Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 09.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2011 · қолданыстағы AI44163_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NP000088
- ЭКБ идентификаторы
- 44163
- Редакция идентификаторы
- AI44163_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:49
0 Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 53-бабының негізінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 14-бабы 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
2 2. "Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" (А.Т. Айтуарова) және "Науырзым ауданының қаржы бөлімі" (Р.Т. Бөдекенова) мемлекеттік мекемелерi "Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау" 451002101 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4
4. Аудан әкiмдiгiнiң "Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 25 наурыздағы № 67 (мемлекеттік тiркеу нөмiрi 9-16-69, № 11 аудандық "Науырзым" газетiнде 2008 жылғы 30 сәуірде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.