, жай-күйі және сер­ти­фи­кат­тық та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі, тек­се­ру жабды­ғы ту­ра­лы ег­жей-тек­жей­лі де­ректер;
тех­ни­ка­лық тек­се­ру құ­рал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту­ді және жөн­де­уді ұй­ым­да­сты­ру;
3)
тек­се­ру топ­та­ры­ның оқы­ты­л­ған ма­ман­дар­мен жи­нақ­та­луы, со­ның iшiн­де:
кәс­i­би дай­ынды­ғы мен сер­ти­фи­кат­та­ры­ның бо­луы;
топ ма­ман­да­ры­ның қол­да­ны­ла­тын тех­ни­ка­лық тек­се­ру құ­рал­да­ры­ның негiз­гi си­патта­ма­ла­ры мен пай­да­ла­ну ере­же­лерiн бiлуi;
тек­се­ру топ­та­ры ма­ман­да­ры­ның қыз­мет­тiк нұс­қа­улық­та­ры­ның бо­луы;
4)
жо­ла­у­шы­лар мен қол жү­гiне тек­се­ру жүр­гi­зу тех­но­ло­ги­я­сы­ның бо­луы және бел­гi­лен­ген рә­сім­дер­ге сәй­кест­i­гi, со­ның iшiн­де:
ар­найы тек­се­ру рә­сім­де­рі (қол­мен және таң­дап тек­се­ру, тек­се­ру­ден өту­ден бас тар­ту, же­ке түр­де тек­се­ру);
тран­зит­пен жү­ретiн неме­се бас­қа рей­ске ауы­сып оты­ра­тын жо­ла­у­шы­лар­ды тек­се­ру;
5)
тек­се­ру тәр­тiбi ту­ра­лы жо­ла­у­шы­лар­ға ар­нал­ған ақ­па­рат­тың бо­луы және жай-күйi;
6)
ре­сми тұ­лға­лар мен де­ле­га­ци­я­лар­ға ар­нал­ған зал­дар­дың бо­луы, жай-күйi және тех­ни­ка­лық тек­се­ру құ­рал­да­ры­мен жа­рақ­та­луы;
7)
же­ке­ле­ген жо­ла­у­шы­лар са­нат­та­ры­на қа­ты­сты қа­был­да­на­тын ша­ра­лар (ха­бар­лау ту­ра­лы та­лап­тар, қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры мен рә­сім­де­рі):
жо­ға­ры ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар және ди­пло­мат­тар;
үкі­мет­тік ку­рьер­лер және ди­пло­ма­ти­я­лық ва­л­из­дер;
VIP және ре­сми де­ле­га­ци­я­лар зал­да­ры ар­қы­лы өте­тін тұ­лға­лар;
үкі­мет­тің жо­ға­ры ла­у­а­зым­ды өкіл­де­рін кү­зе­ту;
ӘК бор­тын­да­ғы қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қыз­мет­кер­ле­рі;
мү­ге­дек­тер;
кү­зе­ту­де­гі неме­се әкім­ші­лік ба­қы­ла­уда­ғы жо­ла­у­шы­лар (жер ауда­ры­л­ған тұ­лға­лар, ай­да­уда­ғы тұт­қын­дар);
тұт­қын­дар­дың/жер ауда­ры­л­ған­дар­дың ай­да­уыл­да­ры;
8)
тек­серiл­ген жо­ла­у­шы­лар үшiн та­зар­ты­л­ған ай­мақ­тар­дың бо­луы және жай-күйi;
9)
жо­ла­у­шы­лар­ды ӘК бор­ты­на жет­кi­зіп са­лу және іле­сіп жү­ру тәр­тiбi;
тек­се­ру­ден өт­кен және өт­пе­ген адам­дар­дың ара­ла­сып ке­туiн бол­дыр­мау;
10)
ӘК эки­паж­да­ры­ның мү­ше­ле­рі мен әу­е­жай­дың, авиа­к­ә­сі­по­рын­ның және пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­пер­со­на­лын тек­се­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру және жай-күйі;
ӘК эки­паж­да­ры­ның мү­ше­ле­рі мен авиа­пер­со­нал­ды тек­се­ру тех­но­ло­ги­я­сын сақ­тау;
11)
тек­се­ру нәти­же­лерi бой­ын­ша есеп­ке алу мен есеп­ті­лік­тің жай-күйi. Жо­ла­у­шы­лар­ды, ба­гаж­ды, жүк­ті және борт та­ға­мын тек­се­ру кар­та­ла­ры­ның бо­луы;
12)
ӘК бор­тын­да ұшу ке­зін­де жо­ла­у­шы­лар­дан алын­ған қа­ру­ды, оқ-дәрiлер­дi және ар­найы құ­рал­дар­ды та­сы­мал­дау тәр­тiбiн ұй­ым­да­сты­ру және сақ­тау, со­ның iшiн­де:
қа­ру мен оқ-дәрiлер­дi эки­паж­ға тап­сы­ру тех­но­ло­ги­я­сы­ның бо­луы;
қа­ру мен оқ-дәрiлер­дi қа­был­дау және бе­ру үшiн үй-жай­лар­дың бо­луы;
ӘК бор­ты­на қа­ру мен оқ-дәрiлер­дi жет­кi­зу шар­тта­ры;
ӘК жо­ла­у­шы са­ло­нын­да қа­ру мен оқ-дәрiлер­дi алып ұшу;
ӘК қол жет­пей­тiн жер­лерiн­де сақ­та­ла­тын қа­ру­ды алып ұшу;
ұшу ке­зе­ңін­де жо­ла­у­шы­лар­дан алын­ған қа­ру мен оқ-дәрiлер­дi алып ұшу­ға ар­нал­ған жа­бы­ла­тын ме­талл жә­шiк­тер­дi ор­на­ла­сты­ру, та­сы­мал­дау және сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету ере­же­лерi бой­ын­ша нұс­қа­улық­тың бо­луы.
5.
Ба­гаж­ды, жүк­тi, поч­та­ны және борт­тық қор­лар­ды ұшу ал­дын­да тек­се­рудi ұй­ым­да­сты­ру тө­мен­де­гі­лер­ді қам­туы ти­іс:
1)
ба­гаж­дың, жүк­тiң, поч­та­ның және борт­тық қор­лар­дың қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз етудi ұй­ым­да­сты­ру және оның жай-күйi:
ба­гаж­ды қа­был­дау және кү­зе­ту;
ба­гаж­ды тек­се­ру рә­сім­де­рі;
ба­гаж­дың жо­ла­у­шы­лар­ға тиiстiлi­гiн анық­тау;
тiр­кел­ген ба­гаж­ды тек­се­ру;
тiр­кел­ген транс­ферт­тiк ба­гаж;
дұ­рыс өң­дел­ме­ген ба­гаж­ды сақ­тау;
ба­гаж­дың ӘК та­сы­мал­да­нуын ба­қы­лау;
2)
жүк­тi, поч­та­ны (бан­де­роль­дер, ку­рьер­лік жө­нел­тім­дер) және борт­тық қор­лар­ды тек­се­ру рә­сім­де­рі:
әдет­те­гі жағ­дай­лар­да­ғы қа­уiп­сiздiк мақ­са­тын­да тек­се­ру ша­ра­ла­ры;
қа­уiп­тi­лі­гі жо­ға­ры ке­зең­де­гi тек­се­ру ша­ра­ла­ры;
борт та­ға­мын және борт қо­рын қа­уіп­сіз­дік мақ­са­тын­да ба­қы­ла­удың рә­сім­де­рі мен ша­ра­ла­ры;
3)
ба­гаж­ды, жүк­тi, поч­та­ны және борт­тық қор­ды тек­се­ру пункт­терiнiң бо­луы, жай-күйi және жа­рақ­та­луы;
4)
бекiтiл­ген Ба­гаж­ды, жүк­тi, поч­та­ны және борт­тық қор­ды тек­се­ру тех­но­ло­ги­я­сы­ның бо­луы;
5)
АҚҚ авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз етудiң тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз етiлуi;
6)
жо­ла­у­шы­лар­ды, қол жү­гiн, ба­гаж­ды, жүк­тi, поч­та­ны және борт­тық қор­лар­ды тек­се­рудiң, сон­дай-ақ ӘК эки­па­жы­ның мү­ше­лерi мен жер­де­гi пер­со­нал­ды тек­се­рудiң ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну:
пай­да­ла­ны­ла­тын тех­ни­ка­лық тек­се­ру
құ­рал­да­ры­ның түр­лерi мен үл­гiлерi;
олар­ды қол­да­ну учас­ке­лерi;
жа­ры­л­ғыш заттар­ды та­бу үшiн тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар мен қыз­мет­тiк ит­тер­дi пай­да­ла­ну;
7)
ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық кү­зет құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну:
пай­да­ла­ны­ла­тын ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық кү­зет құ­рал­да­ры­ның түр­лерi мен үл­гiлерi;
ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық кү­зет құ­рал­да­рын қол­да­ну объ­ек­тiлерi;
ба­қы­лау пункт­терiнiң бо­луы және жа­рақ­та­луы;
кү­зет құ­рал­да­ры іс­ке қо­сы­л­ған кез­де ша­ра­лар қа­был­дау рә­сім­де­рі;
8)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз етудiң тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тәр­тiбi.
6.
Аза­мат­тық авиа­ция қыз­метiне заң­сыз ара­ла­су ак­тiлерiне бай­ла­ны­сты тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды рет­теу жөнiн­де­гi ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және қа­был­дау тө­мен­де­гі­лер­ді қам­туы ти­іс:
1)
авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк жөнiн­де­гi әу­е­жай ко­мис­си­я­сы­ның бо­луы және қыз­метi:
бекiтiл­ген Әу­е­жай ко­мис­си­я­сы ту­ра­лы ере­женiң бо­луы;
әу­е­жай ко­мис­си­я­сы­ның құ­ра­мы;
әу­е­жай ко­мис­си­я­сы­ның жұ­мыс жос­па­ры­ның бо­луы;
2)
аза­мат­тық авиа­ция қыз­метiне заң­сыз ара­ла­су ак­тiлерiне бай­ла­ны­сты тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды рет­теу жө­нін­де­гі iс-әре­кет­тер жос­па­ры­ның бо­луы:
ТЖ туын­да­ған кез­де пер­со­нал­дың iс-әре­кет­терi жөнiн­де­гi нұс­қа­улық­тар­дың, үзiн­дiлер­дiң және жад­на­ма­лар­дың бо­луы (ӘК ба­сып алу­ға әре­кет жа­сал­ған, ди­вер­сия және жа­ры­л­ғыш құ­ры­л­ғы­лар­ды қол­да­ну қа­у­пi болған жағ­дай­лар­да көз­дел­ген iс-әре­кет­тер мен рә­сім­дер);
"Даб­ыл" опе­ра­ци­я­сын өт­кi­зудiң келiсiл­ген жос­па­ры­ның бо­луы және оның "Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әу­е­жай­ла­рын­да аза­мат­тық авиа­ция әуе ке­ме­ле­рін­де тер­ро­ри­стік ак­ци­я­лар­дың жо­лын ке­су ту­ра­лы" ҚР ККМ 2006 жы­л­ғы 12 та­мы­зда­ғы N 209 ҚБП, ҚР ҰҚК 2006 жы­л­ғы 01 шіл­де­де­гі N 104 ҚБП, ҚР ПҚС 2006 жы­л­ғы 05 шіл­де­де­гі N 74 ҚБП бір­лес­кен бұй­ры­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі;
жа­ры­л­ғыш құ­ры­л­ғы­лар­ды қол­да­ну қа­у­пi төн­ген жағ­дай­да жо­ла­у­шы­лар­ды кө­шiрiп әке­ту және ӘК жер­де тек­се­ру­ден өт­кi­зу тәр­тiбi;
заң­сыз ара­ла­су ак­тiлерiне ұшы­ра­ған ӘК аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту;
жо­ға­ры қа­уiп ке­зеңiн­де неме­се аса ма­ңы­зды рей­стер мен ба­ғыт­тар­ға қа­ты­сты, со­ның iшiн­де бо­пса­ла­у­шы­лық ак­тiлерi және әу­е­жай қыз­мет­кер­лерiнiң әре­кетiне ара­ла­су кезiн­де қол­да­ну­ға жа­та­тын авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша ар­найы ша­ра­лар;
3)
ТЖ рет­теу бой­ын­ша же­дел шта­б­тың жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету үшiн ко­ман­да­лық пункт­тiң (бұ­дан әрi – КП) (ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­дың) бо­луы:
же­дел шта­б­тың құ­ра­мы мен құ­ры­лым­дық сыз­ба­сы;
ха­бар­ла­удың және бай­ла­ны­стың бел­гi­лен­ген тәр­тiбi (сыз­ба­сы);
бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның бо­луы, жай-күйi және пай­да­ла­ны­луы;
ко­ман­да­лық пункт­тің қыз­мет­тi қам­та­ма­сыз ету құ­рал­да­ры­мен жа­рақ­та­луы;
же­дел шта­б­ты iс-әре­кет­ке кел­тiрудiң бел­гi­лен­ген тәр­тiбi;
4)
ТЖ рет­те­у­ге тар­ты­ла­тын кү­ш­тер мен құ­рал­дар­дың бо­луы және дай­ынды­ғы;
5)
күш пен құ­рал­дар­ды үй­ле­стi­ру, са­бақ­тар, жат­тығ­у­лар мен оқу-жат­тығ­у­лар­ды өт­кi­зудi ұй­ым­да­сты­ру мен есеп­ке алу;
6)
өза­ра қа­рым-қа­ты­на­ста­ғы қыз­мет­тер­мен және ұй­ым­дар­мен (олар­дың дай­ынды­ғы мен жат­тығ­у­лар­ды өт­кi­зу мерзiм­дiлi­гi үшiн жа­у­ап­ты ор­ган) авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк ша­ра­ла­рын прак­ти­ка­лық жат­тық­ты­ру бой­ын­ша өт­кiзiлетiн оқу iс-ша­ра­ла­ры.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҚР ПКҚ – Қазақстан Республикасы Президенттің Күзет қызметі;
ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ҚР ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі;
АА – азаматтық авиация;
АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ – авиациялық қауіпсіздік;
ӘКПБ – әуе кеңістігі пайдалану басқармасы;
ЖЖМ – жанар-жағармай материалы;
ӘК – әуе кемесі;
БӨП – бақылау-өткізу пункті;
ТЖ – төтенше жағдай;
VIP-залы – аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ – жарылғыш заттар;
СЭҚ – санитарлық-эпидемиялық қызмет.
Ескертпе:
(*) – осы ұйым үшiн мiндеттi емес;
(-1) – одан арғы қызметке тыйым салатын сәйкессiздiктер;
(-2) – келiсiлген мерзiмде жойылатын немесе шектеулер енгiзiлетiн жағдайда, одан арғы қызметке кедергi болмайтын сәйкессiздiктер;
(-3) – одан арғы қызметке кедергi болмайтын және өндiрiс пен сапа жүйесiн жетiлдiру кезiнде жоюға жататын сәйкессiздiктер.

Қолданыстағы