Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 14 · қабылданған 23.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.01.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-44187/?version=AI44187_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 14 ·23.01.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 14 · қабылданған 23.01.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
23.01.2009
Көрсетілген редакция
27.01.2010 · қолданыстағы AI44187_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DM000090
ЭКБ идентификаторы
44187
Редакция идентификаторы
AI44187_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:57

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева):

1 1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жүзеге асырылсын;

2 2) 2008 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемі өтелсін;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.

4 4. Аудандық қаржы бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылдың 12 ақпанында N 2-13-41 болып тіркелген, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтар "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 11-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Кербұлақ ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 23 қаңтарындағы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
N 14 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
Тәртібі
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабына сәйкес жасалды.

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құралады.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді тіркеу келесі өлшемдер бойынша ерекшелінеді:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;

3 3) жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.