Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по совершенствованию системы управления качеством оказания медицинской помощи в организациях здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № 32 · қабылданған 20.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44201/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил по совершенствованию системы управления качеством оказания медицинской помощи в организациях здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 32 ·20.01.2009
24.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по совершенствованию системы управления качеством оказания медицинской помощи в организациях здравоохранения Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 32 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по совершенствованию системы управления качеством оказания медицинской помощи в организациях здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32
Қабылданған күні
20.01.2009
Көрсетілген редакция
24.03.2011 AI44201_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005545_
ЭКБ идентификаторы
44201
Редакция идентификаторы
AI44201_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:59

0 Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 7 қарашадағы N 01-7.18. хаттамалық тапсырмасына сәйкес және медициналық ұйымдардағы медициналық қызметтің сапасын басқарудың қазіргі заманғы тетіктерін енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Келесі:

1 1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері бекітілсін;

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) 2009 жылғы 15 ақпанға дейін:

1

1) "Медициналық қызметтің сапасын сараптау" мамандығы бойынша медициналық көмектің сапасын басқару және аккредиттеу ресімдері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 894 бұйрығымен бекітілген қосымша медициналық білім беру стандартына толықтырулар енгізсін;

2 2) денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын оқыту базасын анықтасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу департаменті (Ж.Қ. Ысмаилов) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі іс-шаралардың енгізілуін үйлестіруді қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (С.З.Қайырбекова):

1 1) медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметтің жұмыс істеу тиімділігіне тұрақты негізде мониторинг өткізуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментіне (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

7 7. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
N 32 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмектің сапасын басқару іс-шар аларын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

2 2. Медициналық көмектің сапасын басқару мақсаты - пациенттердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

3 3. Медициналық көмектің сапасын басқару денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ұйым) қызмет нәтижелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу арқылы өз жүйелерін, процедуралары мен жұмыстарын, олардың сәйкестілігін және тиімділігін бағалауды талдау арқылы қамтамасыз етіледі.

4 4. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі іс-шараларды қызметкерлер, бөлімше жетекшілері, әкімшілік, аурухана ішіндегі комиссиялар, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын басқару бойынша арнайы құрылған қызмет жүзеге асырады.

5 5. Денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының штаттан тыс бас мамандары олардың қызмет саласына сәйкес медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын ұйымдастыруда және оны қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.

6 6. Осы ережелерде келесі анықтамалар қолданылды:

1

1) медициналық көмектің сапасын басқару – денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде жоспарлауды, ұйымдастыруды, ынталандыру, өз жұмысына ішкі аудит өткізуді, басқа да медициналық көмектің сапасын қамтитын және өз жұмысындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қосатын жүйелі, тәуелсіз, үзбей, өзара байланыс әрекеттердің құжатталған процес;

2 2) медициналық көмектің сапасын басқару қызметі - қызметкерлер арасынан алынған денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқару қызметін атқаратын және сәйкес өкілетік берілген қызмет;

3 3) қуаты аз мемлекеттік медициналық ұйымдар – жанұялық-дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, 100 орыннан аз төсекті стационарлар;

4 4) аурухана ішіндегі комиссиялар – медициналық ұйым аясында медициналық қызметтің түрлі бағыттары бойынша құрылатын комиссиялар;

5 5) қызметкер – медициналық ұйымның қызметшісі.

2 2. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметтің міндеттері

7 7. Медициналық көмектің сапасын басқару қызметі (бұдан әрі - Қызмет) әдістемелік көмек көрсету және келесі бағыттар бойынша персоналды оқыту міндетін жүзеге асырады:

1 1) ұйымда медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;

2 2) ұйымда жүзеге асырылатын процестердің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, соның ішінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестілігін бағалау;

3 3) ұйымды аккредиттеу ресіміне дайындау;

4 4) клиникалық аудит жүйесін енгізу - өткізілген емдеу-диагностикалау іс-шараларының белгіленген стандарттарға сәйкестілігін анықтау үшін жан-жақты ретроспективтік талдау;

5 5) қызметті талдау нәтижелері бойынша жұмыста кемшіліктердің алдын алу мен жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды әзірлеу.

3 3. Медициналық көмектің сапасын басқару қызметінің құрылымы

8 8. Мемлекеттік ұйымдарда Қызметке басшының емдеу (клиникалық) жұмыс мәселелерін үйлестіретін орынбасары немесе медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті орынбасары жетекшілік етеді.

9 9. Қызметтің құрамы мемлекеттік ұйымдарда мекеменің штаттық саны шегінде немесе штаттан тыс жеке келісім-шарт бойынша келесі тәртіпте бекітіледі:

аудандық деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда – ұйымға 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде – 100 және одан артық төсекке – ұйымға 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
аудандық деңгейдегі ана мен баланы қорғау ұйымдарында – ұйымға 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес, ана мен баланы қорғау бойынша қалалық, облыстық және республикалық деңгейде – 100 және одан аса төсекке – ұйымға 2 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
стационарлық және (немесе) амбулаториялық кеңестік-диагностикалау көмек көрсететін ұйымдарда 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін, бекітілген халық саны 50 мыңға дейін адамы бар ұйымдарда - 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес, 50 мың адамнан аса халқы бар ұйымдарда - 2 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
жылына 100 мыңнан 300 мыңға дейін шақыруға шығатын жедел медициналық жәрдем ұйымдарында - 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес.

10 10. 9-тармақта көрсетілмеген ұйымдарда сарапшы-дәрігер лауазымы санын халыққа көрсетілетін қызметтің саласына байланысты әкімшіліктің өзі анықтайды.

11 11. Қуаты аз мемлекеттік ұйымдарда медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі жауапты тұлға дәрігерлер персоналы арасынан тағайындалады.

12 12. Денсаулық сақтау ұйымдарында Қызмет меншік және ведомстволық бағыну формаларына тәуелсіз әкімшіліктің қарауы бойынша басымгерліктеріне, көрсетілетін қызметіне, қызмет ерекшелігіне байланысты қалыптастырылады.

4 4. Медициналық көмек сапасын басқару қызметінің функциялары

13 13. Қызмет медициналық көмектің сапасын басқаруда келесідей бағыттар бойынша ұйымның қызметін үйлестіреді:

1 1) пациенттердің қанағаттану деңгейін міндетті сауалнама арқылы зерделеп отырып, пациенттердің проблемаларын (арыздарын) пайда болуына сәйкес және оптималды мерзімде шешу;

2 2) ұйым қызметінің сапа көрсеткіштерін әзірлеу және талдау;

3 3) ұйымның кадрлік және материалдық-техникалық ресурстарының жағдайы және пайдалану тиімділігін бағалау;

4 4) денсаулық сақтау ұйымында (клиникалық аудит) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға сәйкестілігін бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

5 5) тегін медициналық кепілді көмек көлемін көрсету ережелерін сақтау;

6 6) жұмыстағы кемшіліктерді ескертуге, жоюға және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу;

7 7) ұйымдағы алдағы аккредиттеу ресіміне дайындау және одан өту.

14 14. Қызметтің функциялары:

1 1) өз процестері мен процедураларын бағалау, медициналық көмек сапасын бағалау индикаторларын қолдану, денсаулық сақтау стандарттарын енгізу бойынша ұйымның бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;

2 2) аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау;

3 3) ұйым басшыларына басқарушы шешім қабылдау үшін талдау барысында айқындалған проблемалар туралы ақпарат ұсыну;

4 4) медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйым персоналын оқыту және әдістемелік көмек көрсету

5 5) ұйымның өзінің мамандары пікірлерімен танысу және сапаны арттыру мен мекемеде пациенттердің қауіпсіздігін қамту шаралары туралы персоналға хабар беру болып табылады.

15 15. Қызмет негізгі міндеттері мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты сұрауға және алуға, сондай-ақ келесі ұсыныстар жасауға:

1 1) басқару жүйесін және медициналық көмек көрсету тәртібін жетілдіру бойынша;

2 2) медициналық көмектің сапасын арттыруға қатысатын қызметкерлерді марапаттау немесе пациенттің денсаулығына зиян келтірген немесе медициналық көмектің сапасына кері әсер ететін жүйелі бұзушылықтар мен жағдайлар анықталған кезде тәртіптік жаза шараларын қолдану;

3 3) денсаулық сақтау саласында алда аккредиттеу үшін бағалауға, сондай-ақ клиникалық аудитті, индикаторларды әзірлеу процедураларын, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестілігін талдау үшін аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша.

16 16. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын қамтуға жіберілген ұйым қызметкерлерінің функциялары ұйым басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарда регламенттелген.

5 5. Медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын өткізу тәртібі

17 17. Ұйымда ұйым басшысы бекітетін медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және үзбей арттыру бойынша бағдарламаны әзірленеді. Бағдарламаның қамтитындары:

1 1) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;

2 2) әрбір құрылымдық бөлімше бойынша ұйымның қызмет сапасын бағалау индикаторлары;

3 3) сапаны бағалау, сондай-ақ бөлімше қызметінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау индикаторларын пайдалана отырып, құрылымдық бөлімшелер қызметін талдау;

4 4) әр бөлімшенің қызмет көрсеткіштерін жақсарту бойынша нақты іс-шаралар;

5 5) жауапты адамдар мен орындау мерзімдерін анықтау;

6 6) бағдарламаны іске асырудан күтетін нәтижелер.

18 18. Бағдарламаны орындау барысы Қызметке 1 айда 1 реттен кем емес есеп бере отырып, ұйымның персоналы және басшылары өзін-өзі тұрақты негізде бағалау арқылы тұра бағаланады. Қызмет есепті талдап, нәтижелері бойынша ұйымның осы немесе басқа бөлімшесінде өзін-өзі бағалау сапасын бағалайды.

19 19. Өзін-өзі бағалау медициналық көмек көрсету тәртібін реттейтін нормативті-құқықтық актілерге, сондай-ақ диагностикалау және емдеу хаттамаларына (клиникалық аудит) және аккредиттеу стандарттарына сәйкестілігін анықтау үшін жүргізіледі.

20 20. Өзін-өзі бағалау және сырттай бағалауды жүргізу үшін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің де, ұйымның да қызмет ерекшелігін көрсететін, саны шектелмейтін медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторлары әзірленеді.

21 21. Бөлімшілер өз бетімен әзірлеген сапаны бағалаудың ішкі индикаторлары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторларын (бұдан әрі – уақытша индикаторлар) қосады және/немесе бөлшектейді.

22 22. Құрылымдық бөлімшелер мен жалпы ұйым қызметінің тиімділігін бағалау ішкі индикаторлар мәнін динамикасында бағалау арқылы жүргізіледі.

23 23. Ақпаратты жинау және сапаны бағалаудың индикаторларын талдауды бөлімше басшылары жүзеге асырады, бұл ретте әрбір индикаторға шекті мәні белгіленіп, олардың шекті мәннен ауытқуы анықталады.

24

24. Сапаны бағалаудың ішкі индикаторларын талдау нәтижелері бойынша ақпарат Қызметке тоқсанына 1 реттен кем ұсынылмайды. Индикаторлардың шекті мәннен күрт ауытқуы айқындалған жағдайда, Қызмет ұйымның басшыларына ақпарат беріп, тиісті бөлімшелердің қатысуымен оларды талқылауға және оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдауға бастама жасайды.

25 25. Көрсетілген медициналық қызметтің сапасы туралы пациенттердің пікірін талдау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Бұдан басқа, Қызмет жұмысының тиімділігі көрсеткішінің бірі ретінде осы ұйым пациенттерінің медициналық көмек сапасына шағымдарының саны болып келеді.

26 26. Қызметкерлердің сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсетуге дайындығын анықтау үшін ұйым мамандары арасында мақсатты сауалнама жүргізіледі.

27 27. Ұйымның бөлімшелері жұмысы бойынша Қызмет дайындаған жинақтық есеп аурухана ішіндегі тиісті комиссия отырыстарында талқылануға жатады.

28

28. Сыртқы индикаторлар ұйымның қызметін мемлекеттік денсаулық сақтау саласын басқарушы органдары бағалауы үшін қажет. Бұл ретте шекті мәннен күрт ауытқулар (жағымды немесе жағымсыз) медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.

29 29. Сыртқы индикаторлардың шекті мәндері, денсаулық сақтау саласын басқарушы жергілікті органы деңгейінде ұйымдар көрінісінде статистикалық және өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері негізінде бір жылда бір реттен кем емес есептеледі және бекітіледі.

30 30. Есептеу нәтижелері келісу үшін мемлекеттік медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша аумақтық бөлімшелерге 2009 жылғы 1 шілдеге қарай және одан әрі жыл сайын 1 ақпанға қарай ұсынылады.

1 Медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторлары

Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау ұйымдарында
медициналық көмек көрсету
сапасын басқару жүйесін жетілдіру
бойынша ережелеріне
1-қосымша
Медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторлары
N
Ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Ақ­па­рат­тың мер­зім­ді­лі­гі
Ақ­па­рат кө­зі
Шек­ті мәні
Ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер үшін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
1
Өт­кен ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да негіз­сіз ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де ау­ру­ха­на­ға бар­лық жат­қы­зы­л­ған­дар  са­ны ішін­де негіз­сіз ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зы­л­ған­дар са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Ста­ци­о­нар­лық сыр­қат­тың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы N 003/у ны­сан Ста­ци­о­нар­дан шық­қан сыр­қат­тың ста­ти­сти­ка­лық кар­та­сы N066/у ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет. Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді.
2
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­дар ара­сын­да­ғы өлім жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
Есеп бе­ру мер­зі­мін­де бар­лық жос­пар­лы тәр­тіп­те ке­ліп түс­кен­дер ара­сын­да­ғы ста­ци­о­нар­да өлім жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Есеп бе­ру де­ректе­рі, ста­ци­о­нар­лық ау­ру­дың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы N 003/у ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
3
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу жағ­дай­ла­рын­да опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі өлім жағ­дай­ла­ры
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бар­лық жос­пар­лы тәр­тіп­те опе­ра­ция жа­сал­ған­дар ара­сы­нан ста­ци­о­нар­да өлім жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Есеп бе­ру де­ректе­рі, ста­ци­о­нар­лық ау­ру­дың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы N 003/у ны­са­ны
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу жағ­дай­ын­да  ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
4
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де ана өлі­мі жағ­дай­ла­ры­ның са­ны, со­ның ішін­де бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер­ден:
- аку­шер­лік қан ке­ту;
- ге­сто­здар;
- тү­сік та­стау
Аб­со­лют­тік сан
Күн­де­лік­ті
Жүк­ті­лер мен ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да боса­ну­шы­лар мо­ни­то­рин­гі­нің N 2009/у-2 ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні бас­қа­ру­ға жа­та­тын се­беп­тер бой­ын­ша нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
5
Есеп бе­ру мер­зі­мін­де нә­ре­сте өлі­мі жағ­дай­ла­ры­ның са­ны, со­ның ішін­де бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер­ден:
- ты­ныс ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры;
- ішек ин­фек­ци­я­сы;
- іш­тей біт­кен да­му ақа­у­ла­ры;
- пе­ри­на­тал­ды мер­зім­нің се­беп­те­рі
Аб­со­лют­тік сан
Күн­де­лік­ті
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да 1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар мо­ни­то­рин­гі­нің де­ректе­рі N 2009/у-01 ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні бас­қа­ру­ға жа­та­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың ма­ғы­на­сы нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
6
Ау­ру­ха­на ішін­де­гі жұқ­па көр­сет­кіш­те­рі
Ау­ру­ха­на ішін­де жұқ­па­лар жағ­дай­ла­ры­ның тір­кел­ген са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Жұқ­па­лы ау­ру­лар­ды есеп­ке алу са­ны жур­на­лы N 060/у ны­са­ны
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
7
Қай­та түс­кен­дер­дің көр­сет­кі­ші (бір ау­ру бой­ын­ша бір ай ішін­де)
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­дар­дың са­ны ішін­де қай­та жат­қы­зы­л­ған­дар са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Есеп бе­ру де­ректе­рі, ста­ци­о­нар­лық сыр­қат­тың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы  N 003/у ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
8
Кли­ни­ка­лық және па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­дар­дың қай­шы ке­лу жағ­дай­ла­ры
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де­гі жағ­дай­лар са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық зерт­теу хат­та­ма­сы
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
9
Өт­кен жыл­дың осы уқы­ты­мен са­лы­стыр­ған­да негіз­ді ары­здар­дың жал­пы са­ны
Өт­кен ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да негіз­ді ары­здар­дың са­ны
Ай­ы­на 1 рет
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
Ал­ғаш­қы ме­ди­ка­лық-са­ни­тар­лық және кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер үшін ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
1
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да жал­пы өлім көр­сет­кі­ші, со­ның ішін­де ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жас­та­ғы­лар
Аб­со­лют­тік сан және 1 000 адам­ға шақ­қан­да­ғы көр­сет­кіш
Тоқ­са­ны­на 1 рет
Үй­і­нің ме­кен-жайы көр­се­ті­л­ген об­лы­стық ста­ти­сти­ка­лық бас­қар­ма­ның де­ректе­рі
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
2
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да ар­те­ри­ал­дық ги­пер­тен­зи­я­сы және жү­ре­гі­нің ише­ми­я­лық ау­руы бар­лар­дың жал­пы өлім көр­сет­кі­ші
Аб­со­лют­тік сан және 1 000 адам­ға шақ­қан көр­сет­кіш
Тоқ­са­ны­на 1 рет
Үй­і­нің ме­кен-жайы көр­се­ті­л­ген об­лы­стық ста­ти­сти­ка­лық бас­қар­ма­ның де­ректе­рі
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
3
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де ана өлі­мі жағ­дай­ла­ры­ның са­ны, со­ның ішін­де бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер­ден:
- аку­шер­лік қан ке­ту
- ге­сто­здар;
- тү­сік та­стау
Аб­со­лют­тік сан
Күн­де
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да­ғы ана өлі­мі мо­ни­то­рин­гі­нің де­ректе­рі N 2009/у-2 ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
4
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бе­кі­ті­л­ген аумақ­та тұ­ра­тын ба­ла кө­те­ру жас­та­ғы әй­ел­дер­дің тү­сік та­стау са­ны, со­ның ішін­де экс­тра­ге­ни­тал­ды па­то­ло­гия
Ба­ла кө­те­ру жас­та­ғы әй­ел­дер­дің тү­сік та­стау са­ны/әй­ел­дер­дің са­ны *1000
Ай­ы­на 1 рет
Жүк­ті­лік­ті үзу­дің ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы N 003-1/у ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет
5
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық­тың ара­сын­да нә­ре­сте өлі­мі жағ­дай­ла­ры­ның са­ны, со­ның ішін­де бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер­ден:
- ты­ныс алу мү­ше­ле­рі ау­ру­ла­ры;
- ішек жұқ­па­сы;
- іш­тей біт­кен да­му ке­мі­стікте­рі;
- пе­ри­на­тал­ды ке­зең­нің се­беп­те­рі
Аб­со­лют­тік сан және 1 000 ті­рі туы­л­ған­ға
Күн­де
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ды туы­л­ған­дар­дың, 1 жас­қа дей­ін­гі өл­ген ба­ла­лар ту­ра­лы де­ректер N 2009/у-01 ны­са­ны
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
6
Ба­ғыт есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық­ты қа­ра­ма­стан ем­де­у­ге жат­қы­зу­дың жал­пы дең­гейі
Ста­ци­о­нар­лар­дың де­ректе­рі бой­ын­ша 10 000 адам­ға шақ­қан­да­ғы есеп­теу
Ай­ы­на 1 рет
"АИС-Ста­ци­о­нар" де­ректер ба­за­сы
Ба­стап­қы­дан жыл қо­ры­тын­да­ла­ры бой­ын­ша көр­сет­кіш­тің тө­мен­де­уі Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
7
Ба­ғыт кө­зіне қа­ра­ма­стан есеп бе­ру ке­зе­ңін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да ар­те­ри­ал­дық ги­пер­тен­зи­я­сы және жү­ре­гі­нің ише­ми­я­лық ау­руы бар­лар­дың және ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған сыр­қат­тар­дың үлес сал­ма­ғы
Ста­ци­о­нар­дың де­ректе­рі бой­ын­ша 10 000 адам­ға шақ­қан­да есеп және осы ау­ру­лар бой­ын­ша "Д" то­бын есеп­теу
Ай­ы­на 1 рет
АИС-Ста­ци­о­нар" де­ректер ба­за­сы
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
8
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де ал­ғаш рет ай­қын­дал­ған ту­бер­ку­лез­дің фор­ма­сы бар­лар­дың са­ны
Ту­бер­ку­лез­ді ай­қын­дау үшін қа­ра­у­мен қам­ты­л­ған­дар са­ны­на есеп­теу
Ай­ы­на 1 рет
"Ту­бер­ку­лез" ау­ру­ла­ры ті­зі­мі П бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
9
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де 1-2 са­ты­лы сүт бе­зі­нің обыр ал­ғаш рет ай­қын­дал­ған ау­ру­лар са­ны
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де ал­ғаш рет ди­а­гноз қой­ы­л­ған ау­ру­лар­дың са­ны
Ай­ы­на 1 рет
"Он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру­лар­дың ті­зі­лі­мі" бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
10
1-2 са­ты­лы қы­нап мой­ы­ны обыр ау­руы ай­қын­дал­ған сыр­қат­тар­дың са­ны
Есеп­теу ке­зе­ңін­де ал­ғаш рет қой­ы­л­ған ди­а­гноз­дар­дың са­ны
Ай­ы­на 1 рет
"Он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру­лар­дың ті­зі­лі­мі" бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
11
Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем­ді ша­қы­ру­дың жал­пы са­ны, со­ның ішін­де ем­ха­на жұ­мыс іс­теп жа­тқан са­ғат­тар­да
10 000 адам­ға шақ­қан­да­ғы аб­со­лют­тік сан және есеп­тік көр­сет­кі­ші
Ай­ы­на 1 рет
Өңір­дің ме­ди­ци­на­лық ақ­па­рат­тық-тал­дау ор­та­лы­ғы
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді
12
Өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да есеп бе­ру ке­зе­ңін­де­гі негіз­ді ша­ғым­дар­дың жал­пы са­ны
Жал­пы өті­ніш­тер са­ны­мен есеп­теу
Ай­ы­на 1 рет
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы қа­жет
Ден­са­улық сақ­та­уды бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны дең­гей­ін­де есеп­те­ле­ді

Қолданыстағы