Об утверждении Правил розничной торговли алкогольной продукции (кроме пива)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил розничной торговли алкогольной продукции (кроме пива)
- Атауы (қаз.)
- Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1162
- Қабылданған күні
- 19.09.1999
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2012 AI4415_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000940_
- ЭКБ идентификаторы
- 4415
- Редакция идентификаторы
- AI4415_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:55
0 Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.09.25 № 439 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін бұйырамын:
1 1. Қоса беріліп отырған Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібі бекітілсін.
2 Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының Ережесi
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999 жылғы 20 қыркүйектегі
N 1162 бұйрығымен бекітілген
Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының Ережесi
1
1 1. Жалпы Ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi заңына сәйкес дайындалған және алкоголь өнiмдерiн бөлшек сатуды тәртiпке келтiруге бағытталған.
2 2. Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасын жекеменшiк түрiне байланыссыз жергiлiктi атқару органдары белгiлеген тәртiппен бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына берiлетiн алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының лицензиясы болғанда ғана жүзеге асыруға болады.
2
2 2. Негiзгi ұғымдар
3 3. Алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының осы Ережесiнде келесi ұғымдар пайдаланылады:
1 1) алкоголь өнiмi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi 1,5 пайыздан асатын тамақтық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлген тамақ өнiмi;
2 2) көтерме сату - өкiлеттi орган бекiткен құжаттарға сәйкес, ары қарай сату үшiн қойма жайларынан шектеусiз көлемдерде алкоголь өнiмiн босату;
3 3) бөлшек сауда - фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппаратымен және сауда алаңдарымен жабдықталған стационарлық жайларда, сондай-ақ стационарлық жайлардың жанындағы жазғы алаңдарда алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) тұтыну және коммерциялық емес пайдалану үшiн сату;
4 4) сақтау - алкоголь өнiмдерiн қойма жайларында орналастыру (жинақтау);
5 5) стационарлық үй-жайлар - су, энергия және канализация жабдықтарымен жабдықталған, iргетасы бар және оларды ұстап тұрған конструкцияларына залал келтiрусiз орнынан қозғау мүмкiн емес күрделi ғимарат, құрылыс немесе олардың бөлiгi;
3
3 3. Алкоголь өнiмдерiн сату
4 4. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сату белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
5 5. Алкоголь өнiмiн сату лицензияда белгiленген орында ғана жүзеге асырылады.
6 6. Сатып алушыға лицензия нөмiрi, лицензияны берген орган туралы (сауда алаңында iлу жолымен немесе басқа тәсiлмен), сондай-ақ меншiк иесi немесе ұйым басшысы белгiлеген кәсiпорынның жұмыс iстеу тәртiбi туралы ақпарат берiлуi керек.
7 7. Меншiк түрiне байланыссыз бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары тиiстi сапасы жоқ алкоголь өнiмiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен жауап бередi.
8
8. Сатуға сапасы жағынан МЕМСТар мiндеттi талаптарына және санитарлық ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн алкоголь өнiмдерi жатады. Бұл өнiмдi, сондай-ақ импорттық өнiмдi сатушыда алдыңғы меншiк иесiнiң қолы және мөрiмен расталған, сондай-ақ есепке алу мен тiркеу нөмiрi, қолданылу мерзiмi және сертификат берген орган аты көрсетiлген әрбiр өнiм атауы бойынша сертификат сәйкестiгi барлығы туралы мәлiметi бар көлiк жүкқұжаты болуы керек. Аталған ақпарат сатып алушы мен бақылаушы органдарға бiрiншi талап бойынша берiлуi керек.
9 9. Алкоголь өнiмдерiнiң бөлшек сауда ұйымдары мiндеттi:
1 1) фискальды жады бар бақылау-касса аппараттарын қолдана отырып, алкоголь өнiмдерiн сатуды жүзеге асыру;
2
2) тұтынушылар өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету мақсатымен алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сатумен айналысатын кәсiпорындардың әрекетiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi және техникалық құжаттарды басшылыққа алу (алкоголь өнiмдерiн қаптау, қабылдау және сақтау талаптарын белгiлейтiн МемСТ-тар, санитарлық нормалар мен ережелер, өрт қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерi және т.б.);