Об утверждении Правил организации социальных рабочих мест в Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации социальных рабочих мест в Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/17
- Қабылданған күні
- 26.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2009 44203_171878.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003306
- ЭКБ идентификаторы
- 44203
- Редакция идентификаторы
- 44203_171878
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:57
0 Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымша беріліп отырған Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
3 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақмола облысы әкімдігінің
26 қантардағы 2009 жылғы
№ А-1/17 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың
ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелері (бұдан әрі - Ережесі) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
2 2. Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
1 1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
2 2) уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрі - уәкiлеттi орган);
3 3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер тарайды.
4 4. Уәкілетті органдар жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастырудың тәртібі
5 5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушінің уәкiлеттi органмен жасасқан шарттың негізінде ұсыну немесе уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
6 6. Уәкілетті орган жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыру жөнінде шартқа отырысады, онда тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақысының көлемі мен талаптары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
7 7. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушіні анықтайды.
3 3. Әлеуметтік жұыс орындарын қаржыландырудың көздері мен жағдайы
8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін төлеу еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегі нақтылы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді.
10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына жұмыс берушілердің жұмсаған шығындары жергілікті (аудан, облыстық маңызы бар қала) бюджет қаражаты есебінен алты айдан аспайтын мерзімде ең аз жалақының 50 пайызы мөлшерінде, жергілікті (аудан, облыстық маңызы бар қала) бюджетінде қарастырылған қаржы аясында төленеді.