Құжат мәтініне өту

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қаулы · № 11 · қабылданған 23.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44189/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 11 ·23.01.2009
27.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 11 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
23.01.2009
Көрсетілген редакция
27.01.2010 · қолданыстағы AI44189_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DM000087
ЭКБ идентификаторы
44189
Редакция идентификаторы
AI44189_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:57

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 14) тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа ала отырып және Кербұлақ аудандық мәслихатының 2008 жылдың 22 желтоқсанындағы N 15-107 "Кербұлақ ауданының 2009 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімінің негізінде аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар енгізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтері бойынша жеңілдіктер аудан бюджетінің есебінен 2009 жылға қабылдансын.

2 2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер белгіленген нормалар шегінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктердің төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 31 қантарында N 2-13-63 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2008 жылдың 1 ақпанындағы N 5 санында жарияланған) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Кербұлақ аудан әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т. Момбаевқа жүктелсін.

6.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов
Кербұлақ аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы N 11
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау
жөніндегі қосымша шаралар туралы"
қаулысына қосымша
Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2009 жылға аудан бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер тұрғын үй-коммуналдық есептік ұсынысы:
Барлығы аудан бойынша: – 32 адам;
Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедегі – 12 адам, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 20 адам;
Суық су – 1 адамға х 119 теңге х 12 ай=1428 теңге х 32 адам=45696;
Газ – 1 адамға х 1300 теңге х 12 ай=15600 теңге х 32 адам=499200;
Электро жарық:
45 кВт 1 адамға х 119 теңге х 12 ай=1428 теңге х 32 адам=45696;
Көмір жылына:
1 рет 1 тонна 32 адам х 7820 теңге=250240.
Барлығы: 972544 теңге (тоғыз жүз жетпіс екі мың бес жүз қырық төрт теңге).
Аудан әкімі аппаратының
басшысы                                    С. Мұстафанов

Қолданыстағы