Об организации социальных рабочих мест в городе Приозерск для трудоустройства безработных из целевых групп
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест в городе Приозерск для трудоустройства безработных из целевых групп
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қаласында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/2
- Қабылданған күні
- 29.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2011 44205_178654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KR000134
- ЭКБ идентификаторы
- 44205
- Редакция идентификаторы
- 44205_178654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:54
0 Приозерск қаласында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, нысаналы топтар санатына жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздар үшін алты ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Приозерск қаласы кәсіпкерлерінің тізбесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (З.А. Медетбекова):
1 1) бекітілген тізбеге сәйкес, қаланың жеке кәсіпкерлерімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту жөніндегі үлгілік шарт жасауды іске асырсын;
2 2) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс істеуге келіскен жұмысқа жіберуді іске асырсын;
3 3) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек ақысы осы мақсатқа арналған бюджеттік қаржыдан төленсін;
4 4) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек ақысын жұмыс берушілер қаражаты есебінен Қазақстан Республикасында ең төменгі еңбек ақының 50 пайызы мөлшерінде төлеу ұсынылсын.
3 3. Приозерск қаласы әкімінің қаржы бөлімі (Қ.К. Қошқаралиев) бекітілген бюджетке сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.А. Қазиеваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
10 Приозерск қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 29 қаңтардағы
N 3/2 қаулысына қосымша
Нысанды топтың жұмыссызы үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Приозерск қаласының кәсіпкерлердің тізбесі
N
Жеке кәсіпкерлердің атауы
Жұмыс түрлері
Адам саны
1.
Жеке кәсіпкер "Варламов"
Жан-жақты жұмыскер
7
2.
Жеке кәсіпкер "Калауова"
Жан-жақты жұмыскер
4
3.
Жеке кәсіпкер "Оспанова"
Жан-жақты жұмыскер
2
4.
Жеке кәсіпкер "Касимкина"
Жан-жақты жұмыскер
4
Барлығы
17